Сөж ми және психика. Сана күйлері. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана және өзіндік сана



бет2/2
Дата06.02.2023
өлшемі21,62 Kb.
#65689
1   2
Санасыз әрекет
Адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Қашан және қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері,түс көру,кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы Г.Лейбниц, В.Вундт, З. Фрейд т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік – белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін,бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері,қажеттіліктері, қылық себептері.

Сана құрылымы


Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады. Яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері – түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес ,қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі,ерік процестері – адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осын психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

Санасыздық пен сана іс-әрекетінің бірлігі


Сана мен іс-әрекеттің бірлігі – сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологиялық философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі – сана іс-әрекетті,іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы – психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым. 
Сана түсінігі психология саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан,яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі,құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке “өлшем” бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет