Сөж тақырыбы: Бүркелген депрессия Орындаған: Мелдебек А. Тобы: 808 – жм



бет2/3
Дата22.04.2023
өлшемі1,79 Mb.
#85696
1   2   3
Байланысты:
Бота психсрс

Бүркелген депрессия

Бүркелген депрессия (маскированная депрессия) - соңына дейін аяқталмайтын, толық емес, айқын емес психопатологиялық синдромдар болып табылады

Факультативті белгілердің құрылымы мен ауырлығына байланысты әртүрлі түрлерін қарастырамыз:

  • Алгико-сенестопатиялық түрі.
  • Агрипникалық түрі.
  • Вегетативті висцеральды түрі.
  • Психопатиялық түрі.
  • Наркоманиялық (дәрілік) түрі.
  • БД жыныстық бұзылулармен.

Факультативті белгілер көптеген жағдайларда алгик компоненті бар әртүрлі сенестопатиялармен ұсынылған. Олар пациенттердің шағымдарының негізгі мазмұны болып келеді. Әртүрлі сенестопатиялармен, парестезиялармен, алгиялармен сипатталады.
Алгико-сенестопатиялық түрі.
Локализациясына байланысты:
  • Цефалгиялық - бастағы
  • Кардиалгиялық – жүрек аймағындағы
  • Абдоминальды – іш қуысындағы
  • Артралгиялық - буындардағы

Бүркемелі депрессияның агрипникалық түрі қатты ұйқының бұзылуымен көрініс береді: шаршау, көңіл-күйдің төмендеуі және летаргия кезінде ұйықтаудың қиындауы, үстүрт ұйқы, ерте ояну, ұйқыдан соң демалу сезімінің болмауы және т.б.
Агрипникалық түрі
Ең ауыр вегетативтік-висцеральды бұзылыстары бар науқастарда: пульстің және қан қысымының тұрақсыздығы, дипноэ, тахипноэ, қалтырау немесе қызба, гипергидроз, субфебрильді температура, дизуриялық құбылыстар, дефекацияға жалған шақыру, метеоризм және т.б. Пароксизмальды табиғаты мен құрылымына сәйкес олар диэнцефалиямен ұқсас болуы мүмкін, сонымен қатар гипоталамус пароксизміне, бронх демікпесі эпизодтарына немесе вазомоторлы аллергиялық бұзылыстарға ұқсайды.
Вегетативті висцеральды түрі.
Ол мінез-құлық бұзылыстарымен көрінеді, көбінесе жасөспірімдер мен жастарда: жалқаулық кезеңдері, үйден кету, бағынбау кезеңдері және т.б.
Психопатиялық түрі
Ол пациенттердің субъективті жағдайын уақытша жеңілдетуге әкелетін алкогольдік немесе есірткілік уланудың субдепрессиямен кездейсоқ немесе әдейі үйлесуі нәтижесінде пайда болады. Алкогольді немесе есірткіні қабылдау жүйелі (кейде күнделікті) сипатқа ие бола бастайды және төзімділік жиі артады. Мұның бәрі есірткіге тәуелділіктің негізгі синдромына, алкогольдің немесе есірткінің әсеріне психикалық немесе физикалық тәуелділікке ұқсауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет