Радиоактивті қатарлардың барлығының соңғы элементі тұрақты (ерекше тұрақты) қорғасын мен висмуттың нуклидтері болып табылады.
Ядронынң орнықсыздығы Табиғатта затты құрайтын атомдардың ядролары негізінен тұрақты болады. Бірақ тұрақсыз ядролар да бар, оларда атом ядросын (протондар, нейтрондар немесе екеуі де) құрайтын бөлшектердің артық немесе жетіспеуі болады, бұл ядроның (ыдырау арқылы) басқа ядроларға.
Ядролардың тұрақсыздығы немен түсіндіріледі?
Үлкен ядролар үшін тұрақсыздық ядролық күштердің нуклондарды тартуы мен протондардың кулондық тебілуі арасындағы бәсекеге байланысты туындайды. Заряд саны Z > 83 және массалық саны A > 209 тұрақты ядролар болмайды.
Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңдары Радиоактивті ыдырау – негізінде статистикалық құбылыс. Берілген ядро қашан ыдырайтынын айту мүмкін емес, тек қана қандай да бір уақыт аралығында қандай ықтималдылықпен ыдырайтынын көрсете аламыз.
λыдырау тұрақтысы (немесе константасы)– уақыт бірлігіндегі ядроның ыдырау ықтималдылығын анықтайды. λ ыдырау тұрақтысыядроның құрылғанынан бастап өткен уақытқа тәуелсіз.
Ядро нақты бір t = 0 уақыт аралығында өмір сүрсін. Бұл ядромен қандайда бір t уақыт аралығында мынадай екі жағдайдың бірі орын ала алады:
ядро радиоактивті ыдырады және оның ықтималдылығы p(t)-ға тең
ядро радиоактивті ыдырамады және оның ықтималдылығы q(t)-ға тең
p(t)+q(t)=1 dt уақыт аралығында ядроның радиоактивті ыдырау ықтималдылығы p(t) нешеге тең екендігін анықтайық. t және t+dt уақыт аралығында ядро ыдырамас бұрын, ядро t уақытта ыдырап кетпеуі керек. Мұндай оқығаның ықтималдылығы dp(t)-ға тең болады: