Сөж пән: Сөз мәдениеті және оны оқыту


СӨЖ-4 Көркем мәтіндегі стилистикалық эффект



бет3/3
Дата24.11.2022
өлшемі22,48 Kb.
#52259
1   2   3
Байланысты:
ҚЛЫШБЕК ҚЫМБАТ СӨЖ

СӨЖ-4 Көркем мәтіндегі стилистикалық эффект

Тілдік білім құрылымы және семантикалық өріс мәселесі ақиқат болмыс пен тіл; тіл мен адам; адам мен ақиқат болмыс қатынастарына онтологиялық, гносеологиялық және лингвистикалық аспектілерде талдау жасауды қажет етеді.Бұл ретте сөздердің семантикалық өрісі, мәтіндік байлам, көркем шығарма тіліндегі көркемдік ой, сөздердің мағыналық астарының дискурс шеңберіндегі ойнақылығы, мағынаны құбылту сырлары, олардың көркем мәтін арқалаған эстетикалық идеяны ашуға қосар үлесі туралы айту керек. Тілдік бірліктер үш аспектіде қаралатыны белгілі: онтологиялық аспект, гносеологиялық аспект және лингвистикалық аспект. Онтологиялық аспект – объективті шындықтың мәні; гносеологиялық аспект - әлем бейнесінің адам санасында бейнеленуі; ал лингвистикалық аспект - олардың тілдік көрінісі. Ұғым – болмыстағы заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерінің адам санасындағы бейнесі. Ұғымдық категория болмыстың бейнесін танытады және бұл адамзат атаулыға ортақ болып табылады. Өйткені болмыс біртұтас және ондағы құбылыстар да барлық жерде бірдей. Ал болмыстағы әмбебап құбылыстарды тану, логикалық пайымдаулар адамзат үшін ортақ деуге болады. Сондықтан ұғымдық категория ойлау деңгейінің әмбебап категориясы ретінде сипатталады. Бұл ұғымдық категорияның тілден тыс тұратындығын көрсетеді және ол тіл құрылымына негіз болады. 
Көркем мәтін - құрылымы ерекше семиотикалық құрылым. Соған орай мәтіндегі тілдік таңбалар кодтар жүйесі ретінде қарастырылады. Мәтін – айрықша тілдік код, сондықтан оқырман санасында мәтіндегі тілдік кодты аша алатындай тілдік білімнің болуы шарт, өйткені автор айтпақ ой-сезімін тілдік бірліктер арқылы кодқа салады. Ал тілдік білім дегеніміз сөзді, оның мағыналарын, сөйлем оның мағыналары мен құрылымдарын білу дегенге саяды. «Оқырман – тілдік тұлға» мен «суреткер – тілдік тұлға» – нақты бір тілдің субъектісі. Тілдің дыбыстық, лексика-семантикалық, грамматикалық бірліктерінің мән-мағынасы мен қызметі, нормасы екеуіне де ортақ. Алайда автор дыбыстық,лексика-грамматикалық, т.б. бірліктерді діттеген мақсатына қарай іріктейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет