СӨж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаған
СӨЖ
Тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»
Орындаған: Аханова А.А.
Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе
Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі – оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.
Тәрбие құралы да, оларды қандай балаға қолдануына байланысты өзгеріп отырады.
Тәрбие құралы да, оларды қандай балаға қолдануына байланысты өзгеріп отырады.
Тәрбие процесінің диалектикасы өзінің қарама-қайшылығында ашылады. Өйткені тәрбие процесінде дау-дамай (конфликт) бар. Мәселен, баланы қайта тәрбиелеу процесі. Бұл процес түзу, жайдан жай жатық өтпейді. Тәрбие – бұл тұлғаны дамыту, ал дамыту – диалектикалық процесс. Онда қарама-қайшылық болады. Қарама-қайшылық ішкі (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және сыртқы (әлеуметтік) болып жіктеледі.
Ішкі қарама-қайшылық – бұл дамудың көзі. Олар тәрбие процесінін дамуында қозғаушы күші болады. Осындай қарама-қайшылық түрінің негізгі мазмұны тұлғаның қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық болады. Міне осындай келіспеушілік адамды әрекет етуге, оның алға қарай жылжыуына мәжбүрлейді.