СөЖ Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері


Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі27,5 Kb.
#117473
1   2   3   4
4. Мемлекеттік биліктің әсері және белгілері
Дaла өркениеті дала мәдениетінің және оның аса тұрақты бөлігі ретіндегі далалық тұрмыспен тығыз байланыста дамып отырды. Оның тамыры бастауын қола дәуірінен алып, сақ тарихи-мәдени қоғамдастығы кезеңінде негіздері орнығып, ал түркі мемлекеттік құрылымдарында одан әрі дамытылып, көшпенді тұрмыс уақыт пен кеңістік жағынан жоғарғы деңгейлі сабақтастық сипатына ие болады. Барлық этникалық және жергілікті нұсқаларда ұзақ тарихи кезеңдер арқылы сақталып келген мәдениеттегі стереотиптер кұрылады. Олар негізінен материалдық және рухани мәдениеттен, адамгершілік пен жүріс-тұрыс нормаларынан айқын көрініс табады.Дала өркениетінде ауыз әдебиеті саласындағы шығармашылықтың түрлі формаларының орны мен рөлі ерекше болды. Олар есте сақтау қабілеті мен шешендік өнердің дамуына, көркем шығарманың жоғарғы формалары болып табылатын батырлық эпостар мен лирикалық поэмалардың көптеп пайда болуына жол ашты. Егер отырықшы қоғамда батырлық эпостар мен лирикалық поэмалар ондықтармен саналса, көшпелі қоғамда бұл көркем жанрлар жүздікпен саналады. Қазақтың фальклорлық қорында аталмыш рухани мирастың саны бес жүзден асады.Сайып келгенде Ұлы дала құндылықтары Еуразия халықтарының рухани және материалдық асыл қазынасынан орын тапты.


5. Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары
Көшпелілер туралы түсінік aлдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жaзды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуропада да көшпелі ғұндарды «тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептеді. XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген.XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: «Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам».Көшпелілік кеңес ғылымында XX ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда, көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П. Чулюіиников деген зерттеуші: «Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ, тек рулық қауым болды», — десе, П. Кушнер: «Көшпелілерде «рулық мемлекет», феодализмнің бастапқы нышандары ғана пайда болды», — дейді.
XX ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С.П. Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, содан соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды». «Көшпелілердегі меншіктің негізі жер ме, мал ма?» деген мәселенің төңірегінде пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: «Көшпелілерде рулық қоғам қалдықтарымен араласқан феодалдық қоғам болды және феодалдық меншіктің жерге қатысты негізін жерге жеке меншік құрады», — дегенді айтты. Екінші бір топ зерттеушілер: «Еуразия көшпелілері патриархалдық-феодалдық қоғамда өмір сүрді, осы таптық қоғамдағы меншіктің негізгі түрі малға қатысты жеке меншік болды, ал жер рулық қауымның ортақ иелігінде болды», —деген пікірді ұстанды.
Көшпелі қоғамды зерттеуде қоршаған орта (табиғат) және адамның белсенді іс-әрекет мәселесі жиі қозғалып отырды. Олардың пікірі бойынша, далалы, шөлейтті, шөлді, таулы аймақтарды жайлаған халықтарда табиғат жағдайына қарай мал шаруашылығы, көшпелілік қалыптасқан. Осындай халықтардың бірі — қазақ халқы далалы, шөлейтті аймақты игерудің бірден-бір жолы мал шаруашылығы деп білген және осындай табиғи жағдайға икемделе өмір сүрудің тамаша үлгісін көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет