Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындыгын көрсететін етістіктін түрін айтады. Ырыксыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л косымшасы (түбір кұрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс- эрекеттің өздігінен орындалатын мэн үстеп, қимыл, іс-эрекеттің тура обьектісі оның грамматикалык бастауышы болу кызметін аткарып тұрады да, ырыксыз етіс жұрнагы жалғанған сабакты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде кимылды аткарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады- Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелік те жерлері барын былай көрсетеді: «Ұқсастыгы: 1) қосымшалардың кейде бірдеи болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байкалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылыгы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект — грамматикалық субьект (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалык обект болады»
Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» — деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, ягни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-эрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс- әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірак ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау түлғада тұрып сөйлемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл эрі логикалық субьекті, эрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-эрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект — агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жагынан бастауыш емес, сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес, септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан — субьекті, бірақ іс-эрекетті (жазу) тікелей өзі аткарған жоқ, оны атқарған — баласы (агенс).
Ортақ етіс. Етістің ортак етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақтьі етістік тұлғаларынан арнайы -ыс, -іс, -с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-эрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатының білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен косымшасының ерекшелігі — етістіктің салттылық- сабақтылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді. Дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі — сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадагы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы аркылы жасалған туынды түбір тұлға. Яғни бұл сөздердің тұлғалық ұқсастыгы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөз тудыратын морфема.