Үйірлі мүше (составной член) Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды.
Үйірлілік – сөйлем мүшелерінің барлығына тән. (Составной член предложения – группа слов, отвечающих на один вопрос и являющихся в предложении одним членом, но в своем составе разбирающиеся на главные и второстепенные члены. Составными могут быть все члены предложения).
Мысалы:
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады.
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды.