Сөж тақырыбы: С. Елубайдың «Ақ боз үй», М. Мағауин «Тазының өлімі» повесінің көркемдік-эстетикалық сипаттарын талдаңыз



бет3/4
Дата29.01.2023
өлшемі22,91 Kb.
#63525
1   2   3   4
«Ақ боз үй» трилогиясы өзінің көркем құрылымы, суреттілігімен де ерекшеленеді. Смағұл Елубайдың жазушылық шеберлігі осы шығармасынан айқын көрінеді. Романның жазылуына басты себеп – кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы. «Асыра сілтеудің» ықпалы айбарлы аждаһадай ел ішін біршама күйзелтті. Ел басқарып отырғандардың осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шынайылықпен көрсете келіп, әділеттілікке үндейді. Шығарма астары заманының жақсылары – білімді, парасатты дана адамдар, ел қамын жеген ерлер, береке-бірлікті ұстанған жандар дегенді ұғындырады. Сол кезеңдегі елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жазушы шынайылылықпен суреттеген. Мінекей, осындай ізденістер нәтижесінде «Ақ боз үй» трилогиясы жазылды
Роман көркемдігінің басты кілті - тілінде. Соны тілге кез болдық. Әңгіме етіп отырған аймақтың жері мен желінен, адамдар тіршілігінен пайда болған тіл шығармада өз орнын тапқан. Мойындау керек, біз бұл кезде қызық заманды бастан кешіріп жатырмыз ғой: тіл жоқ, бірақ сөз бар, тіл жоқ, бірақ шығарма бар. Осының салдарынан көмескі сурет, хабарлама оқиға, дәмсіз сөз шығарма бетін қаптайды. Романдағы көш суреті, дала кейпі, аштық айдаған жолаушылар жайы, махаббат күйі болсын – бар бәрі де тартымды, тың тіл қуатымен жанданған. Адам мінездерін жасағанда да сол тіл дәрмені олардың ажарын ашып тұр. Жергілікті сөйлеу тілі мол қамтылған. Бұл өте құптарлық жай. Тек “шайпауыз” (шайпау), “шалт” (шолт), “ірікті” (көз туралы), “құтаймас” (таусылмас, бітпес деген мағынада алыпты) деген сияқты бірлі-жарымды сөздер болмаса, бұл қалай деп таңырқанатындай тіркестер көрмедік. Шәріптің, Торқа кемпірдің тілдері күлдіреді-ақ. Тіл тапқырлығы, тіл ұстарту романның құнды жақтары.
Қай заманда да әдебиеттің алдына қойылатын негізгі шарт – ол өз заманына лайықты сипатқа ие болуға тиіс. Көркем шығарма оқырманға рухани жағынан әсер етіп, танымын, көркемдік мұратын көрсететін айна сияқты әсер қалдырады. Ең алдымен есте болатын жалпы қағида – өткеннің тәжірибесін білмей, жаңаны жасауға болмайтындығы. Әдебиет тілінің, яғни әдеби тілдің қоры мәңгі бақи бір қалыпта тұра бермейді. Ол да қоғаммен бірге өсіп, жаңа сипаттарға ие болады. Әдеби тілдің баюына қаламгерлердің тигізер пайдасы зор. Мұның растығын дәлелдеген жазушы Смағұл Елубай халықтың әлеуметтік ойын ояту жолында шығармашылығымен келелі еңбек сіңірген.
Автордың шығармада ұста­нар көр­кемдік концепцияның астарында жатқан осы бір сал­мақ­ты меңзеу ел өмірінің, халық тари­хы­ның көлеңкелі, қа­сірет­ті кезін ғана ай­тып қоймай, ұлттық тарихы­мыз­дың шырайлы, шуақты, ер­тегіге бергісіз еңселі елдігімізді танытар сәттерінен де мол хабар айтады. Шығарма кейіпкері Пахраддин дүниеге аумалы-төкпелі, қанқұйлы мінезді «го­лоще­киндік геноцид» дәуіріне де сол өзінің өзеурей білмес, іштей илікпес тектілігімен қарайды. Інісі Әзберген екеуінің көзқарас­та­рындағы алшақтық та соның салдары, сипаттары. Айтқанына жүргізіп, дегеніне көндіріп үйре­ніп қалған іні мінезіндегі доғал­дық пен ұрда-жықтықтың төркі­нінде не жатқанын жақсы білер ағаның туған бауырына тіс жарып, ашыла бермеуі де сондықтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет