Сөж тақырыбы: Жылу сәулелену. Стефан-Больцман заңдары. Планк формулалары. Орындаған: Куанышбаев С. А. Сәулелі жылу алмасу


Егер А = 1, онда R = 0 және D = 0; бұл түскен барлық сәулелі энергияның денемен толық сіңірілетінін көрсетеді. Мұндай денелер абсолютті қара денелер деп аталады. Табиғатта абсолютті қара денелер болма



бет4/12
Дата31.03.2022
өлшемі170,39 Kb.
#29489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Егер А = 1, онда R = 0 және D = 0; бұл түскен барлық сәулелі энергияның денемен толық сіңірілетінін көрсетеді. Мұндай денелер абсолютті қара денелер деп аталады. Табиғатта абсолютті қара денелер болмайды.

Егер R = 1, онда А = 0 және D = 0; бұл түскен барлық сәулелі энергияның денемен толық шағылатынын көрсетеді. Егер шағылған сәуле дұрыс болса дене айналы деп, ал шағылу диффузиялы болса – абсолютті ақ дене деп аталады. Абсолютті ақ дене де болмайды, бірақ кейбір материалдың шағылыстыру коэффициенті өте жоғары болады (R=0,95).

Егер D = 1, ал А = R = 0 болса, онда түскен сәуле толығымен дене арқылы өтеді, мұндай денелер мөлдір немесе диатермиялық деп аталады.

  • Сонымен, табиғатта абсолютті қара, ақ және мөлдір денелер болмайды екен, дегенмен нақты беттіктермен салыстыру үшін бұл ұғымдар өте маңызды болып табылады.

Дененің нәтижелі сәулеленуі өздік сәулесі мен сырттан түсетін сәуленің осы дене жұтатын бөлігі арасындағы айырмамен анықталады: Енәт = Е1 – А1Е2. Сәулеленудің нәтижелі ағыны оң, теріс және нөлге тең (тепе-теңдікті сәулеленуде) шама бола алады. Дегенмен, қаралып отырған денеге басқа денелер тарапынан сәулелі энергия түседі, мөлшері Е2.

  • Дененің нәтижелі сәулеленуі өздік сәулесі мен сырттан түсетін сәуленің осы дене жұтатын бөлігі арасындағы айырмамен анықталады: Енәт = Е1 – А1Е2. Сәулеленудің нәтижелі ағыны оң, теріс және нөлге тең (тепе-теңдікті сәулеленуде) шама бола алады. Дегенмен, қаралып отырған денеге басқа денелер тарапынан сәулелі энергия түседі, мөлшері Е2.
  • Бұл сәуле құлама сәуле деп аталады. Түскен сәуленің бір бөлігі (мөлшері А1Е2) денемен жұтылады. Ол жұтылған сәуле деп аталады, қалған бөлігі (1 – А1)Е2 мөлшерінде шағылысады – шағылмалы сәуле. Дененің өздік сәулесі денеден шағылған сәулемен қосылып дененің тиімді сәулеленуін береді, оның шамасы Етиім = Е1 + (1 – А1)Е2 тең. Дененің бұл сәулеленуін біз сезінеміз немесе аспаптармен өлшей аламыз.
  • Егер денеге сырттан ешқандай сәуле түспесе, дененің бет бірлігінен энергияның сәулелі ағыны шығады Е1, Вт/м2. Ол дененің физикалық қасиеттерімен және температурасымен анықталады. Бұл дененің өздік сәулесі . Тиімді сәулелену сәуле шашатын дененің физикалық қасиеттері мен температурасына ғана емес, сонымен қатар қоршаған денелерге, оның пішініне, мөлшеріне және дененің кеңістікте орналасуына да тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет