СӨЖ-3 Ғылыми мәтіннің тілдік ерекшеліктері мен нормалары Ғылыми стиль – стилисканың күрделі түрлерінің бірі. Өйткені ондағы тілдік элементтердің ерекшелігі тілдің барлық салаларымен тығыз байланысты болып келеді. Ғылыми мәтін құрылымы мазмұны мен мақсатына орай жанрлық түрлерге жіктеледі.
Әуелі жанр ұғымының өзіне тоқтала кетелік. Бұл терминнің қолданылатын саласы көп. Содан болар, бұл ұғымға берілетін анықтамалар да негізінен жалпы сипатта болып келеді. Жанр дегенде ең алдымен кез келген әдеби шығарманың өзіндік белгілері, сипаты бар түрлері еске түседі. Қазақ филологиясында бұл ұғымының лингвистикадан гөрі әдебиеттануда қойылысы басым. Көп уақыт бойы осы ғылым саласының еншісіне бөлініп келді. Әдебиеттануда шығарманың жанры, яғни кейіпі дегеніміз бірыңғай және біркелкі қиысқан өзгеше сипаттардың, ерекше образ жүйесінің, айрықша композиция құрылысының, лайық тіл оралымының, белгілі ыргақ, интонацияның т.б. нақты бірлігі” [1, 8-б] деп түсіндіріледі. 3. Ахметов жанрды “әдеби нұсқаларды тегіне, түр-түсіне қарай ажыратып бөлу негізінде” қалыптасатын ұғым деп санайды [2, 90-б.]. Жанр терминіне фольклортану тұрғысынан С.Қасқабасов былайша анықтама береді: Жанр дегеніміз — оқиғаны, идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы” [3, 17-6.]. Ғылыми проза синтаксисін зерттеуші С.Әлісжанов жанр ұғымының лингвистикада аз кездесуінің себебін прагматикалық бірлік ретінде қарастырылмауынан деп түсіндіреді .[4, 63-б.].
Орыс тіл білімінде ғылыми мәтінді жанрлық түрлерге ажырату жөніндегі көзқарастар бір арнаға тоғыспайды. Жанрлық топтастыру әрбір зерттеушінің қандай принциптерді негізге алатынына байланысты жасалып жүр.
Ғылыми тілдің жанрлары басқа жанрлық құрылымдардан, мысалы, құжаттық жанр түрлерінен ерекшеленіп тұрады. Кұжаттарда әрбір сөз, сөйлем ешқандай ауыспалы мәнсіз тура мағынасында жұмсалатын болса, оларға қарағанда ғылыми тіл жанрлары босаңдау келетіні рас, соңғысы өзінің құрамына көптеген тілдік нұсқаларды (оппозициялық құрылымдарды, синонимияны т.б.) енгізуі мүмкін. Сонымен ғылыми тіл жанрларының да қолданылу дәстүріне сәйкес өзіндік талаптары болады.