Сөж тақырыбы: Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын талдау Орындаған: Қалекес Асылхан Алматы 2023



бет2/2
Дата30.03.2023
өлшемі41,68 Kb.
#77804
1   2
Байланысты:
Кәсіпкерлік 2 срс

S - Мықты жақтары(ішкі, жағымды тұстары).

* Жұмыскерлеріне барлық жағдайды жасайды, арақатынастары жоғарғы деңгейде.
* Мол тәжірибесі бар мамандар жиналған.
* Нарықта жақсы жағынан қалыптасқан орны бар.
* Сапалы өнімдер мен тауарлар шығарады.
* Бәсекелестері мен салыстырғанда сенімді компания.
* Қаражаттандыру жағы жоғары.



  1. W - Әлсіз жақтары(ішкі, жағымсыз тұстары).

* Әртүрлі бағытта жұмыс жасағандықтан, бір нарықта жетекші емес.
* Заман талабына сай интернетпен жұмыс жағы төмен.
* Маркетинг бөлімі нашар.
* Тауарлар туралы мәліметтер анық көрсетілмеген.
* Техникалық тұстары нашарлау.



  1. O - Мүмкіндіктер(сыртқы, жағымды тұстары).

* Бірнеше елдердің тауар нарығында өсу қарқыны жоғары.
* Бірнеше елдердің нарығында төлем қабілеттілігі жоғары. (валютаға байланысты).
* Компанияның дайын өнімдеріне сұраныс өсуде.
* Жергілікті өкіметтен жаңа өнімдер шығаруға қолдау бар.



  1. T - Қауіптер(сыртқы, жағымсыз тұстары).

* Шикізаттың бағасының өсу қауіпі бар.
* Валютаның өзгерістерінің қауіпі (құнсыздану).
* Тауарлардың уақытында жеткізілмеу қауіпі бар.
* Алыс аймақтарға тасымалдау қауіптері.
* Экономиканың төмендеу қауіпі.
* Дайын өнімдерге бағаның төмендеу қауіпі.

SWOT талдау бойынша, компанияның мықты тұстарының көбірек екенін байқай аламыз. Алайда, оның қазіргі заман талабындағы маркетинг денгейінің төмен екенін көреміз. Оны шешу үшін алдағы уақытта жеке сайттары мен интернет желілерінде дамуды қолға алса дұрыс болатын еді. Ал сыртқы мүмкіндіктеріне келсек, мемлекет компанияға қолдарынан келгенше көмек көрсетуге де дайын және көршілес елдерде компанияның тауарларына сұраныс бар. Бірақ, барлық уақытта да жаңа шешімдер тәуекелді қажет етеді. Менің ойымша, компания ұзақ жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, сыртқы қауіптерді оңай шеше алады.
Екінші PESTLE талдау. Ең бірінші, елдегі, жергілікті аймақтағы, көршілес нарықтағы саяси факторлардың компанияға әсерін қарастырамыз. Олар:

  • әртүрлі тауарларға(сүт өнімдері, шырын, т.б) қатысты заң жүзіндегі өзегерістер мен регламенттер тауардың өзгерісіне және бағасының төмендеуіне немесе өсуіне алып келеді;

  • Тауарларға, компанияға мемлекеттік жаңа салық түрлері немесе салықтардың өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайын төмендетеді және таза табысты азайтады;

  • Кедендік мәселелер мен кедендік салықтарға байланысты өнімдер мен тауарлардың бағасының өсуі орын алады;

  • Мемлекет орташа жалақы мөлшерін көтеруі мүмкін, онда компаниядан жұмыскерлерінің айлығын көтеруге тура келеді;

  • Көршілес елдердің экспортқа салатын салықтарының артуы немесе тауар санын азайтуы, келісім шарттарға өзеріс енгізу немесе өз еліміздегі импортқа шектеу қою компанияның тауар айналымын азайтуға әкеледі;

  • Мемлекет тарапынан жаңа нарыққа шығуға мүмкіндік беру немесе қолдау көрсетуі де мүмкін, бұл жағдайда компания тауар санын арттырады.

Көріп тұрғанымыздай мемлекеттегі және көрші елдердегі саяси жағдай компанияға біршама әсер етеді. Ол дайын тауарларын шекарадан өткізе алмай қалуы немесе екі есе салық төлеуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл жағдайлар орын алмас үшін компания ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды. Алайда, келісімшарт бұзылса амал жоқ жағдайдан басқа жолмен шығуға тура келеді. Ал екінші, экономикалық жағдай:

  • мемлекеттегі қаржылық дағдарыстың, инфляцияның орын алуы компанияның өнімдеріне бағасын өсіруге алып келеді;

  • Елдегі, белгілі бір аймақтағы жұмыссыздық деңгейі компанияның тауарларына деген сұранысты төмендетуі мүмкін;

  • Шетел валюталары бағамының өзгеруі компанияны көптеген шығындарға әкелуі мүмкін;

  • Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі тауарлардың өзіндік құнын көтеруге апарады, сосын шығынға ұшырауы мүмкін.

Экономикалық факторлар барлық компанияларға өз әсерін тигізеді, ал «Raimbek groups» әртүрлі саламен айналысатындықтан оның әр саласына ерекше әсер етуі мүмкін. Мысалы, елде инфляция орын алғанда оның сүт өнімдерінің бағасы төмендеп, екі сүтті бір сүттің бағасына сатуға тура келеді. Сол сияқты шырын мен алкоголь өнімдерінің бағасын өзгертеді. Келесі бізде әлеуметтік факторлар:

  • қоғамның тұтынушылық тауарлар мен тағамға деген көзқарастарының өзгеруі, мысалы, табиғи өнімдерге көшуі немесе жаңадан дайындалған өнімдерге сұраныстарының артуы компанияның өнімдеріне деген сұранысының азайуына алып келеді;

  • Халықтың табыс деңгейі немесе әлеуметтік жағдайының өзгеруі де оның сұраныстарының өзгеруіне алып келеді;

  • Халықтың имиграциясы мен эмиграциясы да тауардың өндіріс санының өзгеруіне ықпал етеді;

  • Қазіргі таңдағы трендке еліктеушіліктің артуынан белгілі бір тауарларды ғана қолдану немесе өзіне арнайы тапсырыс беру. Яғни, дүкеннен кез келген тауарды алу емес оның орнына тапсырысқа жасату. Мысалы, шырынды тетропакетте сатып алмай, таза жемістен көз алдында сықтырып сокты арнай алу.

Әлеуметтік фактор негізі тұтынушылардың қажеттіліктерінің өзгерісінен сұраныстың басқа тауарларға ауысуына әкеледі, яғни, компанияның сыртқы ортасының өзгерісі болып табылады. Бұл жағдайда кәсіпорын тек талдау арқылы басқа сұраныстағы бағытты таңдауға шешім қабылдайды немесе бар тұтынушымен жұмыс жасайды. Ал енді технологиялық факторлар:

  • сайттар, әлеуметтік желілер мен бағдарламаларды қолданудың артуы. Жоғарыда айтып өткенімдей, сайттары немесе әлеуметтік желілері жоқ болғандықтан байланыс орнату қиын. Егер де компанияның өз тұтынушыларымен қарым-қатынас орната алмаса онда өнімнің адамның есінен шығып кетуі әбден мүмкін. Бұл компанияның әлсіз тұсы;

  • Жаңа технологиялардың шығуы және олардың қолжетімділігі компания үшін өзгерістер болып табылады;

  • Өндірістің жаңа түрлері. Компанияға тиімді болатын өндіріс кейін көп пайда әкеледі.

Технологиялық факторлардың арқасында компания әрдайым дамып отырады және жаңа техникалар арқылы тиімді варианттармен жұмыс істей алады. Кейін ол тауардың өзіндік құнына да әсер етеді. Ішкі орта жағдайын реттейді. Бесінші, құқықтық факторлар:

  • тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдар компания өнімдерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғайды;

  • Жұмыспен қамту туралы заңдар бойынша компания жұмысқа алған адамдарын толық жұмыспен қамтамасыз етуі керек;

  • Авторлық құқық пен патент туралы заңдар компанияның өнімдерінің көшірме емес екендігін анықтайды;

  • Денсаулық және еңбек қауіпсіздігі туралы заңдар компания жұмыскерлерінің құқықтарын қорғайды, уақытылы медициналық сақтандыруды төлеуде жатады;

  • Қоршаған ортаны қорғау туралы заң бойынша компания табиғатқа зиян келтірсе, заң өкілдері үлкен салықтар салуы мүмкін.

Компания заңды жұмыс істесе, оған ештеме де кедергі болмайды. Нарықта да өзінің атына кір келтірмейді және серіктес компанияларға да ұтымды болады. Соңғысы, экологиялық факторлар:

  • климаттың, ауа-райының аймақтағы өзгерісінен өнімдерге сұраныстың төмендеуі немесе тауарлардың жарамдылық мерзімдерінің ерте өтіп кетуі жатады;

  • Өнімдердің қаптамалары мен соңғы қалдықтарының экологияға әсер етуі де компанияның теріс жағы болып табылады. Сол үшін әлемдік компаниялар өз өнімдерінің бөтелкелерін, қапшықтарын тапсыратын, орнына тиын алатын автоматтар орнатуда.

PESTLE талдау бойынша компанияны алты түрлі тұсынан талдадым. Талдауды бұданда тереңірек өткізсек компанияның қазіргі және алдағы уақыттағы нақты болатын проблемаларын таба аламыз. Сосын оның алдын алу шараларын жүргізсек болады.
Үшінші SMART бойынша мақсат қоямыз. Алдағы жылдары өсімдік сүттері(растительное молоко) тек қана сұранысқа ие болатындықтан, компанияның сүт өнімдері саласына мақсат құрдым.

  1. 2022 жылы Шымкент қаласында өсімдік сүт өнімдерін шығаратын зауыт ашу.Өнімді Қазақстан аумағында сатудан бастапқы айда табысты айына 0-ден 10 млн-ға жеткізу.

  2. Зауыт ашылған соң күніне 314 дана сүт шығарып отыру. Сонда айына 7200 дана болады. Оны нарықтық бағамен 1400тг сату. Және сұраныс артқанда өнімді де арттырады.

  3. Қаншалықты адам өсімдік сүтіне көшсе, соншалықты сатылым болады. Болашақта орта есеппен әрбір 3-ші адам организмдері лактозаны көтере алмаудан және заман өзгерісімен өсімдік сүтін пайдаланатын болады. Сонда күніне шығарған 314 дана сүт оңай сатылып отырылады.

  4. Компанияға осы өнімнен түсетін таза пайданы алдағы жарты жылда арттыру. Компанияның жеке филиалдарын ашу. Экологиялық тазалықты ұстану.

  5. 2022 жылдың соңына дейін өсімдік сүтінен пайда 500 млн-ға жетуі керек.

Қорытындыласам, «Raimbek group» компаниясының барлық бағыттары сұранысқа ие, бірақ қазіргі таңда бар проблемаларды қолға алып, дамыту керек не жою керек. Болашақта сұраныс артатын тауарларды қарастырып, жаңа бағыттарды қолға алу керек деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет