2. ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ ҮШІН ЖОО-ҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі
3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
– ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;
– басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Заңның 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда, қабылдау тәртібін, нысанын, қосымша емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, түсушілер үшін өту балын айқындайды.
Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, сондай-ақ оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 01 мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.
Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
3. Жоғары оқу орнының оқытушылары және басқа қызметкерлерi
Жоғарғы оқу орны екіге бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік Факультет - бiр немесе бiрнеше ұқсас мамандықтар бойынша студенттер және аспиранттар дайындайтын, экономиканың, бiлiмнiң және мәдениеттiң тиiстi саласында басшы, инженер техникалық және педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыратын және де кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық ететiн жоғары оқу орынының оқу-ғылыми және әкiмшiлiк бөлiгi.
Факультеттi - ең беделдi, тәжiрибесi мол ғылыми дәрежесi не деңгейi бар мамандардан Ғылыми кеңесте 5 жылға сайланған - декан басқарады. Жекелеген жағдайларда деканды 1 жылдан артық емес мерзiмге одан әрi сайлану тәртiбi мен өзара келiсiм шарт жасау арқылы қызметке алуға болады. Факультет деканының қызметi екi реттiк мерзiммен шектеледi. Кафедра - студенттер арасында тәрбие жұмысын, бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша ғылыми-зерттеу, әдiстемелiк, оқу жұмыстарын, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi жүзеге асыратын жоғары оқу орнының негiзгi оқуғылыми құрылымдық бөлiгi болып табылады. Кафедраны, әдетте, профессор немесе ғылым докторы деген атағы бар, ЖОО (факультет) Ғылыми кеңесi 5 жылға сайланған кафедра меңгерушiсi басқарады.
Кафедра туралы типтiк Ереженi Бiлiм министрлiгi дайындайды. Факультеттер мен құрылымдық бөлiмшелер туралы Ережелердi ЖОО өздерi дайындап бекiтедi.
Ректор- мемлекеттiк жоғары оқу орны филиалының басшысы. Проректор, факультет деканы және кафедра меңгерушiсi қызметтерiн 65 жасқа дейiнгi адамдар атқарады. Көрсетiлген жастан асқан басшы қызметкерлер бiлiктiлiгiне сай келiсiм бойынша оқу, ғылыми және басқа қызметке ауыстырылады немесе белгiленген тәртiп бойынша зейнетке шығады. Ректорға, проректорға, ерiктi деканға жоғары оқу орыны филиалының, институт директорларына өзiнiң қызметiмен қатар жоғары оқу орынынан тысқары немесе iшiндегi (ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк басшылықтан басқа) басқару қызметiн атқаруға рұқсат етiлмейдi. Ректор, проректор, директор, ерiктi декан, кафедра меңгерушiсi өзiнiң мiндетiн қосымша қызмет есебiнде атқара алмайды, өкiлеттi органдардың депутаты және жергiлiктi басқару органдарының мүшесi бола алмайды, кәсiпкерлiк жұмыспен айналыса алмайды, оның iшiнде шаруашылық субъектiлерiнiң ұйымдастыру-құқықтық түрлерiне қарамай оларды басқаруға қатыса алмайды. Мемлекеттiк жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында: кафедра меңгерушiсi, профессор, доцент, аға оқытушы, оқытушы, ассистент, оқытушы-стажер; ғылыми құрамда: бас ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, кiшi ғылыми қызметкер қызметтерi қарастырылады.
Профессор-оқытушылар және ғылыми құрамның, оқу ғылыми бөлiмдерiнiң басшыларының орынын толтыру конкурс, келiсiм-шарт және еңбек шарты арқылы жүзеге асады. Оқытушылық лауазымға қабылдау немесе босату Бiлiм министрлiгi бекiткен "Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамын жұмысқа қабылдау және босату тәртiбi туралы Ереже" арқылы жүзеге асады. Жоғары оқу орынының оқытушылары Қазақстан Республикасы заңдары белгiлеген тәртiппен 6 сағаттық нормасыз жұмыс күнiн және ұзартылған, ақы төленетiн демалысты пайдалануға құқылы. ЖОО-ы профессор-оқытушылар құрамына, олардың бiлiктiлiгi мен қызмет ерекшелiгiне байланысты, өз бетiмен, оқу жүктемесiн белгiлейдi. Оқу жүктемесiнiң мөлшерi бiр ставка көлемiнде заңда белгiленген өлшемнен аспауы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |