Орындаған:Жумабай А.Р Қабылдаған:Бисембаева Н.А Тобы:ШТА-11 Павлодар 2023ж Ерік — адaмның өз мінeз-кұлкын саналы түрде мeңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жeке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Ерік-жігердің негізгі психологиялық функциясы - бұл іс-әрекетті саналы түрде реттеу негізінде уәждемені нығайту және жетілдіру. Іс-әрекетке қосымша импульс тудыратын нақты механизм - бұл оны жүзеге асыратын адамның іс-әрекеттің мағынасындағы саналы түрде өзгеруі. Іс-әрекеттің мәні әдетте ақыл-ой күштері арқылы мотивтер мен өзгерістермен күресумен байланысты. Ерікті әрекеттің қажеттілігі уәжделген әрекетті жүзеге асыру жолында кедергі туындаған кезде туындайды. Ерікті акт оны жеңумен байланысты. Алайда алдымен мәселенің мәнін түсініп, түсіну керек.
Ерік-жігердің немесе ерікті актілердің қалыптасуының келесі кезеңдерін бөлуге болады:
нақты қажеттілік туралы хабардар болу;
нақты қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігі туралы хабардар болу;
іс-әрекет мотивтерінің көрінісі (мотив - ынталандырушы күш);
шешім қабылдау жолындағы белсенділік мотивтерінің күресі;
Адамның мінез-құлқын ерікті реттеуді дамыту келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
еріксіз психикалық процестерді өз еркіне айналдыру;
адамның мінез-құлқын бақылауға алу;
тұлғалық ерік қасиеттерін дамыту.
Тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыру саласында ерік-жігердің дамуы бастапқы ерікті қасиеттерден екінші және одан кейінгі деңгейге дейінгі қозғалыс ретінде ұсынылуы мүмкін.Ерікті қасиеттердің дамуы адам саналы түрде өзіне қиын және қиын міндеттерді қоятындығымен және ұзақ уақытқа едәуір ерікті күш-жігерді талап ететін барған сайын алыс мақсаттарға ұмтылатындығымен көрінеді Әрбір адам өз алдына жеке тұлға, индивид. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі. Әрбір адамның өзінің әлеуметтік орны бар. Ол студент, оқушы, ана, әке, ұстаз т.б болуы мүмкін. Адамның өмірге келгендегі мақсаты мен арманы арқылы адамның кім екендігін байқай аламыз. Әрбір адамның өзіндік дамуы мен тұлға болып қалыптасуы үлкен рөл атқарады дегім келеді. Себебі, бүгінгі жас, ол ертеңгі ұрпақ. Ол – ертеңгі мемлекеттің болашағы яки маман иесі.
Бір сәтке белгілі бір тұлғаның кәсіби маман болғанға дейінгі кейіпіне үңілсек дегім келеді. Ол, өсе келе, өмірден алған сабақтарын ой – елегінен өткізіп, сан қиындықтар мен тосқауылдардан, толқыннан аман – есен өткен қайық секілді. Бұл жерде, айтпақ ойым – өзіңе деген сенімің мен ерік – жігерің.
Жалпы, адам өзінің армандаған арманы мен мақсатына міндетті түрде жетеді дегенді естуіміз бар, әлбетте. Тек, оны өздеріне сенгендер және талмай еңбектеніп, ақыл, қайрат, жігерді бірге алып, шыңды бағындыра алғандар ғана осы сөздің растығын мәлімдейді .
Адам үнемі жетіліп отыруы тиіс. Бұл ауқымды тақырып дер едім. Себебі, бұл тақырыпта бос уақытыңды қалай өткізген дұрыс, кітапты қалай таңдауға болады, тайм – менеджмент деген не, күнделікті әдеттер, пайдалы, ойлау қабілетің мен сананың ашылуына жол жасайтын кинолар немесе хобби, олар тым көп. Әрбір адам өзіне не қажет екендігін білмейінше, оны зерттеп түсінгенінше, өмір лезде, әп – сәтте өтіп кетеді дегім келеді. Өмірде белгілі бір нәрсеге деген қызығушылық пен жақындарыңа сыйлаған қайырымдылық пен жақсылық өмірге деген құлшынысыңды арттырады дегім келеді. Әркімнің өзінің шындығы бар, тек ақиқат біреу. Яғни, біреуге алты саны тоғыз болып көрінуі мүмкін.
Ал енді, әр маманның ерік – жігерінің бар болуы, ол өте маңызды болып табылады. Неге десеңіз, себебі маманның ерекшілігі оның кәсібилігінде, шеберлігінде дегім келеді. Ал, ондай дәрежеге жету тек мықтының мықтысында. Мысалға, өзімнің өмірлік тәжірибе сүйене отырып, бір ойға тоқталғым келіп отыр. Жетістікке жетіп, сан мадақтамалар алып, өз мақсатыңа жету – ол қиынның қиыны, тек өзіңнің сүйген ісің болса, ол бір қатты шаршап – шалдыққаннан кейін, дем алып, анаңның өзіңе берген, дәмі бал татыған шәй сияқты дегім келеді. Көрермендер тек жетістіктің өзін көреді. Ал, сол шыңның не болмаса әрбір айсбергтің астында оның негізі – қызықтары мен шыжықтары қатар жүретінін көре алмайды. Міне, ерік – жігері мықты, өзіне сенімді болу арқылы адам бағындырмас асуларды алады дегім келеді.
Осы тақырыпта табандылық, ерік – жігер, батылдық, ынталылық деп аталатын ұғымдарды атағым келеді. Іске қызығушылық ынталылық арқылы жүзеге асады. Ертең де бітіруге болатын істі, бүгін жасау табандылықпен жүреді. Тәуекелге барып, өзге адамдардың ойларына көңіл аудармау батылдықпен қатар жүреді.
Белгілі бір қасиеттерді дамыта отырып, еңбегіңнің жемісін көруіңе болады. Менің ойымша, ең маңыздысы ерік – жігер қасиеті, себеір әр істің қиыншылығы бар, ал осындай сәттерде ерік – жігер үлкен рөл атқарады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді. Себебі шығармашыл ұстаз ғана шығармашыл тұлғаны қалыптастыра алады деп ойлаймын.Ерік – жігердің мықты болуы адамның өзіне, еңбегіне және болашағына тығыз байланысты деп қорытындылаймын.