Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогигкалық Университеті, Филология
институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ
Пәні
: Қазақ тілінің сстилистикасы және оны оқыту
Тақырып:
«Әдеби тіл нормасы »
Орындаған:
Сатбай Дана
Тексерген:
PhD,аға оқытушы Иманқұлова М.А.
Мамандығы:
6B01701-Қазақ тілі және әдебиеті,205-топ
Алматы қ.,2023
Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып,
адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп
отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар
да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп
қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл”
теминдері қалыптасты.
•Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне
түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны
белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген
сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма
(литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс
тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы,
саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет
(поэзия, проза драма т. б.). Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы
қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық
арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты ,
болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен
Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана
шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана
білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл
қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген.
Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі
жасамақ.
Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір үғымды
білдірмейді. Өдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба
тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма
тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл — сөйлеуде және жазуда
пайдаланылып нормаланған. тіл-дік белгілер. Ал нормаяанған тілдің “қ а л ы
пт ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік
мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайьш, тұрпайы және жергілікті
ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби
тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда,
көркем шығарма тілі көрнекті орын алады. Көркем шығарма тілінің даму
тарихы бірден
Қай тілдің болмасын әдеби тілі өзінің ұлттык нормаларымен (белгілерімен)
ажыратылады. Қазак эдеби тілі өте ертеден келе жатқан аса бай ауызша
тараған профессионалдық деңгейге көтерілген көркем сөз дәстүріне иек
артып, ерекше орын алады.
Қазақтың әдеби тілі негізін жалпыхалықгык тілден, ұзак дәстүрлі ауыз
әдебиеті тілі мен ауызша дамыған ақын-жыраулар тілінен алады, бұлар бүгінгі
казақ жазба эдеби тілінің лексикалык казынасы мен көріктеуіш құралдарының
қайнар көзі. Осы үлгілер аркылы тілдік ұжымның сахнасында эдеби тілдік
норма туралы таным-түсінік пайда болды. Ең алдымен, бұл үлгілер халык
тіліндегі барды сұрыптау, таңдау, талғау аркылы әдебиет, мэдениет, ғылым,
қоғам қайраткерлерінің шығармашылығында колданынылып, эбден
тұракталғаннан кейін тілдік норма болып танылады.
Сондықтан әдеби тілдің көптеген тілдік бірліктері (единицалары) халық
тілімен бірдей (еншілес). Алайда халық тіліндегінің бәрі әдеби тіл нормасына
ене бермейді. Халық тілі мен әдеби тілді салыстырсақ, әдеби тілден тысқары
едэуір тілдік құралдарды байкауға болады.
Ал кейінгі ғасырларда (ХІХ-ХХ) қазақ эдеби тілі, өзге тілдер сияқты, ұлттық
жазба статусқа ие болып, оның функционалдық стильдері саралана түсіп,
эдеби тілдің белгілерін айқындай, ажырата түсті.
Әдеби тілдің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жүйесі толық айқындалды,
сөз байлығы түгенделіп, сан алуан сөздіктер кұрастырылды. Қазақ тілінің
терминдік жүйесі жасалды, орфографиялық жэне орфоэпиялық жағынан
нормаланып, әдеби тіл ретінде толысты.
Халықтың ұлттык жазуы, сөйлеу мэдениеті жоғарылаған сайын әдеби тілдің
мәдениеті де өсе түседі. Ал әдеби тіл дегеніміз — «тілдің өмір сүруінің ең
жоғаргы формасы» екендігі белгілі.Тіл мәдениетіне жат тілдік бірліктер
саналатын диалектизмдердің, карапайым сөздер мен сөйлеу тілі
элементтерінің әдеби тілді баламасы бола тұра орынсыз кыстырмалануы,
сондай-ақ эр түрлі әлеуметтік диалектілерлің (арго, жаргон, варваризмдердің)
қолданылуы, кыскасы, эдеби тіл нормасының бұзылуына жатады.
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің
құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты
нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады.
Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің
баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен
тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы
сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен
қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір күннің, тіпті бір
жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі.
Және
олар
тілдік
деңгейлерде
(фонетика, лексика,
сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис)
жеке-жеке
тілдік
бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық,
тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік
сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып
отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік
элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен
әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық
қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас
құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік
қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған
адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз
көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу,
адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым
алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби
тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас
құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік
элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты
нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші
тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар
арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал
сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем
жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол
арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз
тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |