Сөж тақырыбы: Бейресми және ресми қарым-қатынастағы стильдік бірліктер: сөз ықпалдастығы, стильдік нормадан ауытқу, ауызекі және публицистика стилінің негізгі ерекшелігі



бет4/6
Дата14.10.2023
өлшемі63,72 Kb.
#114776
1   2   3   4   5   6
1.Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар. Екі немесе одан да көп вариант болғанда, олардың біреуін талғап, таңдап қолдану қажеттілігінен бірнеше варианттың біреуі ғана норма деп танылады: көбі – көбісі емес, туралы – турасында емес, т.б. Кей жағдайда екі немесе үш вариант та норма деп танылады мұны/бұны, келуімен байланысты/келуіне байланысты. Алайда бұлардың ішінде қайсыбіріне артықшылық берілетін нұсқалары болады.
Сөйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бөлігі болады. Сөйлеу тілінің кодификацияланған нормалардан бөлек, өзіне тән нормасы бар: саған бірдеңелерді ала кеп едім тәрізді қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат болып есептеледі. Бірақ сөйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-ақ Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек, сөйлеу тілі мәтініне жат, сөйлеу тілінің нормасы емес.
2. Этикалық норма. Сөз этикасының нормасына а) моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген тілдесу нормалары мен ә) сөз этикетінің нормалары жатады. Сөз этикасы, сөз этикеті белгілі бір жағдаятта (ситуацияда) тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Сөз мәдениетінің этикалық компоненттері негізінен сөз актісінде, яғни өтіну, сұрау, ризалық білдіру, сәлемдесу, құттықтау, қоштасу, т.б. тәрізді белгілі бір мақсатқа көздеп айтылған сөз әрекетінде көрінеді.
Сөз актісі қоғамда қабылданған, лингвистикалық емес факторлармен байланысты ерекше ережелер бойынша жүзеге асады. Сөз актісіне қатысушылардың жасы, жынысы, олардың арасындағы қарым-қатынастың ресми, бейресми түрімен байланысты. Егер сәлеметсіз бе, амансыз ба, аман-есенсіз бе, сау болыңыз, т.б. жағдай таңдамайтын бейтарап реңкте болса, сәлем бердік, хал-ахуал қалай дегендерді, жасы қатарлас коммуникаторлар арасында болмаса, кез келген жағдайда қолдана беруге болмайды. Сондай-ақ кітапты әперіңізші дегенмен кітапқа қол жалғап жіберіңізші деген өтініштің сыпайылық реңкі бірдей емес.
Қоғамда қалыптасқан этикалық норма бойынша, қандай жағдайда болмасын, бейпіл сөз айтуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Біреуге дауыс көтеріп айғайлау, зіркілдеу, т.б. жағымсыз реңктегі интонациялық құралдардың қолданылуы сөз мәдениеті үшін теріс әркеттер деп бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет