Аналық тұқым жасушасы , Аналық жыныс жасушасы (лат. ovum — жұмыртқа, грек. kutos — жасуша) — аталық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын тұқым жасушасы (овоцит).
Аналық тұқым жасушасы төм. сатыдағы өсімдіктерде пісіп жетіледі. Оны оогониядеп, ал жоғ. сатыдағы өсімдіктердің Аналық тұқым жасушасын архегония деп атайды (қ. Архегоний). Аналық тұқым жасушасы жануарларда аналық безде дамиды. Аналық тұқым жасушасының цитоплазмасындағы қоректік зат (сары уыз) мөлш. жануарлардың әртүрлі тобында түрліше деңгейде жиналады. Осыған байланысты овоциттердің диам. 100 мкм-нен бірнеше мм-ге дейін жетеді. Ал жиналған сары уыздың мөлшеріне байланысты Аналық тұқым жасушасын олиголецитальды, мезолецитальды, полилецитальды деп 3 топқа бөледі. Сары уыз олиголецитальды Аналық тұқым жасушасында аз (мыс., ланцетниктер мен сүт қоректілерде); мезолецитальды Аналық тұқым жасушасында орташа; полилецитальды Аналық тұқым жасушасын да (мыс., қосмекенділер мен балықтарда) көп мөлшерде жиналады. Ағзадағы Аналық тұқым жасушасы ядродан, цитоплазмадан және қабықшалардан тұрады. Жыныстық көбеюде аналық және аталық тұқым жасушаларының қосылуынан пайда болатын зигота жасушасынан жаңа организм дамиды. Аналық тұқым жасушасының тұқым қуалау белгілерін ұрпақтарға таратуда маңызы зор.
Аналық жыныс жасушасы (яйцеклетка); (ovocytus; лат. ovum — жүмыртқа; гр. kytos- жасуша) — ядросында хромосомалардың жекеленген жиынтығы болатын, пісіп жетілген ұрғашы жануарлардың жыныс жасушасы. Сперматозоидтармен салыстырғанда аналық жыныс жасушасының (жүмыртқа жасушасының) саны аз, көлемі бірнеше есе үлкен келеді. Оның цитоплазмасында ұрықтың дамып жетілуіне керекті қоректік заттар — сарыуыз қорланады. Аналық жыныс жасушасының мөлшері жануарлар ұрығының даму ортасына (құрсақта немесе жұмыртқада) байланысты әртүрлі болып келеді. Себебі, ұрықтың даму ортасына сәйкес жыныс жасушалары да қоректік затгармен (сарыуызбен) түрлі мөлшерде (ұрығы жатырда дамып жетілетін жануарлар жыныс жасушаларына сарыуыздың көп қоры керек емес, ал ұрығы жұмыртқада дамитын жануарлар жыныс жасушалары қоректік заттармен көп мөлшерде қорланады) қорланады. Жыныс жасушаларының диаметрі, олардың цитоплазмасындағы қорекгік заттар қорының (сарыуыздың) мөлшеріне тікелей байланысты болып келіп, 100 мкм бірнеше см дейін өзгеріп отырады. Сарыуыздың мөлшеріне және жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу сипатына сөйкес жұмыртқа жасушасы бірнеше түрге бөлінеді.
Сарыуыздың мөлшеріне қарай аналық жынысжасушасы: олиголецитті овоцит (сарыуызы аз), мезолецитті овоцит (сарыуызы орташа) және полилецитті овоцит (сарыуызы көп) болып үш топқа бөлінеді. Ал сарыуыздың жұмыртқа жасушасы цитоплазмасындағы орналасу орны мен оның цитоплазмадағы таралуына байланысты аналық жыныс жасушалары: гомолецитті овоцит (сарыуызы цитоплазмада біркелкі таралған) және телолецитті овоцит (сарыуызы торша цитоплазмасының төменгі полюсінде — көп, жоғарғы полюсінде — аз) болып бөлінеді. Сүтқоректілер мен қандауьфшада (ланцетникге) аналық жыныс жасушасы: олиголецитті және гомолецитті овоциттер, қосмекенділер мен кейбір балықтарда — мезолецитті және телолецитті овоцит тер, ал бауырымен жорғалаушыларда, құстар да, жұмыртқасалушы сүтқоректілерде (ехидна, үйректүмсық) — полилецитгі және телолецитті овоциттер. Пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы ядросының ядрошығы ірі болып келеді. Ядрошық рибосомалар мен РНҚ-ның түзілуіне белсенді қатысады. Сүтқоректілераналық жыныс жасушасын сыртынан біріншілік қабықша — плазмолемма (сарыуыз қабық шасы) және оның сыртыңдағы екіншілік - фолликулалы қабық ша (аналық жыныс безі — жұмыртқалық жасушаларының туындысы) қаптайды. Бұлардыңаралығында мөлдір аймақ болады. Құстардың , бауырымен жорғалаушылардың, жұмыртқа салушы сүтқоректі жануарлардың аналық жынысжасушасы біріншілік және үшіншілік (жүмыртқа жолының өнімдері - ақуыз , әк қабық асты жұқа қабық , әк қабық ) қабықшалармен қапталған. Аналық жынысжасушасының халықаралық атауы — " овоцит ". Жұмыртқа жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақ болып келеді. Ол дене жасушасына тән құрылымдардан құралған. Бірақ, оның цитоплазмасында центросома (жасуша орталығы) органелласы болмайды, ядросында хромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Сүтқоректілер жұмыртқа жасушасын сыртынан екі қабық : тікелей біріншілік қабық (плазмолемма) және екіншілік қабық (фолликулалы қабық ) қаптайды. Аналық жыныс жасушасы ұрықтану арқылы жаңа организмнің пайда болуына қатысып, ұрыққа аналық организмнің тұқым қуалаушылық қасиеттерін жеткізеді.