Сөж тақырыбы: Қ. Жұбановтың буын теориясына қатысты концептуалды ойын жазу Орындаған


бір  дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбыісты буын, төрт дыбысты



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі322,9 Kb.
#132077
1   2   3   4
Байланысты:
Серик Ақерке 1

бір 
дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбыісты буын, төрт дыбысты 
буын. 
Сондай-ақ, қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайтыны 
туралы да айтады. 
Буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктегенде 2 түрлі буын болады: ашық 
буын, тұйық буын. Буынның аяғы дауысты дыбыспен тынса ашық буын 
дейміз, аяғы дауыссыз дыбыспен тынса тұйық буын дейміз. Бұлайша 
топтастыру алдыңғыға қарағанда дұрысырақ. Себебі, буынның ашық не тұйық 
екендігін білуімізбен буынның тілдік қасиеттерінің бірқатарын ұғып қаламыз. 
Сөйтсе де, бұл жеткіліксіз. таптастыруда мысалы, «аш», «шаш», «шарт» деген 
4 түрлі буынды бір қораға қамап, тұйық буын деген бір атпен айтамыз. 
Шындыгында бұлардың айырмасы бар. Бір ғана емес, күшті. 


Буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі 
буын болады: 

жалаң буын (тек дауысты)

ашық буын (дауыссыз-дауысты)

жеңіл тұйық буын (дауысты - дауыссыз)

жеңіл бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауысыз) 

ауыр тұйық буын (дауысты- дауыссыз- дауыссыз)

ауыр бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауыссыз- дауыссыз).
Жалаң буын
жалғыз-ақ дыбыстан жасалады, ол дыбыс та дауысты дыбыс 
болады. Мысалы: О, осының дұрыс! Ә-кел, ұ-зын. 
Ашық буын
екі дыбысты болады, алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты. 
Аяғы дауыстыға біткендіктен ашық деп атаймыз. Мысалы, мә!, жә!, су- ла-ма 
дегендегі буындар осы түрге жатады.
Жеңіл тұйық буын
алды ашық болып тұрып, аяғы дауыссызға тірелгендіктен, 
мұны тұйық буын дейміз Мысалы, ән, ат, өс, ер-ке, ән-ші, іс-кер деген 
сөздердің бас буындары осы жеңіл тұйық буын болып табылады.
Дауысты дыбыс ортада қалып, екі басы бірдей бітеу, дауыссыз болғандықтан 
бітеу
дейміз. Қар, жел, сол, жөн, түр, бәрінде бітеу буындар.
Осы айтылған буынның төртеуі - қазақ тілі буындарының негізгі түрлері 
болып саналады. Ең көп ұшырайтыны да осылар. Бұл төрт түрлі буынды бірге 
қосып, жеңіл буындар деп атаймыз. Себебі, бұлар құрылыстары жағынан 
ретті, айтылыстары жағынан ең жеңіл құрылған буындар. Ал қалған екі түрлі 
буынды ауыр буындар дейміз, өйткені оларда екі дауыссыз қатар келіп айту 
естілуді ауырлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет