Сөж тақырыбы: Бейресми және ресми қарым-қатынастағы стильдік бірліктер: сөз ықпалдастығы, стильдік нормадан ауытқу, ауызекі және публицистика стилінің негізгі ерекшелігі



бет3/6
Дата14.10.2023
өлшемі63,72 Kb.
#114776
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сөж

Тілдік тұлға мәселесі лингвоэкологиялық бағыттағы іргелі ұғымдардың бірі. Ана тілін тұтынушылардың әлеуметтік сипаты, олардың саны мен сапасы, әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлерін меңгеру дейңгейінің жоғары болуы тілдік ортаның бекем болуына, дамуына қолайлы факторлардың бірі ретінде әсер етеді.
Сөз мәдениеті – тілдік тұлғаның ұлттық әдеби тілді, оның функционалдық тармақтарын, әр тармақтың салаларын, әр саланың жанрларын өз харекетінде, өз тәжірибесінде қолдана білу дағдысы, білімі, біліктілігі тәрізді сапалардың жиынтығы туралы ғылыми пән.
Тілдік тұлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қоймайды, тіл арқылы ақиқаттың өзін реционалды, эмоционалды мақсатта қайта бейнелейді. Ол өз санасында ақиқатты “тіркеуші” пассив субъекті емес, оны санада қайта жасаушы, модельдеуші қасиетке ие белсенді харакет иесі. Осымен байланысты тілдік тұлға тілдегі барды қолданумен бірге жаңа сөздерді, абстракті синтаксистік модельдерді де жасайды.
Тілдік ортада мәдени-тілдік дәстүрдің, оның нормаларының қалыптасуына тілдік тұлға әсер етеді. Этнотілдік мәдени нормаларды ойлау харекетінде, сөз харекетінде қолданады, этнотілдік ұжымның әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктерін игеріп, сөз қолданыста пайдаланады. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды біртуар жазушы-ғалымдар – жұртшылық идеал тұтатын, тілдік тұлғалар. Олар әдеби элитарлық топтың өкілдеріне жатады.
Әдеби тілдің нормаларын кодификациялаудың негіздері” деп аталатын екінші тарауда тілдік норма және олардың негіздері, нормаға тән сипат, норманың түрлері мен типтері, “норма” мен “норма емес”-ті айқындаудың жолдары мен әдістері көрсетіледі.
“Сөз мәдениеті” деген ұғым 1) тілдік норма; 2) этикалық норма; 3) коммуникативтік норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік қарым-қатынастың белгілі бір жағдаятына қарай, сөз саптау этикасын сақтай отырып, коммуникативтік мақсатқа тиімді түрде жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей тілдік құралдарды талғау, саралау, олардың басын қосып, біріктіруде әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет