Сөж тақырыбы: Бірінші хирургиялық өңдеу


Салу мерзіміне байланысты тігістердің жіктелуі



бет2/4
Дата01.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#97681
1   2   3   4
Байланысты:
472716.pptx

Салу мерзіміне байланысты тігістердің жіктелуі

  • Біріншілік (глухой) тігіс ерте хирургиялық өңдеу кезінде салынады.
  • Біріншілік кешіктірілген тігіс жарақатты тазалап, ісігі қайтқаннан кейін 4-7 күндерде салынады. Жарақатқа дренаж қойылады.
  • Ерте екіншілік тігіс – 8-15 күні жарада грануляциялық тін пайда болғанда салынады. Грануляциялық тінді алмай тігіс арасына дренаж қояды.
  • Екіншілік кешіктірілген тігіс – 20-30 тәулікте қабыну белгілері жоқ тыртықтанып жатқан жарақатқа салынады.

Біріншілік хирургиялық өңдеудің кезеңдері

  • Жарақатты тілу (рассечение);
  • Жарақат каналының ревизиясы;
  • Шетін, түбін, қабырғаларын кесу (иссечение);
  • Жарақаттың бүтіндігін қалпына келтіру;
  • Тігіс салу.

Біріншілік хирургиялық өңдеудің кезеңдері

Жарақатты тілу және ревизия

  • Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды.
  • Жарақаттың шеттерін өткір немесе пластиналы ілгекті-ретракторлармен ашамыз. Жалпы хирургияда жарақаттың беті қатты жарақатталмаған, бірақ тереңде орналасқан тіндердің қатты жарақаттануы байқалса, оларға жету үшін жарақаттың бетін тілу арқылы кеңейтеміз. Бет жарақаттарының ерекшеліктері кеңейту жүргізілмейді, себебі қан тамыр мен нервтерді зақымдап алу қаупі бар.

Жарақаттың шеттерін кесу

  • Жарақаттан бөтен заттарды алып, қан ұйындыларынан тазалап, жуғаннан кейін жарақаттанған тіндердің шекарасын анықтап, кесіп алып тастайды.
  • Жарақаттарда түсіне қалыңдығына байланысты тек өлген тіндер ғана алынады. Мимикалық және шайнау бұлшық еттердің зақымдану дәрежесін анықтау керек , тітіркендіргенде жиырылмайтын қара, босаң бұлшық ет бөліктері алып тасталынады, ал олардың сақталған талшықтарын жақындатып тігеді. Терінің шеттерін зигзаг, фестонды (фестончатые) етіп тігу керек, өйткені болашақта тыртығы онша көрінбейтін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет