Сөж тақырыбы: «Тәрбие жұмысының жоспары» Орындаған



Дата03.12.2023
өлшемі32,53 Kb.
#133772
Байланысты:
sro(29424-98730) (2)


«Alikhan Bokeikhan University»ББМ



СӨЖ

Тақырыбы: «Тәрбие жұмысының жоспары»
Орындаған: Рамазан Шерхан ФК-107



Жоспар

Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат - міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективті тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.





Тәрбие жұмысының басым бағыттары

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Рухани - адамгершілік тәрбие

Ұлттық тәрбие

Отбасы тәрбиесі



Тәрбие жұмысын жасауда қойылатын талаптар:

Жоспардың мақсаттылығы, яғни жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады;
Жоспар баланың қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерденленеді;
Жоспар – педагогтың, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі;
Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді;
Жоспардың кешенді түрінің бағыты, жұмыстың әртүрлі мазмұны мен түрі балалардың қызығушылығы мен қабілетінің дамуына бағытталған, оқушылардың әрекеттің әртүріне қатыстырылуы, оқушылардың сана – сезіміне, тәртібіне тұтастай ықпал ету;
Жоспар оқушылардың жоспарланған жұмыста әрекеттің әртүрлі түрлерін, әдіс – тәсілдерін, өз бағыттарын таңдауға жағдай тудыруды қарастырады;
Әрекеттің мазмұны мен түрінің қолайлылығы,өткен тәжірибенің есебі, жұмыстың келешегінің көрінуі;
Жоспардың нақтылығы мен мақсатқа сәйкестігі, жоспарланған жұмыстың негізділігі, оқушылар мен педагогикалық ұжымның ерекшеліктерінің есебі, олардың даму деңгейі, қалыптасқан дәстүрлері.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет