Сөж тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған: Сатыбалдиева П. О. Тексерген: Хунанбай А. Алматы, 2022 жыл мазмұНЫ



бет5/7
Дата23.12.2023
өлшемі35,08 Kb.
#143105
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сөж тақырыбы Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған -emirsaba.org

2.3. Етістіктің етіс категориясы

Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі катынасын білдіретін, белгілі косымшалар жүйесі аркылы жасалатын етістіктің лексика- грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың косылу аркылы жасалады. Етіс категориясы кимылдың субьекті мен обьектіге эр түрлі катынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.


Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне карай жұмсалады. Ягни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш кызмет аткарып тұрған етістік өздік етіс тұлгасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында эрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сакталатындыктан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс кимыл, іс-әрекеттің субьектісіне карай бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н косымшасы косылу аркылы жасалады. Бірак барлык сабакты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнагы тек кимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне карай бағыттала алатын сабакты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс косымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тэн қосымша ретінде өзі жалғанған сабакты етістікті салт етістікке айналдырып кана коймайды, ол жалганған етістік сөйлемдегі бастауыштың эрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де білдіреді. Өздік етістің бастауышы кимыл иесінің кызметін өзі атқаратындыктан, оның кимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет