Сөж тақырыбы: Жылу сәулелену. Стефан-Больцман заңдары. Планк формулалары. Орындаған: Куанышбаев С. А. Сәулелі жылу алмасу


мұндағы h – Планк тұрақтысы, h ≈ 6,63·10-34 Дж·с



бет2/12
Дата31.03.2022
өлшемі170,39 Kb.
#29489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

мұндағы h – Планк тұрақтысы, h ≈ 6,63·10-34 Дж·с.


Электрмагниттік сәулеленудің барлық түрінің табиғаты бірдей, тек қана толқын ұзындығымен ерекшеленеді. Толқын ұзындығының интервалдарына тәуелді космостық, γ – сәулелену, рентгендік, ультракүлгін, көрінетін (жарық сәулелері), инфрақызыл және т. б. бөлінеді.

Жылу алмасу үшін маңыздысы – затпен сіңірілу кезінде жылуға және кері түрленетін энергиялы сәулелену. Мұндай қасиеттер толқын ұзындығы 0,4-тен 800 мкм дейінгі сәулелерде байқалады. Бұл сәулелену жылулықты деп аталады. Ол көрінетін (жарық) сәулеленуден (0,4-тен 0,8 мкм дейін) және инфрақызыл сәулеленуден (0,8-ден 800 мкм дейін) тұрады. Температураның 2000 оС аймағында жылу алмасудағы басты рөлді екіншісі, яғни инфрақызыл сәулелену атқарады.

Жылулық сәулелену барлық денелерге тән, олардың әрқайсысы қоршаған кеңістікке энергиясын сәулелендіреді. Басқа денеге түскенде бұл энергияның бір бөлігі сіңеді, бір бөлігі шағылады, ал бір бөлігі дене арқылы өтеді. Сәулелі энергияның денеге сіңірілген бөлігі қайтадан жылуға айналады. Ал шағылған бөлігі басқа денелерге түсіп, сіңеді және сәуленің дене арқылы өтетін бөлігі де осы бірізділікте болады. Осылай бірнеше сіңірілгеннен кейін сәулелі энергия қоршаған денелер арасында түгелімен таралады, яғни әрбір дене тек үздіксіз сәулеленбейді, сонымен қатар сәулелі энергияны үздіксіз сіңіреді.

  • Энергияның екі жақты осылай түрленуіне байланысты құбылыстың нәтижесінде (жылулық – сәулелену – жылулық) сәулелі жылу алмасу процесі өтеді. Берілетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері денеден шашылатын және сіңірілетін сәулелі энергиялардың мөлшерлері арасындағы айырмамен анықталады. Егер сәулелі энергияны өзара алмастыруға қатысатын денелер температурасы әртүрлі болса, онда бұл айырма нөлден өзгеше болады.

Вт/м2

Дене бетінен бір уақыт бірлігінде толқын ұзындығының бүкіл интервалында (=0-ден = дейін) сәулеленетін энергия мөлшері сәулеленудің интегралдық (толық) ағыны Q (Вт) деп аталады. Толқын ұзындығының өте тар интервалына сәйкес келетін сәулелену монохроматикалық деп, ал дене бетінің бірлігінен уақыт бірлігінде сәулеленген энергияның мөлшері дененің сәулелену қабілеті Е (Вт/м2) немесе интегралдық сәулелену тығыздығы деп аталады.



Сәулелі ағындар түрлері

Дененің сәулеленудің белгілі бір толқынына келтірілген сәуле шашу қабілеттілігін сәулелену қарқындылығы J (Вт/м3) деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет