Сөйлеу баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші Сөйлеуді дамытудағы ата-ана рөлі Сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар


жастағы балалардың тiлiн дамытуға арналған жаттығулар



бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі43,3 Kb.
#98337
1   2
Байланысты:
лекция 7

5 жастағы балалардың тiлiн дамытуға арналған жаттығулар
Бұл жас мөлшерiнде тiлдiк даму арқылы жазуға деген белсендi дайындық жүрiп жатады. Бала жаңа терминдердi бiлуi, өзіне белгiлi дыбыс. «cөз» деген тусiнiктердi нақтылауы керек. Ол үшін «Сөз қалай дыбысталады», «Бiрiншi дыбысты тап» және т.с.с. ойындар мен жаттығулар жүргізіледі. Бала дыбысталуы бойынша ұқсас және әр түрлi сөздерді табуға, сөзде қандай да бір дыбыстың болуын немесе болмауын айыра білуге үйренеді. Мұндай ойындар мен жаттығуларды мысалға келтіре кетелік.

  1. «Бiрiншi дыбысты тап» (мақсаты: баланы сөздiн ішіндегі бірінші дыбысты нақты бөліп айтуға үйpeту)

Ата-ана балаға ойыншық машина және түрлі ойыншықтар көрсетеді.
олардың iшiнде сылдырмақ сағат болу керек.. Балаңыздан барлық ойыншықтарды атап көрсетіп, тек «с» дыбыстарынан басталатын атаулары бар ойыншықтарды машинаға салып жүргiзуiн сұраңыз. Егерде бала «с» дыбысы жоқ сөздi айтатын болса, онда ата-ана бұл сөздiң әр дыбысын бөлiп-бөлiп айтады. Сосын атауларында бiрiншi әрiптерi ұқсас, басқа екi ойыншық таңдалады.

  1. «Қатты - сыбырлап» (мақсаты: баланы дыбысталуы ұқсас сөздерді таңдап алып, оларды қатты және сыбырлап айтуға үйрету).

Ата-ана: «Судан Сыздық сүлік сүзді» деп айтады. Бастапкыда «Су-су-су -судан суздi» деген сөйлемді бірге айтуға болады. Сосын бұл ұйқасты қатты ақырын-сыбырлап қайталайды (ата-анасымен бірге немесе өздігінен): «Су-су-су судан сүздi» (мәтін жылдам және баяу айтылады. Содан соң бала сөйлемді өз бетімен аяқтайды: "Су-су-су (судан сүзді, су, су су. (Судан Сыздық сүлік сүзді).
Баланың сөйлеген сөздерінің екпінді мазмұндылығына назар аудару керек. Бұл үшін баланы шағын ертегілерді, аңыздарды, тақпақтарды сахналауға қатыстыру керек, мұнда бала түрлі дауыстармен және түрлi екпінмен (баяндау cұpay, лепті) сөйлеуі керек.

  1. «Таня айтқандай» (мақсаты: баланы екпіндерді айыра білуге және сөйлейтiн сөзінің мазмұнына сәйкес пайдалана білуге үйрету.

Ата-ана қолына қуыршақты алып, әңгiмесiн бастайды: «Бұл Таня. cepyeннен үйiне қайтып келе жатып «мияу мияу» (аянышты екпін) деп аянышты дауыс естиді: Мысық қалай мияулады? ( Бала қайталайды). Таня мысықты қолына алып келді. Оған табаққа сүт құйды. Мысық «мияу-мияу» (құанышты екпін) деп қуана мияулады. Сол кезде күшiк жүгiрiп келiп, мысыққа үре бастады. Мысық ашуланып, «мияу- мияу» (ашулы екпін) деп мияулай бастады. Бiрақ Таня оларды жылдам татуластырды.
Мысық пен күшiк көңiлдi мияулап, үре бастады».
Сосын бала мәтiннің мазмұнына екпін бере отырып, өзiнiң әңгiмесiн өзі айтады.
Сөздерді дұрыс түсіну, оларды пайдалану және белсенді сөздiк қорды әрі қарай кенейту бойынша жұмыс та әрі қарай жалғаса береді. Баланың сөздік қоры заттарды, олардың сипаттары мен қасиеттерін, іс-әрекеттерiн (зат есімдер, сын есiмдер, етістіктер) атау арқылы қарқындатылады. Жинатақталған түсініктер нақтыланады (ойыншық, киiм, жиhаз, көкөнic, ыдыс. Балалар ойыншықтардың, жануарлардың іс- қимылдарымен байланысты с-әрекеттерді атай алады, тапсырылған сөздерге анықтамалар таңдай алады (қар, ақшақар қыс)
4. «Кім көп сөз айтады?» (мақсаты: баланы кейіпкерлердiң сыртқы түріне ғана емес, сонымен қатар олардың мiнез-құлық сипаттарына да көңіл аударуға үйретiп, жануарлардың (хайуанаттардың) сипатын, белгілері мен іс-әрекеттерін атауға үйрету).
Ата-ана балаға хайуанат бейнеленген суреттi көрсетеді. Мәселен, тиін суреті. Баладан тиін туралы айтып беруiн сұрайды: ол қандай?, ол не iстей алады?, оның мiнезі қандай? - осы арқылы балаға сөйлемнің түрлi бөліктерінде сөздер таңдауға жағдай жасайды. Балаға кейіпкердің сыртқы сипатын ғана атамай (тиін- жирен, пысык, үлпілдек, шапшаң, батып, ақылды), сонымен қатар онын мiнезiн де (ол қарағайға өрмелейді, саңырауқұлақ жинайды, қысқа азық болу үшін жаңғақтар жинайды) сипаттау керек. Осыған ұқсас басқа да хайуанаттар туралы тапсырмалар беріледі: қоян-кішкентай, секіреді, үлпілдек, қорқақ, қорқыныштан дiрiлдейді; тышқан- құйрығы ұзын, қызық құмар.
5 «Кiм адасты?» (мақсаты: бір түбiрлі сөздерді таңдап алып тапсырылған сөздерге синонимдер таңдау).
Ата-ана баласына «Орманда кім секеңдеп жүр? (қоян)» деген қоян туралы әңгiме айтуда. Оны еркелетін қалай атауға болады? (ақ қоян, сақ қоян). Қоян тоқтап, жан-жағына қарап, жылады. Haліктен? (адасып кетті, сирағына шөгір кіргізіп алды).Айтшы, қазір коян қандай? (мұңды, , ренжулі). Сосын баладан сөйлемді аяқтауын сұрайды: «Егерде қоян адасып кетсе, ... (без оған үйiн тауып беруге көмектесемiз). Егерде қоян сирағына шөгір кіргізіп алса, бiз... (таңып береміз, емдейміз, жұбатамыз)».
Баланың жаңа сөздердiң мағынасын білуі, оның тілектерін дамытуға, бөтен сөйлемдердегі таныс емес сөздерді аңғаруға, сөздер және сөз mipkecтepinen сөйлемдер («Не қандай болады?», «Не істеу біледі.. жел, дауыл, күн?) құрауға үйрете білуі керек. Сонымен қатар көп мағыналы сөздерді түсіне білуі,оның турлі сөздердıңүйлесімділігіне («журiп жатыр» деген сөзді адам, автобус, поезд, сағат. мультфильмге қатысты айтуға болады) деген бағытын дамыту керек.
6. «Инелер қандай болады?» мақсаты: балага көп мағыналы ине» сөзi туралы ұғым беріледі, бір түбірлі сөздерді таңдауға жаттықтырады, зат есімді және сын есiмдi септеуді үйретеді).
Сен қандай инелердi бiлесiң? (шыршаның, қарағайдың, тігін, медициналық).

Барлық инелер бiр-бiрiмен несiмен ұқсас? (олар өткір, жұқа, тiкенек).


Қандай инемен бiз тігемiз немесе кестелеймiз? (тігін). Тігін инесімен не тігеді? (киiм). Медициналық инемен не істейді? (ауырғанда шаншиды).
Санай алмай шаршадым.
Инесi бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.
Кiрпi қайда өмір сүреді? Оған инелерi не үшiн қажет? (қорғану үшін), кірпі кiмнен қорғанады?
Кірпі, кірпі, сен неге тікенексің?
Жаман айтпай, жақсы жоқ. Менiң көршілерімнің кім екенін білемісің?
Қасқырлар, түлкілер мен аюлар.
Кiрпiнi сипауға бола ма? Кірпінің инесіне неге жiп сабақтауға болмайды? «Сен кiрпiге тиiспе, себебі ол ... (тікенек). Түлкi кiрпiге тиiсiп...(сирағына оның тікенегін кіргізді) деп сөйлемді аяқтаңыз.
Кірпі - әкенің инелерi ұзын және жуан, ал кішкене кiрпiлерде ...(қысқа және жіңішке).
Шыршаның инесі ұзын ба, қарағайдың инесі ұзын ба? Кәнекей, тезірек жауап бер.
Орманға саңырауқұлақ теруге барып, кiрпiнi кездестiрген қыз бала туралы әңгіме ойлап тап.
7. Басқаша қалай айтуға болады?» (мақсаты: баланы сөз тіркестеріндегі көп мағыналы сөздерді ауыстыра білуге үйрету).
Басқаша айт: «Бала келе жатыр. (адымдайды). Қар жауады. (туседі). Поезд келеді (жүредi, зулап келеді). Көктем келе жатыр (келді). Кеме келедi (жузеді).
Сөйлемдердi аяқта. Бала далаға шығып, Қыз бала кетіп қалып, ... Мен келіп,... Ол ақырын келе жатыр деп ойлауға болады, бiрак...».
Ата-аналар балалардың етістіктердің әр түрлі түрлерін жасауға етістіктерді жақтар мен түрлерге дұрыс жіктей білуге үйренуiне назар аудару керек. Мәселен, ойыншықтың қимылын сипаттап беруді сұрау (кiрдi - ендi шықты; секірдi-секiрiп өттi әкеле жатты-әкелді - әкетті).

Баланың сөздерді байланыстырып сөйлеуін дамыту үшін көркемсөзді (ертегі, қызық əнгіме) окуға үйрету керек. Суреттер бойынша шағын әңгiмелер кұрастыратын жаттығулардың да пайдасы мол.


Балаға арналған тапсырма: сурет бойынша әңгіме құрастыр (7 және одан көп сөйлемнен құралған әңгiме құрап, оған атау беру керек).
Баяндан сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшiн, ата-ана баланы әңгіме құрастырудың сызбасымен таныстыруы керек: әңгiменi қалай бастау керек, немен аяқтау керек. Осылайша, бала байланыстырып сөйлеудiң құрылымы, композициялық құрылысы туралы тусiнiк алады.
Ең алдымен әңгiменi әр турлi («Бiр күні.......», «Бiрде....», «Бұл оқиға жазда болған едi.... және т.с.с.) бастауға болатындығы туралы ұғымды бекіту керек. Сосын әңгімеге бастау берiп, баланың бұл әңгiменiң мазмұнын толтыруды, сюжетті дамытуды («Бірде ... орман iшiндегi алаңға хайуанаттар жиналды. Олар Кенеттен... Сол кезде хайуанаттар жиналып, ... Сонда ...) ұсыныңыз.
8. «Машаның орманда басынан кешкен оқиғасы» ертегісін құрастыру (мақсаты - баланы белгілі сценарий және сюжет бойынша әңгімелемей, өзі ойлап табуға үйрету).
Ата-ана: «Маша неге орманға барды? Жалпы орманға неге барады? (саңырауқұлақ, жемістер, гүлдер теруге, серуендеуге). Оған не болуы мумкін еді? (адасып кетуi, бiреудi кездестіруі) деп сұрайды». Әрі қарай ересек адамның көмегiмен бала сюжеттi дамытады.
Мектепке дейінгі ересек балалардың тілін дамытуға арналған ойындар және жаттығулар (6-7 жас)
Бұл жас мөлшерiнде баламен сабақ жүргiзу; толығымен қалыптастырылған сөйлеуге негізделеді. Бала дыбыс, сөз, буын, сөйлем дегеннiң не екендігін түсінеді. Оның сөйлеуін дамытуға арналған негiзгі міндеттер:

  • фонетикалык (айту) жағымен жұмыс, яғни, ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуын орнықтыру:

  • сөйлеу есін әрі карай жетілдіру;

  • айқын, дұрыс, мазмұнды сөйлеу дағдыларын орнықтыру.

Мақамды, дұрыс күшін, сөйлеу екпінін өңдеу үшін әдеттегідей жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтарды пайдаланған дұрыс. Енді балаға сөздермен ойнаған ұнайды - олардың мағынасын, оның нені білдіретінін, қалай дыбысталатынын, қандай дыбыстан басталатынын білу қызықты.

  1. Сөздiң дыбыстық және мағыналық жағы туралы ұғымын нақтылау үшін, балаға «Дыбыс, сөз, сөйлем деген не?» жаттығуды орындау пайдалы.

Ата-ана мынадай сұрақ қояды: «Сен қандай дыбыстар бiлесiң? (дауысты дауыссыз, жуан жiңiшке, үндi, қатаң). Сөздің жартысы қалай аталады? (буын).... (үстел) сөзi ненi бiлдiредi (жиһаз).
Бiздiң айналамыздағының барлығының өз атауы бар және олар бір нәрсені білдіреді. Сондықтан да біз: «Сөз дегеніміз не (немесе ненi бiлдiредi)» деймiз. Сөз дыбысталады және айналамыздағы барлық заттардың, адам есiмдерiнiң, жануарлардың, өсiмдiктердiң барлығының атаулары бар.
Есiм деген не? Бiздiн бiр-бiрiмiзден қандай айырмашылығымыз бар? Есімімізбен. Өзiңнiң ата-анаңның, туыстарыңның есiмдерiн ата. Сенiң үйіңде ит, мысық бар. Оларды бiз қалай атаймыз? Адамдардың есiмдерi болады, ал жануарларды ... (лақап атпен) атаймыз.
Әр заттың өз аты, атауы болады. Айналамызға қарап: не қозғалады? Нe дыбыс шығарады? Неменеге отыруға болады? Ұйықтауға болады? Жүруге болатынын айтайық.
Неліктен: «шаңсорғыш, «кір жуғыш», «ұшак», «еттартқыш» деп атайды? Олардын не үшін қажет екендiгi осы сөздерден-ақ түсінікті.
Әрбір әріптің өз атауы бар. Сен қандай әріптерді білесің? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? (Әрiп жазылады және оқылады, дыбыс айтылады). Әріптерден бiз буындар мен сөздер құраймыз.
Дауысты дыбыс «а» әрпінен басталатын балалардың есімдерін ата.
Қандай дыбыстан басталады?
Жуан дауыссызға (Рома, Наташа, Рая, Стас, Володия,), жіңішке дауыссыздарға (Лиза, Кирилл, Леня, Лена, Митя, Люба) басталатын есiмдердi таңда.
2. «Дыбысты тап» (мақсаты: бір және екi буынды сөздерді табу). Бiр және екі буыны бар сөздерді тап. «Теңіз» сөзінде қанша буын бар? («тон» сөзi бiр буыннан тұрады, «қоныз», «алма», «кеспе», «бақа», «қақла» «тырна», «арба» сөздері - екi буыннан, «балапан» сөзі - үш буыннан тұрады). Қандай сөздер бірдей дыбыстан басталады? Бұл дыбыстарды ата («мақта», «мата» сөздері «м», «бал», «бақа» сөздері «б» дыбысынан, «қар», «қасық» - «қ» дыбысынан, «талшын», «тақия» - «т» дыбыснан басталады.
«P» дыбысы («қарбыз», «тұрып», «алмұрт», <<мандарин», «өрік»,«таубулдірген»), «л» (алма, алша, алмұрт, алхоры, лимон) бар көкөністерді, жемiстердi және жидектердi ата.
Мына сөздермен дыбысталуы ұқсас сөздерді таңда: «сурет» (керует. меруерт, құдірет). «бақа»(баға, таға, саға), «алма» (алша, алқа, ала), «қар» (қал қас, қап).
Бақа (секiредi, жүзеді), алма (өседі, түседі), сурет (iлiнедi) не істейді?

  1. «Жүреміз, ұшамыз, жүземiз» (мақсаты: баланы берiлген дыбысты сөздiң басынан, ортасынан және соңынан тауып алуға үйрету).

Суретте көліктерді бейнелейтін алты сурет бар: тiкұшақ, ұшақ, автобус. троллейбус, теплоход, трамвай.
Барлық заттарды бір сөзбен (көлік) ата.
Бұл сөздерде неше буын екенін айт? («тікұшақ» сөзінде екі буын, ұшақ сөзінде бір буын, «автобус» сөзiнде-үш буын, «троллейбус» сөзінде уш буын, «теплоход» сөзiнде үш буын, «трамвай» сөзiнде екi буын бар).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет