Сөж тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия Орындаған: Нигметоллиева Камила Алматы, 2023ж Жоспар


Махамбеттің заман жайын көрсеткен күйшілігі



бет7/8
Дата17.11.2023
өлшемі84,64 Kb.
#124282
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СӨЖ нигметоллиева камилаffff

Махамбеттің заман жайын көрсеткен күйшілігі
Махамбетті біз соңғы кезге дейін ақын деп қана келгенбіз. Кейін табылған деректерге қарағанда, ол тек ақын ғана емес, сонымен бірге зор өнерпаз, жан-жақты талант иесі екені анықталды. Жуықта оның бірнеше күйі табылды. Бұл күйлерді Орал облысында тұрған атақты домбырашы Сүйінбекұлы
Оразғали (1889-1964) сақтап келген. Ол күйді Махамбеттен Тазбала, одан Сүйінбек, Сүйінбектен Орекең ақсақал үйреніп тартқан.
Махамбет поэзиясы - патшашыл хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты. Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті. Кейін Махамбет дәстүрін ұстаған бір топ халық
ақындары шықты. Олар халық мұңын жырлап, поэзиямыздың реалистік жолмен өсуіне өз үлестерін қосты. Олардың ішінде өз дәуірі әдебиетінің белді өкілдерінен саналған Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Алмажан, Абыл, Мұрат, Базар, Нұрым, Жанақ, Жанкісі, Арыстан, Есет, Сегізсері, Қашаған, Серәлі және басқалар бар.

Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды. Әрбір сөздерінің образдылығы, қиып түсер өткірлігі, қызу қанды жігерлілігі, нөсердей екпінді, дауылдай арындылығы оның поэзиясын өзгеше пафосқа көтерді. Еркіндікті аңсап, отаршылар мен озбыр сұлтандарға қарсы атқа мінген арыстан жүректі азаматтар ерлігін аспанға көтере жыр төккен асыл азаматақынның


әрбір сөзі от жалынмен суарылған, көк жүзінде жалт-жұлт етіп ойнаған найзағайдай айбарлы, сұсты. Махамбет, сонымен бірге қазақ поэзиясында қоғамдық күресшілдік сананы нығайтып, сын-сыкақ сарынын қалыптастырды. Қазақ сатирасының қоғамдық, әлеуметтік мәнін күшейтті. Сатира жанрының өткір үлгілерін көрсетіп, кейінгі көп ақындарға ықпал етті. Поэзияның көркемдік, идеялық жағынан жетіле түсуіне сүбелі үлес қосты.
Махамбет поэзиясындағы жыраулық дәстүрдің жұрнақтары
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі,оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген.
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшаққа 
даңқы кеткен Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар, Шалкиіз жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп саналады. Елге, ер – азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясының болашақта ұмтылар бағыт – бағдарын, идеялық тұғыры мен көркемдік биігін айқындап кетті. Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады. ХҮІ ғасыр түлегі Доспамбет те, ХҮІІІ ғасырдың Ақтамбердісі де, ХІХ ғасырдың қақ ортасында кемеліне жеткен Махамбет те «өлі» дүниемен «сұхбатқа» түсіп отырады. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан Қайғының “Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшір” деген ақылгөй сөзі сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да “Қайран менің Еділім!” деп еңіреп өткен, “Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап” деп Доспамбет жырау армандаған, “Ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым он кісіге жараса,бір кісіге асқан тамағым” деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген.
Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:
Айналайын, Ақ Жайық!
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңісі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда? (Доспамбет )
Қайран менің, Еділім,
Мен салмадым, сен салдың... (Қазтуған)
Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген
Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).

Махамбеттің «Жалған дүние» өлеңі Шәлгездің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауымен, «Тайманның ұлы Исатай» толғауының бірқатар жолдары Шәлгездің «Айырдан туған жампоз бар» шумағымен, Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауымен Махамбеттің «Күн қайда» толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес.


Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Өз халқын, елін, жерін сүйген нағыз ердің басты мақсаты-ел басына күн түскенде «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу...» еді. Бойына туа біткен қайсарлығы арқылы досы Исатаймен біріге отырып, тәуелсіздік туын алғаш көтерді. Елінің азаттығы үшін ақберен ақын қаһармандық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етті, өзінің өткір тілді өрен жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал. Өзінің «Мұңайма» өлеңінде хан әскерлерінің халыққа көрсеткен қиянатын айта отырып, жасымауға, берік болуға шақырады.
Ақ жұмыртқа сары уыз
Әлпештеп қолдан өсірген
Туған ұлдан не пайда-
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір ақ тусайшы
Халықтың кегін қусайшы
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға...
Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет