Сөйлем мүшелері, оның ҚҰрылысы мен түрлері


Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері



бет5/20
Дата14.11.2022
өлшемі302,48 Kb.
#50106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілі синтаксисі-2022-3

3.1. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері.

3.2. Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері.

3.3. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері.

Сабақтың мақсаты

Есімді сөз тіркестері, олардың қалыптасу жолдарын зерделеу, өзара байланысу формаларын талдау.

  • Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып, екі үлкен салаға бөлінеді.
  • Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болып келеді.
  • Есімді және етістікті сөз тіркестері өзара байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді. Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады.
  • Есімді сөз тіркестерінің жасалуына негіз болатын синтаксистік байланыс түрлері: қабысу (ағаш күрек, ана ауыл), матасу (менің ойым, ағаштың жапырағы), меңгеру (бетегеден биік, жусаннан аласа).
  • Есімді сөз тіркестері сөз таптарының тіркесінің негізінде үш түрлі құрамда өзара сөз тіркесін құрайды. Біріншіден, әр түрлі сөз таптарының тіркесі арқылы: бес бала, жаман ой.
  • Екіншіден, бір сөз таптарына жататын сөздердің тіркесі арқылы зат есім+зат есім: ағаш қасық; есімдік+есімдік: бұл өзі.
  • Үшіншіден, бір сөздің қайталанып келуі: жақсының жақсысы.

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының құрамына қарай модельдері:

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарының құрамына қарай модельдері:

  • зат есім+зат есім /ағаш қасық
  • сын есім-зат есім/терең көл
  • сан есім-зат есім/алтыншы пәтер
  • есімдік-+зат есім/мына кісі
  • есімше +зат есім/келген бала, айтар сөз
  • тұйық етістік+зат есім/қызу жұмыс
  • үстеу+зат есім/бүгін бала, ертең маман
  • еліктеуіш+зат есім/мырс-мырс күлкі
  • 9. негізгі сөз+көмекші сөз+зат есім /ауыл маңындағы жер, Жанар деген дәрігер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет