Сөж орындаған: Нұрлыбай Ж



Дата26.04.2023
өлшемі13,2 Kb.
#87059
Байланысты:
Нұрлыбай Жанерке сөж



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті



СӨЖ
Орындаған: Нұрлыбай Ж
Қабылдаған: Юсуп А
Тобы: 306
Факультет: Филология және көптілді білім беру
Мамандық: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
Әдеби-теориялық ұғымдарға байланысты тест құрастыру
1. Өлеңнен гиперболаны (әсірелеу) тап
А) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Ә) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне күн болмағанда кім болам?
Б) Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың ұқсайсың жас балаға.
В) Жақсаттанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім ием де сен.
Г) Өнер білім бар жұрттар,
Тастан сарай салдырған.
2. Баллада алғаш рет қай ғасырларда қалыптасты?
А) орта ғасырларда
Ә) қауымдық құрылыс кезінде
Б) неолит кезеңінде
В) рулық ғасырда
Г) тайпалық құрылыс кезінде
3. “Жаздың бір түні.Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.” Жүсіпбек Аймауытовтың “Қартқожа”романында берілген мәтін неге жатады?
А)пьеса
Ә)портрет
Б)парабола
В)сұхбат
Г)пейзаж
4.Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім…
Өлеңде қолданылған көркемдік тәсілді анықта
1) Теңеу
2) Қайталау
3) Ассонас
4) Алитерация
5) эпитет
5. Бірыңғай эпитеттерді белгіле
1) екі беті алмадай, басқан ізі аюдай
2) тарс-тұрс, дүңк-дүңк
3) қыздың жиған жүгіндей, тас бауыр
4) алтын сандық, алтын жаға
5) қызылды-жасылды, ақ пен қара
6.Сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын айшықтаудың түрі
А) Инверсия
В) Қайталау
C) Дамыту
D) Шендестіру
Е) Литота
7. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдеуіш, бейнелеуіш құрал
түрлері
Ән салсан, өзімдей сал аңыратып,
Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып,
Аккудай аспандағы әнді өрлетіп,
Қондырып қоңыр каздай мамырлатып.
А) эпитет
В) сатира
C) keйіптеу
D) Teңеу
Е) метафора
8. Теңеу үлгілері:
A) Бота көз
B) Күлгін қоламтадай
C) Алақандай көзін бір төңкерді
D) Сұңғыла қыз
E) Балықтай тұнжыраған халық
F) Қалың елім
G) Жоғарға ерні көк тіреп
H) Жастықтың оты
9.Шендестіру дегеніміз-
A) Айшықтаудың бір түрі.
B) Антитеза
C) Кереғар құбылыстарды қатар қою арқылы басқа бір құбылыс сипатын
елестету
D) Бүкпелей бейнелеу
E) Сөз аяқтарының үндестігі F) Кезекті қайталау үлгісі G) Ажарлаудың бір түрі
H) Дыбыс үндестігі
10. Анафораның жасалуы
А) жансызга жан бітіру, адамға тән мінез бен әрекет беру
В) Бүтіннің орнына белшскті немесе жалпының орнына жалқыны колдану С) Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын бірінің орнына бірін айту D) Заттың, құбылыстың айрықша сипатын анықтайтын суретті сөз
Е) Олең тармақтарындағы сез не сөз тіркесінің жол аяғында кайталануы
F) Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыра суреттеу
(G) Суреттеліп отырған затты өзге затқа не құбылысқа балау
Н) Олен тармақтарындағы сөз не сөз тіркесінің жол басында кайталануы 26.
11.. Шендестіру тәсілімен жасалған нұска(-лар)
А) Жаннан кымбат оларға ар
Мен жастарға сенемін.....
В) Айнадай сәуле беріп жарқыраған...
C) Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты...
D) Мен калың қара тоғаймын, табылуға оңаймын.
Е) Қарашақ, бүркіт кара, түлкі қызыл...
F) Таулардан өзен ағар сарқыраған...
G) Қара жерге қар жауар, қарды көр де етім көр...
12. Касым Аманжоловтың өлеңіндегі троптың және ұйқастың түрі
Сөзім - жыр, лебізім күй, ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім...
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің....
А) синекдоха, шалыс ұйқас
В) гипербола, кара өлең ұйқасы
С) метафора, кара өлең ұйқасы
1) метонимия, кезекті ұйқас
Е) кейіптеу, егіз ұйқас
13.Метафоралы катар
А) Ақ матадан, көк торғындай, ақша бұлт
В) Асау тайдай, жас балаша, күн көзіндей
С) Асау өмір, шалқыған өмір, өткінші өмір
D) Қаһарлы күн, бейбіт күн, ашық аспан
E) Жастык оты, жүректің көзі, мінер
14. Мен - арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын...
Үзінді авторы мен көркемдік тәсілі
А) Доспамбет, эпитет
В) Бұқар, метафора
C) Жиембет, ассонанс
D) Үмбетей, теңеу
E) Шалкиіз, кейіптеу
15.Қайталаудың түрлері
A) Дамыту
B) Еспе
C) Жай
D) Егіздеу
E) Түйдектету
F) Баяулату
G) Кезекті
H) Шендестіру



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет