жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің қатысумен қамтамасыз етіледі. Бұл кезде заттардың алмасуы, иммундық жауап, қан, қанайналым, тыныс алу жүйелерінің өзгерістері байқалады. Ол қабынудың өту қарқынымен, фагоцитоздың айқындылығымен, лейкоцитоз даму, дене қызымы көтерілу, эритроциттердің тұну жылдамдығы, антиденелер өндірілу, бүлінген тіндердің қалпына келу және жараның біту дәрежелерімен т.б. көрінеді.
Реактивтілік түсінігі организмнің төзімділігімен тығыз байланысты. Төзімділік (резистенттілік)– деп аурутуындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығын айтады.Төзімділік пен реактивтілік өзара бірімен-бірі тығыз байланысты және екеуі де тірі организмнің негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады.Спецификалық төзімділікке иммунитеттің барлық түрлері жатады. Бүгінгі күні иммунитет даму жолдары азды-көпті жақсы зерттелген болса, бейспецификалық төзімділік белгілі дәрежеде нақтылай ажыратуды қажет етеді. Организм реактивтілігінде тектік ерекшеліктердің маңызы.Адамда организмге түсетін химиялық қоспалардың тіршіліктік өзгерістерін (биотрансформациясын) қадағалайтын гендік бақылау болатыны белгілі. Осыдан дәрілік заттардың, тағамдық қоспалардың, қоршаған орта ластағыштарының, кәсіби зиянкестердің, солармен қатар физикалық ықпалдардың әсерлерінен дамитын дерттік үрдістер организмнің генотипінің ерекшеліктеріне байланысты байқалады. Оның негізінде организмдегі ферменттер, құрылымдық және тасымалдық нәруыздар, антигендері бойынша адамдардың тектік құрылымдарында кең тараған көптүрлілік (полиморфизм) жатады. Генотипте аллельдердің даралық құрастырылуы әр адамда әртүрлі. Бұндай адамдардың гендік ерекшеліктері биологиялық белгілерінің бірегейлігін ғана анықтап қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаның дерттуындататын ықпалдарына да жауап қайтаруын ерекше-лендіреді.Кейбір аллельдердің ерекшеліктері сыртқы орта ықпалдарына организмнің дерттік түрде жауап қайтаруына немесе идиосинкразия дамуына әкеледі. Былайша айтқанда кейбір дерттік үрдістерге адамның тегімен берілетін бейімділік байқалады.Дерттік үрдістерге бейімділігі бар адамдар тобына тегімен берілетін бейімділік гендері бар, тектік ерекшеліктері қолайсыз қиыстырылған адамдар жатады.Тегімен берілетін бейімділік гендері - деп адамның туылуына және туғаннан кейінгі өміріне айтарлықтай теріс әсер етпейтін, бірақ белгілі бір жағымсыз жағдайда ауру туындауына әкелетін қалыптыдан ауытқыған гендерді айтады (Баранов В.С., 2001). Әрбір нақты дерттің дамуын туындататын тегімен берілетін бейімділік гендердің аллель нұсқаларының ерекшеліктері «гендік торлар» – деп аталады. Осындай торларда негізгі (орталық) және қосымша (өңдеуші) гендерді ажыратады. Олардың атқаратын қызметтеріне және заттардың алмасуындағы маңызына қарай уытсыздандыру гендері, мембрана рецепторларының гендері және шүріппе (триггер) гендері – деп ажыратады.Уытсыздандыру гендері организмге түскен ксенобиотиктерді ыдыратуға қажетті көптеген ферменттердің түзілуін қадағалайды. Осы гендердің тектік көптүрлілігі әртүрлі химиялық заттарға, тағамдық өнімдерге, дәрі-дәрмектерге, өндірістік және ауылшаруашылық уларға және канцерогендерге организмнің даралық жауап қайтару ерекшеліктерін анықтайды.Мембрана рецепторларының гендері жасушалар аралық өзара әсерлерге, ксенобиотиктердің жасушаларға енуіне және жасушалар мен вирустардың өзара әрекеттесулеріне ықпал етеді. Мәселен, Д3 витаминінің рецепторы түзілуін қадағалайтын геннің (VDR3) белсенділігі төмендеуі остеопороз дамуына бейімдейді. СД4 рецепторы түзілуіне жауапты CCR5 генінің көптүрлілігі осы аллель бойынша гетерозиготты және гомозиготты адамдардың жұқпалы ауруларға төзімділігіне әртүрлі әсер етеді.
Бүгінгі күні 50-ден астам шүріппе-гендер белгілі. Бұл гендерге көптеген онкогендер мен супрессор гендер (антионкогендер) жатады. Оладың мутациясынан адамда қатерлі өспелер жиі дамиды. Төмен тығыздықты липопротеидтердің гені ауытқуымен атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруы дамуын байланыстырады. Гепарин кофакторы жеткіліксіздігінің гені (HCF2) және ангиотензинге ауыстыратын ферменттің (17q22-q24) генінің мутациялары да осы аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің (АСЕ) генімен миокардтың және қан тамырлары қабырғаларындағы тегіс салалы ет талшықтарының гипертрофиясын, инсулинге төзімді жағдайлар (метаболизмдік синдром: біріншілік артериалық гипертензия, миокард инфаркты, диабеттік нефропатия және ангиопатия т.б.) дамуын байланыстырады.Туа біткен белсенді бейспецификалық төзімділікке организмнің физиологиялық болмысты қорғану-бейімделу тетіктерінің белсенді қосылуымен қамтамасыз етілетін оның тұрақтылығын жатқызуға болады. Мәселен, ауада оттегінің жетіспеуіне организм тыныс алуы мен жүрек соғуын жиілетіп, қанда эритроциттердің санын көбейтіп, гемоглобин молекуласының оттегіге деген үйірлігін арттырып т.с.с. жауап қайтарады.Туа біткен енжар бейспецификалық төзімділік организмде әртүрлі биологиялық тосқауылдардың және қорғаныстық рефлекстердің, қанда және басқа тіршіліктік сұйықтардарда бактерия жойғы ферменттердің (лизоцим, пропердин т.б. протеазалардың, цитокиндер мен интерферондардың), асқазан сөлінде тұз қышқылы болуымен қамтамасыз етіледі.Жүре біткен бейспецификалық төзімділік қоршаған ортаның ұдайы өзгеріп тұратын ықпалдарына организмнің бейімделуі арқылы дамиды. Бейімделудің нәтижесінде организм көптеген сырттан әсер ететін және өзінде пайда болған аурутуындататын ықпалдарға төзімділігін арттырады. Мәселен, жануарлардың организміне қысқа мерзімді ауыртпалық (стресс) туындататын ықпалдармен бірнеше мәрте әсер еткеннен кейін артынан олар ауыр ауыртпалық жағдайларға төзімді болатыны Ф.З.Меерсонның еңбектерімен дәлелденді.Адам организмі көптеген кіші жүйелерден тұратын өзін-өзі реттейтін күрделі біртұтас жүйе. Организмде әр жүйеге қарсы жүйе болатыны белгілі. Мәселен, қан ұю жүйесіне қарсы антикоагулянттық жүйе, тотықтырғыш жүйеге қарсы антиоксиданттық жүйе, иммундық сергіткіш жүйеге қарсы иммунитетті тежейтін жүйе, ауыру туындататын жүйеге қарсы оны басатын жүйе, ауыртпалық (стресс) дамытатын жүйеге қарсы оны шектейтін жүйе т.б. келтіруге болады. Организмнің гомеостазы осы жүйелер мен қарсы жүйелердің өзара тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты қысқа мерзімді ауыртпалықтардың әсерлерінен стресс-дамытатын жүйе әсерленуі оны шектейтін жүйенің белсенділігін арттырады. Стресті шектейтін жүйеге мыйдағы шағын реттеуші пептидтер (эндорфиндер мен энкефалиндер), серотонинге жауап қайтаратын жүйе, шеткері тіндерде өндірілетін простагландиндер мен антиоксиданттар жүйесі т.б. жатады. Стресті шектейтін жүйенің әсерленуі организмнің аурутуындататын ықпалдарға төзімділігін арттырады. Организмнің реактивтілігі:
●
Достарыңызбен бөлісу: |