Сөж тақырыбы: Құлыншақ Кемелұлы, Шортанбай Қанайұлы, Шөже Қаржаубайұлы шығармашылығы



Дата05.03.2023
өлшемі22,94 Kb.
#71607
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)



СӨЖ
Тақырыбы: Құлыншақ Кемелұлы, Шортанбай Қанайұлы, Шөже Қаржаубайұлы шығармашылығы

.

Құлыншақ Кемелұлы (1840, Созақ ауданы, Жартытөбе аулы — 1911, сонда) — ақын. Қоңырат тайпасы Саңғыл руынан шыққан.


"Көлбайға", "Дүйсенбі датқа", "Құдды мініп, құланды құрықтап жүр" толғаулары, "Шырын-Шекер" дастаны, "Оңдыбайға", "Майлыға", "Мәделіге", т.б. өлеңдері бар. Құланшақ Майлықожа, Шөже, Тама Берекет, Молда Мұса, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосының толық нұсқасын жырлаған. Ж.Жабаев Құланшақтың ақындық шеберлігін жоғары бағалаған.
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құланшақ қолжазбаларын Орта ғылыми кітапхана қорына тапсырған. Құлыншақ ескіше сауат ашып, Шығыстың қисса- хикаяларын көп оқыған. Өлең шығарып, терме, жыр айтқан. "Көлбайға" "Дүйсенбі датқаға" дейтін толғауларында ел билеушілердің жүгенсіз іс-әрекеттеріне наразылық білдіреді, жауға қарсы күресте ел бастаған батырларды дәріптейді. "Шырын-Шекер" дастанында, "Оңдыбайға", "Майлыға", "мөделіге", т.б. өлеңдерінде Құлыншақтың ақындық шеберлігі айқын көрінеді. Құлыншақ Сыр бойын, Жетісу өлкесін аралап, Майлықожа, Шөже, т.б. ақындармен айтысқан. "Алпамыс" эпосын толықтай жырлаған. Жамбыл Құлыншақтың ақындық талантын жоғары бағалаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Р.Рысжан Құлыншақ қолжазбаларын ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорына тапсырған.

  1. Шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Ақын Құлыншақ Кемелұлының араб әдебиетімен байланысы


Өз заманында, көзінің тірісінде-ақ атақ-даңқы алыс-алыс аймақтарға тараған күнгейлік ақын – Құлыншақ Кемелұлы (1840-1911ж.ж.) Бұл кісі күнгейлік ақындық мектептің айтулы шайырларының бірі. Туған жері Оңтүстік өңірі. Туған жылына келер болсақ 1840 жыл. Дегенмен Ә.Оспанұлы былай дейді: «1983 жылы жарияланған «Қаратау атырабының ақындары» атты кітабымызда, ол кісі жайында тақыл-тұқыл ғана мәлімет беріп өте шыққанымыздың негізгі себебі де міне осы болатын. Ондағы деректерді бізге беруші Құлекеңнің ең кенже баласы, ол кезде 63-64-тердегі Исахан ақсақалды, Исакеңнің айтуында ақын 1831 жылы туып, өмірінің ақырғы кезеңінде Меке сапарына кетіп, содан қайтар жолда 1901 жылы қағына тиген қатты дертке ұшыра қайтыс болған делінгенді. Бірақ кейінгі Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабында (1967) және біздің мәліметті ұстанған профессор Ханғали Сүйіншәлиев жазып, жариялап жүрген соңғы зерттеулерде Құлекеңнің дүниеге келген – кеткен уақыттары 1840-1911 жылдар межесінде көрсетіліп, ол Қазақ-Совет энциклопедиясында (7-том, 31 бет 1975 ж.) жарияланып та жіберілді.
«Бес ғасыр жырлайды» (2-том, 228-бет 1984 ж, 75-бет 1989 ж.) кітабында, Ақын Құлыншақ қазіргі Шымкент облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе кеңшарында 1840 жылы туылып, 1911 жылы сол жерде қайтыс болған, - делінген. Құлыншақ ақын діни сауатты, араб әлемінен азда болса да хабары болған адам. Ал жоғарыда аталған кітаптардың ішінде Құлыншақты тым діндар қаламгер етіп көрсетуден көрінеу қашқақтаған. Дегенмен біздің ақиқаттан аттағанымыз дұрыс болмас. Ол кісінің діни сауатты әрі діндар қаламгер болғандығы айдай анық нәрсе емес пе? Діндарлығының ең негізгі белгілерінің бірі, ол кенже ұлы Исахан айтқандай, Исламның бес парызының бірі болған қажылықты орындауы. Бұл кісі өмірінің соңында қасиетті Мекке қаласына, қажылыққа барып келген. Құлыншақ Кемелұлының өмірбаянын ақын Сұлтанбек Аққожаев өлеңмен келтірген екен. Өлеңнің соңғы шумақтарында, Құлыншақтың Меккеге барғандығын былайша баяндаған:
Айтайын уақытында болған ерді,-
Ел берген дүниенің арқасында
Мекке мен көріп қайтты Мединені.
Діндарлығына екінші бір дәлелді оның Майлықожамен айтысында көре аламыз. Қысқаша тоқталсақ, Исламның бес парызының біріншісі тілін кәлимаға кәлтіру, яғни: «Лә иләһә иллаллаһ» деп айту. Осы сөзді айтқан адам мұсылман болып есептеледі. Енді ақының осы сөзді (кәлиманы) айтқан өлең жолдарын келтірейін:
Қожеке, екенсіз ғой ақылсыз жан,
Басында айыбың көп мың менен сан.
Келмегейдің баласын кәпір дейсің
Лә иләһә иллалла мен мұсылман.
Ақын өзінің діндар әрі мұсылман болғандығын мақтан тұтқан адам екендігін мына жоғарыдағы өлең жолдарынан байқауға болады. Бұл нәрселердің барлығы Құлыншақ ақынның шығармаларының араб әдебиетімен, мұсылманшылықтың негізі болған Құранмен байланысы бар екендігін көрсетеді. Сол заманда тек Қүлыншақ ақын ғана діндар қаламгер болмаған. Өзімсн қатарлас, замандас ақындар да діни сауатты болған. Бұл сөздеріміздің бірден бір дәлелі, ол кісілер сөйлеген сөздерінде, айтқан өлендерінде Алла есімін, діни қағидаларды естен шығармаған. Араб әдебиетіне де жақындықтары болған. Себебі олар өз өлеңдерінде араб сөздерін (сол сездердің баламасы казак тілінде бола тұрса да) қолданған. Мәселен Құлыншақ ақынның "Қисық ақынмен тілдесу" атты өлеңінде мынадай жолдар бар:
Максұдың Алла Тағала бергеннен соң.
Міндіңіз алтын таққа осы кезде.
Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың,
Құдайым аямасын берген бағын.
Енді осы өлеңдегі араб сөздері мен діни ұғымдарды карастырайық: Біріншіден: әр бір нәрсені Алланың беретіндігін мойындаған, ал екіншіден берген нәрсесін алушы да Құдай екендігін тағы да айтып кеткен. Араб тіліне жақындығын айтар болсақ: өлеңде «мақсұд», «мүбәрәк» деген араб сөзері қолданылған. Ол кісі мақсұдың сөзін келтірген. Бұл негізгі мақсаты, ниет етілген нәрсе. Мағынасын "сұрағаның" десек те болады. Ақын араб сөзінің орнына өз сөзімізді қолданса болар еді ғой. Бірақ олай етпеген. Ақын бұдан кейінгі қатарда араб-қазақ сөздсрін қатар қолданған. Өлеңдегі «мүбәрәк» сөзі қазақша «құтты болсын» деген мағына білдіреді. Атап өткен , мүбәрәк сөзі бір ғана құтты болсын деген мағына емес, басқа да мағыналар береді. Мысалы: көрікті дегсн сияқты. Ақын осы мағынадағы мүбәрак сөзін Майлықожамен айтысқан кезінде былай қолданған:
Қожаеке, есенсіз бе, сәлем бердік,
Мүбәрәк жүзіңізді жаңа көрдік.
Кей кездерде Құлыншақ ақын араб сөздерін, қазақ өлендерінің ұйқастарында қолданған. Мәселен: Құлыншақ пен Майлықожаның айтысына үңілейік. Онда Құлыншақтың мынадай сөздері бар:
Қалай-қалай қожа едің аузың залым
Сыртында кім болсаң да, ішің мәлім.
Құдай бергсн дәулетім менің калың,
Ықырар болсаң, тапқаның менін малым.
Бұл жердегі «залым» (мағынасы арамы, зұлымдық көрсетуші адам), «мәлім» (мағынасы белгілі) ол араб сөздері. Қазақ залым сөзін жиі қолданады. Ал мәлім сөзі де көп қолданғанымсн онымен теңдей қолданыста жүретін өзіміздің "белгілі" сөзіміз бар емес пе? Бар болса да бұл кісі араб сөзін қолданған. Қолдану себебі сөздің бір біріне жақсы ұйқасып, жеңіл айтылуына байланысты. Қорыта айтқанда Құлыншақ Кемелұлы заманының көрнекті ақын болған. Бір өкініштісі Құлыншақ жайлы деректер жоқ емес, дегенмен жоқтың қасы. Әсіресе шығармалары, өлең жырлары осы күнгі шығарылған кітаптарда аз ғана. Мәселен «Бес ғасыр жырлайды» кітабында ары кетсе он ғана өлеңі жарым жартылай берілген. Десек те Құлыншақ ақынның бізге жеткен өлең жырларын көзіміздің ағы мен қарасындай бағалай білгеніміз жөн болар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет