Сөж пән: «Экономикалық-құқықтық және экоогиялық білім негіздері» Тақырып: «Қазақстан Республикасының әрекеттегі конституциясына сыртқы және ішкі талдау» Орындаған: Нургазина А. С. Топ: пп-101 Тексерген: Башаева Н. Д. Семей 2022ж. Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ
СӨЖ Пән: «Экономикалық-құқықтық және экоогиялық білім негіздері»
Тақырып: «Қазақстан Республикасының әрекеттегі конституциясына сыртқы және ішкі талдау»
Орындаған:Нургазина А.С.
Топ: ПП-101
Тексерген: Башаева Н.Д.
Семей 2022ж.
Кіріспе Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жаупкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады. (Бақұлов С.)
1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде үлкен рөл атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР-інің аумағы тәуелсіз аумақ деп танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстан Республикасының азаматтары ұлтына, тегіне, атқаратын қызметіне, тұратын мекеніне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие. Конституцияда Қазақстан мемлекетінің құрылысы, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну ұстанымдары айқындалды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы өтпелі кезеңнің негізгі заңы ретінде екі жыл өзінің миссиясын атқарып, ел тарихында қалды. Бұл кезде Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі Президент пен Үкімет билігінен күшті болуынан туындаған мемлекетті басқару жүйесі туралы мәселе шиеленісіп тұрды. Ақыры, Президенттің өкілеттігін кеңейту арқылы ел экономикасын реформалауды жеделдету қажеттігін жақтаған бағыт үстемдік алды.
Нәтиже елдің Негізгі заңын түбегейлі қайта қарауға алып келді.
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат – Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдарды тұжырымдап, бір арнаға келтірді.