Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


ғасырдың басында ана тілінде ұлттық қазақ тілі білімі қалыптаса бастаған кезең. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының қазақ тіл білімінде қарастырылуы 20 ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады



бет2/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

2. 20 ғасырдың басында ана тілінде ұлттық қазақ тілі білімі қалыптаса бастаған кезең. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының қазақ тіл білімінде қарастырылуы 20 ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады.

2. 20 ғасырдың басында ана тілінде ұлттық қазақ тілі білімі қалыптаса бастаған кезең. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының қазақ тіл білімінде қарастырылуы 20 ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады.

Оның бастауы А.Байтұрсыновтың 1913-1915 жж. «Тіл құралы» деген жалпы атпен жарияланған «Дыбыс жүйесі мен түрлері», «Сөз жүйесі мен түрлері», «Сөйлем жүйесі мен түрлері» атты зерттеулер сериясы. «Тіл-құрал» оқулығы қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап, жүйелеп берген тұңғыш ғылыми зерттеудің басы болды.

Тілтанушы ғалым А.Байтұрсынұлы қазақ тілін зерттеуде жаңа бағыт – қазақ тіл білімін ана тілінде дамыту бағытын ұстанды, сөйтіп, ол қазақ тілі терминдерінің негізін қалады.

3. 20 ғасырдың 20 жж. кейінгі қазақ тіл білімі қалыптасқан кезең. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының көбірек зерттелген тұсы Кеңес дәуірі.

Бұл дәуірде Қазақстан тоталитарлық тәртіп жағдайында өмір сүргенімен, онда ұлт мәдениетін, ғылым-өнерді, оқу-ағарту, баспасөз, әдеби тілді қалыптастыруға обьективті мүмкіндіктер туды.

1920 жж. сол кездің талабына сай әліппе түзу, оқулықтар, сөздік жасау т.б. практикалық мақсаттарда қазақ тілін Х.Досмұхамедов, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, К.Кемеңгеров, Н.Төреқұлов т.б. қазақ зиялылары зерттеді.

Қазақ тілін қолданбалы мақсатта зерттеу 1930 жж. жалғасты. 1920, 1930 жж Қ.Жұбанов, С.Аманжолов қазақ тілінің жеке мәселелерін талдауға арналған мақалалар жазды.

Н.Сауранбаев пен С.Жиенбаев синтаксис мәселелерін, Х.Басымов әліппе мен емле мәселелеріне тоқталады. М.Балақаев бастауыш кластарда оқылатын қазақ тілі грамматикаларын жазса, І.Кеңесбаев орыс мектептерінің жоғары кластары үшін қазақ тілі оқулықтарын жазды.

1940 ж. дейін қазақ тіл білімі практикалық ілім шеңберінен ұзап кете алмады.

Қазақ тіл білімі ғылымының теориялық ғылым дәрежесіне көтерілу кезеңі 1940 ж. бастап қолға алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет