Герофил - ежелгі грек анатомы және хирургі. Ол жүйелі аутопсияны бірінші болып жүргізді.Аутопсия жүргізе отырып, Герофил алдымен (torcular Herophili) зерттеді, онда бастың самай бөлігінің барлық вена тамырлары жиналады. Ол сондай-ақ кеуде қуысының арнасын, оның мақсатын білмесе де, сипаттады және ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелерін өз уақытына ең дәл сипаттамаларын қалдырды.
Үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері
Эрасистрат тамырлар мен нервтердің рөлін зерттеп, олардың адам ағзасында орналасуын анықтады. Эрасистрат жануарлар миы мен адам миының беттік құрылымын салыстырып, интеллектуалды қабілеттерінің жоғарылауымен байланыстырды. Эрасистраттың физиологиялық теориясына сәйкес ауа ағзаға енеді, содан кейін өкпе оны жүрекке апарады, онда ол өмірлік күшке айналады, оны артериялар бүкіл денеге жеткізеді.