Сөж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»



бет1/36
Дата02.11.2022
өлшемі160,12 Kb.
#46897
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
СӨж тақырыбы «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаға-melimde.com


СӨж тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары» Орындаған

СӨЖ

Тақырыбы: «Тәрбиелік жүйенің құрылымдық қағидалары»


Орындаған: Аханова А.А.

Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе


  • Тәрбие процесі – күрделі динамикалық жүйе. Өйткені, ол үнемі үзіліссіз даму, қозғалмалы, өзгермелі жағдайда болады. Тәрбие процесінің үзіліссіз жағдайы қоғамның талабына сай оның үнемі дамуымен сәйкес келеді, қозғалмалылығы – жанұя тәрбиесі, мектептегі мақсатты әртарапты тәрбиелік іс-шаралар мен мектептен тыс мекемелердің әртүрлі қызметі және баланың қызығушылығымен байланысты түрлі іс-әрекеттері, мүмкіндіктері, өмірлік тәжірибесі және әлеуметтік ортасы қарастырылса, ол мұғалімге тәрбиеде манёврлілік жасауға, қажетті кезде нәтиже беретін жол таңдауға мүмкіндік береді. Өзгермелілігі оның жағдайға, тұрғылықты мекен-жайға, балалардың жас ерекшелігі мен жеке басының мүмкіндігін ескерумен, сондай-ақ өмірдің әртүрлі жағдайына, баланың өмір сүріп отырған ортасына т.с.с. тәуелді болуымен сәйкес анықталады.

Тәрбие құралы да, оларды қандай балаға қолдануына байланысты өзгеріп отырады.


  • Тәрбие құралы да, оларды қандай балаға қолдануына байланысты өзгеріп отырады.

  • Тәрбие процесінің диалектикасы өзінің қарама-қайшылығында ашылады. Өйткені тәрбие процесінде дау-дамай (конфликт) бар. Мәселен, баланы қайта тәрбиелеу процесі. Бұл процес түзу, жайдан жай жатық өтпейді. Тәрбие – бұл тұлғаны дамыту, ал дамыту – диалектикалық процесс. Онда қарама-қайшылық болады. Қарама-қайшылық ішкі (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және сыртқы (әлеуметтік) болып жіктеледі.

  • Ішкі қарама-қайшылық – бұл дамудың көзі. Олар тәрбие процесінін дамуында қозғаушы күші болады. Осындай қарама-қайшылық түрінің негізгі мазмұны тұлғаның қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық болады. Міне осындай келіспеушілік адамды әрекет етуге, оның алға қарай жылжыуына мәжбүрлейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет