Сөйлеу аппараты Адам даусының мәні өте зор. Дауыс қою – адамның белгілі бір жағдаяттарға қандай сөздік мәселені шешуіне байланысты өзінен-өзі өтіп жатқан процесс



Дата16.11.2022
өлшемі16,8 Kb.
#50528
Байланысты:
a4ceb33c-5722-4ea5-9233-18d86402e5cc


Сөйлеу аппараты
Адам даусының мәні өте зор. Дауыс қою – адамның белгілі бір жағдаяттарға қандай сөздік мәселені шешуіне байланысты өзінен-өзі өтіп жатқан процесс. Физикалық мағынасына тереңдесек, дауыс – дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде пайда болатын әр түрлі дыбыстардың жиынтығы. Дауысты игере білу – шешендік шеберліктің маңызды көрсеткіші.
Кәсіби сөйлеу дауысының негізгі қасиеттері.
Дыбыс күшінің жеткіліктігі. Шешеннің даусы тіпті күшейткіш техника құралдары жоқ болғанның өзінде де кез келген аудиторияда естіліп түруы керек. Бұл қасиетті дауыстың динамикалық диапозоны деп атайды. «Дыбыстың күші» мен «қаттылығы» деген ұғымдарды шатастыруға болмайды. Дыбыс күші – бұл децибалмен өлшенетін энергия. Қаттылық – бұл әркімнің дауысты қабылдау ерекшеліктеріне байланысты субъективтік ұғым. Ерлер мен әйелдердің дыбыс желбезектерінің ұзындықтары мен жуандықтары әр түрлі болып келедә, сондықтанда олардың дауыстарының жоғарылығы да әр түрлі: ерлерде, орташа есеппен алғанда, 100-250 Гц, әйелдерде – 200-40 Гц. Диапозондардың айырмашылық шектері әншілер дауысында байқалады (бас және меццо сопрано). Сонымен, төменгі және жоғары дауыстардың күші бірдей болса, онда жоғары дауыс қаттырақ естіледі. Сондықтан да дауысы жоғары әйелдер сөйлегенде олар айғайлап немесе дауысын көтеріп сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады.
Дауыстың жіберілуі – дауыстың қажетті нысандарғы, әрбір тыңдаушыға барып жете алатын қасиеті. И. Андрониковтың «Алғашқы рет эстрадада» деген әңгімесінде атақты ғалым-музыкатанушы И. М. Соллертинскийдің оны сахнада қалай өнер көрсетуге үйреткендігі туралы әңгімеленеді: «... дыбыс күші. Егер сені бірінші қатардағылар естісе, ол сені отыз екінші қатардағылар естіді деген сөз емес. Ал отыз екінші өатардағылар естіді мен бірінші қатардағылар арасындағы айырма, міне, осына жатыр. Сонымен қатты сөйлеу керек».
Дыбыстың жылжымалылығы, икеміділігі сөйлеушінің ойын толық және реңкімен беруге көмектеседі.
Дауыс тембрі – бұл дауыстың «бояулары» - анықтығы, сыңғыры, жұмсақтығы, жылылығы, т.б. Дауыстың тембрлік реңіне қарай тыңдаушылар айтушының ойын әр түрлі түсінеді: Дауыстың алғашқы тембрін резонаторлардың көмегімен өзгертуге болады. Біз тембрді жағымды не жағымсыз, жұмсақ темірдей, сықырлаған, шаңқылдаған, т.б. деп қабылдаймыз. Әр адамның даусының тембрі әр басқа. Тембр тек адамның жасына қарай ғана емес, оның көңіл-күйіне , денсаулық жағдайына байланысты да өзгеріп отырады. Дауысына қарап адамның сау, науқас, тың не шаршағандығын, т.б. білуге болады. П. Тарановтың «Сендірудің 1000 тәсілі» деген кітабында мынандай мысал келтірген. «Театр және кино артисі Василий Ливанов – көпке танымал әрі атағы жер жарып тұр. Шерлок Холмс туралы белгілі сериалдан кейін оны білмейтін көрермендер аз-ау деп ойлайсың. «Бұл оп-оңай, Ватсон!» Осы сөздерді ести сала Ливановты бірден танисың. Оның даусын ешкімдікімен шатастыруға болмайды, ол өзгеше – бейне бір қу бұтақты сырт еткізіп сындырғандай. Оның даусын қандай бір болмасын у-шудың ішінен айнытпай тануға болады. Дауысының мұндай тембірінің пайда болуының артист былай деп әңгімелейді: «Менің дауысым орташа баритон болатын. Мен оны «Жіберілмеген хат» фильмін түсіру үстінде жоғалттым. Режиссер Калатозов тәжірибе жасауды ұнататын, сөйтіп оның басына 40 градус аязда дауысты табиғи жолмен шығару керек деген ой келіпті. Техника жолымен бұл мүмкін болмай шықты: микрофонға бүм-бүм дейсің... Сөйтіп дауыстан айырылдым. Біраздан соң қайта қалпына келді, бірақ, міне, осындай сықырлағыш болып тынды. Құдайдың мұнысына да шүкір! Менің даусым – жейтін наным. Ұлы Сальвини айтқандай: «Актер дегеніміз – дауыс, дауыс, тағы да дауыс».
Дауыстың ұшқыштығы, бұл оның басқа дыбыстарлың, шудың арасында еш нәрсемен араласпай, жоғалмай, сақталып қалуы.
Шыдамдылығы – бұл дауыстың ұзақ уақыт сөйлегенде өзінің негізгі қасиеттерін жоғалтпай, көпке шыдап, аз шаршауы. Арнайы жаттығулар жасай отырып, дауысты жаттықтыруға, оны көп жүктемелерге шыдамды етіп қалыптастыруға болады. Жүйелі түрде жаттыға отырып, оны дамытуға, диапазонын кеңейтіп, резонаторларды дыбыстауға мәжбүр етіп, тембрін жақсартуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет