Сөйлеу баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші Сөйлеуді дамытудағы ата-ана рөлі Сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі43,3 Kb.
#98337
  1   2

Дәріс 7. Сөйлеуді дамыту
Жоспар:

  1. Сөйлеу - баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші

  2. Сөйлеуді дамытудағы ата-ана рөлі

  3. Сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар




  1. Сөйлеу - баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші, себебі! Онда сәбидiң барлық жетiстiктерi мен проблемалары көрініс табады. Баланың бiрiнші сөзді айтатынын дәл мерзімін анықтау, оңай емес. Себебі сөйлеудін пайда болу мерзiмi бойынша және өзінің белсенді сөз қорының көлемі бойынша балалар бiр-бiрiнен өзгеше болады және орташа алынған мәлімет шынайы көріністі көрсете бермейді. 11-12 айының өзінде-ақ 110-115 сөз айтатын балалар да болады, ал кейде өзінің жалпы қалыпты психикалық дамуын қарамастан, 2,5 жасқа келгеннің өзінде де үндемейтін балалар болады. Балалардың сөздік қорының мөлшері де әр түрлі болады; мәселен, бiр жас үш айдағы баланың ең аз сөздiк қоры - небәрі 4-5 сөз, ал ең көп - 232 сөз.

Сөйлеудің дамуының екi негiзгi бағыты бар: сөйлеуді енжар меңгеру (сөйлегендi түсiну) және белсенді (сөйлеу). Әдетте енжар сөйлеу белсендіден асып түсiп жатады. 10-12 айдың өзiнде-ақ балалар көптеген заттар мен іс-әрекеттердің атауларын түсiнедi: мәселен, балаға: «Алақай, алақай» десеңіз, ол қолын шапалақтай бастайды, ал балаға «Сау бол» десеңiз - ол қолын бұлғайды.
Өкінішке орай, кейiнгi кездерi ата-аналар мен ұстаздар үшiн 3-4 жастағы балалар арасында сөйлеудiн дамымағандығы немесе жоқтығы маңызды проблема болып отыр.

  1. Сөйлеудiң дамуындағы артта қалушылықтың бiрiншi және басты себебі баланың өз ата-анасымен жеткіліксіз қарым-қатынасы болып табылады. Көптеген ата-аналар өзiнiң жұмысбастылығына және шаршайтындығына байланысты өз балаларымен сөйлесуге уақыттары жоқ және оны қаламайды. Сондықтан да бала үшiн әсерлердiң басты көзi (оның iшiнде сөйлесудегі де теледидар болады.

Теледидар алдында отырған бала үнемi күштi дауысты, әр түрлі және мазмунды сөздер еститін сияқты боп көрінеді. Баланың бұл сөздерді меңгеруiне кiм кедергі болады?
Өйткені теледидар экранынан естілген сөздер, кішкентай балалар үш олардың өзіне жеке айтылғандай әсер бермейді. Ол баланың практикалық белсенділігіне қосылмаған, сондықтан да онын бала үшін ешқандай маңызы жоқ ол бала үшін экранда жылтырап көрінген бейнелердің фоны боп қала береді.
Сондықтан да: ешқандай, тiптi ең жақсы телехабарлар да баланың ата-анасымен қарым-қатынасын алмастыра алмайтынын ата-ана естен шығармаулары керек. Сәбиге жеке өзіне айтылған сөз қажет. Оған кім және қалай сөйлесіп жатқаны бәрібір ең маңыздысы ересек адамның не айтқаны ғана емес, сондай-ақ оның балаға қалай сөйлейтіні бала үшін мүдделі зейін, жауапты күлкі, эмоционалдық мазмұндылық маңызды.
Кейде сөйлеудıң дамуында артта қалушылық жақын туыстарын артық түсiнумен байланысты болады. Егерде ата-ана баланын дербес сөйлеуiн (оның «бө-бө», «нәм», «ба» тәрiздi бала сөздерiн) жақсы түсıнуге уйренген болса, олар көбіне баланың қалыпты сөйлеуін ынталандыруға ұмтылмайды. Сонымен қатар, сәбиінің, бұлай сөйлеуі оның осындай тілі (оны кейде аналар мен бала бағушылар тілі деп те айтады), оның ерекше назiктiгiн көрсетеді деп санап, баламен сөйлескенде соны пайдаланады.
Бірақ бұл тіл, тек сөздердің мағынасын түсінбейтін бала үшiн ғана орынды. Бір жастан кейін сөйлеуді қарқынды үйрене бастағанда, «бала сөздері» қалыпты сөйлеудің дамуына маңызды кедергі болуы мүмкін. Бала бірнеше бала сөздерін ғана мiсе тұтып, бұл кезеңде ұзақ уақыт бойы «артта қалып қоюы» мүмкін.
Егерде бала 3-4 жасқа дейiн тек қана бала сөздерін» айту кезеңдерінде қалып қойса, кейiн оның салдарынан ана тілінің дыбыстарын толық меңгермеу, дыбыстарды ауыстыруы, оларды араластыру және т.с.с. байланысты әр түрлі қателіктер болуы мумкин. Бастауыш мектепте мұндай дұрыс сөйлемеу, жазу жазғанда дөрекі қателіктерге әкеп жатады, өйткені бала қалай естісе, солай жазады».
Мұндай проблеманы жеңу үшін екі ережені сөзсіз сақтау керек:
• Баламен әр түрлі «бө-бө» немесе «нәм-нәм» деп «бала сөзімен»сөйлеспеу керек. Баламен сөйлескен кезде оның назарын сөздердiң артикулициясына аударып, баланың сөздерді түсінікті етіп айтуына қол жеткізе отырып, жекелей сөздерді дәл және анық айту керек.
• Дербес «бала сөздерiн» түсінбеу керек», оның қажетті заттардың атуын дұрыс айтуға көтермелеп, оның алдына сөйлеу мiндетiн қою керек.
Сөйлеу үшін тағы да бiр маңызды кедергі баланың жоғары ырықсыздығы мен ересек адамға қатысты сезімтал болмауының болуы мүмкин. Мұндай балалар аса белсенді, елгезек, олар «бас ауған жағына>> шауып жүреді және iс-әрекетін шоғырландыра алмайды. Олар өздеріне айтылған ата анасының сөздерiн естігендей болады, бірақ оған назар аудармайды. Тіпті олар өздерінің қарсылығын айрықша көрсетеді - ата-анасына қарап емес, басқа жаққа бұрылып айғайлайды.
Мұндай жағдайда, ата-аналарға. алдымен негiзiнде сәбимен эмоционалдық байланысы бар ойындар мен сабақтарға қайтып келу керек. Бұл басынан мейіріммен сипау, оны атымен атау, «Саусақтарды санау» т.с.с. Қарапайым сәби ойындары да болуы мүмкін. Баламен байланысты орнатып, оның көзқарасын ұстанып, одан жауапты әсер алған маңызды. Баланың ересек өмiрге енуіне түрлі заттар мен ойыншықтардың да үлкен маңызы бар. Барлық заттық iс әрекеттерге мумкіндігінше «адами» сипат беру керек - қуыршаққа аяушылық білдіру немесе оны ұйқыға жатқызу керек, ойыншық машинаға жүргізушіні отырғызып, оны гаражға апару керек, ойыншық маймылды емдеу керек және т.с.с.
Тағы да бір кеңiнен таралған проблеманың бiрi сөйлеу дамуының шапшандығы болып табылады. Сөйлеудiң қалыпты дамуының бұзылуының бұл нұсқасы алдындағының бәріне қарама-қарсы. Бұл балалардың бірінші сөздерiнің тек кешеуілдеуiмен ғана емес сондай-ақ, керісінше сөйлеу дамуының барлық жас мөлшерлік мерзiмдерiнен озуымен де ерекшеленедi. 1жас 3айдағы бала кенеттен жақсы мақаммен балалар сөздерін мүлдем пайдаланбай, тұтас сөйлемдермен сөйлей бастайды. Мұндай сөйлемпаз ғажайып сәбиін ата-анасы қалай мақтаныш тұтады десеңізші! Өз таныстарыңа сәбидiң ерекше қасиеттерін көрсету қандай тамаша!
Басында оның мүмкіндіктері шексiз болып көрінеді. Онымен үнемі сөйлеседі, оқытады, әңгiме айтады, кітаптар оқиды, музыка тыңдатады. Ал бала болса бәрін түсiнедi, барлығын қызығып, тыңдайды. Барлығы жақсы, тамаша сияқты. Бiрақ кенеттен мұндай бала кекештенiп, ұйқысы бұзылады, қисынсыз үрейлерден жапа шегедi, ол енжар, еркеге айналады.
Мұның себебі сәбидiң әлсiз, шынықпаған жүйке жүйесi, оның басына түскен ақпарат ағынына шыдамағанына байланысты. Оның кайта құрылып, бірнеше айдың ішiнде кішкене сәбиден ересек адамға айналуы қиын болды. Оның шамадан тыс қозғыштығы, түнгi үрейлерi, кекештенуі, баланың жүйке жүйесiнiң шаршағандығын, оның шамадан тыс акпараттық жүкті көтере алмауын көрсетеді
Яғни, балаға демалыс, артық әсерлерден (ең алдымен сөйлеу) еркiн болу керек. Невроздардың дамуының алдын алу үшiн, баламен көп серуендеп, қарапайым бала ойындарын ойнау керек, құрдастарының ортасына үйретіп, ешуақытта да жаңа ақпарат салмағын салмау керек.
3-4 жасқа қарай баламен әңгiмелесіп, диалог жүргiзуге болады. Әдетте осы жастағы балалар үзіліссіз, асығып, сөздiң аяғын жұтып қойып сөйлейді. Ата-аналарға қажетсіз асығыстықты «басу» керек, баламен бiрқалыпты
сабырлы дауыспен сөйлеген жөн.
Бес жасқа қарай баланың сөйлеуі толық қалыптасады, ол ұзақ және соншалықты күрделі сөйлемдер құра алады, көргенi және естiгенi туралы көп және бар ынтасымен айтады. Кейбір дыбыстарды айтқан кезде ғана қиындықтар туындауы мумкiн.
Мектепке барар кезге қарай бала ана тiлiнiң барлық дыбыстарын анық айта алуы керек, оны оқшаулап емес, сөйлемдерді байланыстырып айтуы керек. Сурет бойынша, таяныш сөздерi бойынша, жеке тәжiрибесі бойынша өздігінен әңгiме құрай алуы керек.
Жеті жасқа қарай бала сөйлемнiң грамматикалық құрылымын менгеруi керек.
Сәбидің сөйлеуі толыққанды даму үшін, ата-аналар бүл үдеріске басты назар аудару керек. Ата-аналардың өздері, барлық дыбыстардың нақты артикулясымен дұрыс сөйлей білулері керек.

  1. Ерте замандарда-ак жаңылтпаштарға баса назар аударылған. «Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, кейде тіл келмейтiн, кейде тiл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады». Бала сөйлеген кездегi оның асығыстығын басу үшін, балаға жаңылтпаш айтқызып үйретіңіз. Бұл қызықты және қысқа тақпақтарды айту оған сөзсiз ұнауы мүмкiн




Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?

Дөп деп,
Дөп теп.


Ескектi ескекші еседі.


Ескекшi ескектi еседi.

Жаға жай,


Жағажайда – Қамажай
Пай-пай-пай,
Жайылып жур тай.

Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай


Сурап Мұрат


Коньки тап.
Байлап майлап,
Аттай шап

Электр шамы жанады,


Этаждар жымың қағады.
Электр жарық бермесе,
Экран сөнiп қалады

Ян-ян-ян
Жүгiрiп жүр қоян.


Ян-ян-ян
Бұл қоян емес, шаян!



Тақпақ жатта,
Жатқа жатта

Ошақта от жоқ.


Шоқ тап, от жақ.

Даланы қар жабар.


Қарға балалар аққала қалар

Таяқ жон.


Жонсаң жөн жөн.

Бұл, бұл - піл,


Бұл бiр iрi пiл.

Қыста құлағым үсіп кетті,


Yciп, iciп кеттi.

Қызым жузiм же,


Жузiм узiп же.

Тұз - мұздай,


Мұз-тұздай.

Бар, май шайқа,


Байқа, жай шайқа.
Тары ақта,
Тары ақтап,
Қапқа қапта

Тұрыс бұрышқа тұр.


Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр.



Мақам (сөздерді, буындарды және дыбыстарды айқын және анық айту) арнайы сөйлемдік материал көмегімен жасалады. Бұлар таза сөйлеуге Үйрететін әзіл тақпақтар, мақал-мәтелдер, дыбыстардың белгiлi бiр тобынан тұратын сөйлемдер (ра-ра-ра - ұшып жур ара; ар-ар-ар дала толы қар, ыр-ыр ыр-ұйдың сыртында қыр: ры-ры-ры жапырақтар сары; ір-ір-ір-үсті –басы кiр), буындарды аяқтауға арналған жаттығулар, сөздерді атау, дыбысталуы жапырактар сары: iр-iр-iр-усті-басы балык-халык, сазан-қазан). бойынша ұқсас сөзлерді айту (таяқ-таяз, балық-халық, сазан- қазан).
Баланы дыбысты дұрыс айтуға үйрететін сабақтар 3-4 жастағы балалардың сөйлеуін дамытудағы жетекші бағыт болу керек.
Артикуляциялық аппаратты дамыту «тілге арналған гимнастиканы» қолдану пайдалы:

  • Тiлiм серуенге жиналды (аузымызды ашып, тілімізді көрсетеміз).

Ол жуынды (тілімізбен ернімізді жалаймыз).
Таранды (бiрнеше рет тілімізді көрсетіп, үстіңгі және астыңғы тістерді жалаймыз),
Өткен-кеткенге мойын бұрды (тілімізбен ернiмiздi айналдыра жалаймыз)
Оңға, солға бұрылды (тiлiмiздi оңға және солға шығарамыз).
Төменге құлады (тiлiмiздi төменге түсіреміз), жоғары шықты (тілімізді жоғары шығарамыз).
Ап! -және аузымызға кіріп жоқ болды (тіл ауызға тығылады).

  • Қонжық үйшікте өмір сүрді (аузымызды кең етіп ашамыз),

Қонжық балды жақсы көреді (ернiмiздi жалаймыз),
Екi ұртын толтырып (ұрттарын томпайтады)
Шайнаң, шайнаң етеді (шайнауды бейнелейді).
Балды жеп болған қонжық.
Тазалайды тістерін( тілімен жоғарғы, одан кейін төменгі тістерін, жоғары- төмен, онға-солға жалайды).
Балаға дыбысқа еліктейтін сөздерді, жануарлардың немесе түрлі дауыстарды, мәселен музыкалық аспаптардың дыбыстарын салу өте қызықты: Жайылымда сиыр жайылып жүр. «Мө-ө-ө, мө-ө-ө»,
Ара ұшып жүр: «3-3-3, 3-3-3».
Жазғы самал жел соқты: «Ф-ф-ф, ф-ф-ф».
Коңырау шылдырлайды: «Зың-зың зың»
Көк шегіртке шырылдайды. «Тр-р-р, п-c-c».
Түрпі кірпі жүгіріп өтті. «Пх, пх, пх
Қарға ұшты қарқылдап: «Қар-қар, қар».
Сауысқан ұшты саңқылдап: «шық-шық, шық».
Ашулы қоңыз ызылдады: «ыж--ж-ж, ж-ж-ж».
Осылайша, бала жуан және жiңiшке дыбыстарды айтуды меңгереді.
Балалардың ысқырық («С», «Сь», «3», «Зь», «Ц»); ызың («Щ», «Ж», «Ч «Ц»); ундї («Л», «Ль», «P», «рь») дыбыстарды игеруi қиындык туғызады.
Мамандардың пiкiрiнше, дыбыстарды айту бес жасқа дейiн өздiгiнен түзеледі. Егер де олай болмаған болса, балалар емханасындағы логопедке жүгiну керек. Бұл қаншалықты ертерек жасалған болса, ол болашақ оқушы үшiн соншалықты жақсы болады. Кейбір дыбыстарды дұрыс айтпайтын балалардың, мектепке дұрыс жаза алмайтындығын тәжiрибе көрсетіп отыр. 6 жасқа дейiн дыбыстарды айтудағы кемшіліктердің барлығын түзетуге болады. Логопед жұмысының нәтижелерін ата-аналар қарапайым, жеңiл есте сақталатын тақпақтар көмегiмен бекіте алады. Оларды жаттау, бала үшiн қиын дыбыстарды менгерiп қана қоймай, сондай-ақ қоршаған орта туралы бiлiмiн кеңейтеді, оның сөздік қорын арттырады, ойы мен есiн дамытады.
4-6 жастағы балаларда ысқырық дыбыстарды («С, «Сь», «3», «Зь», «Ц») автоматтандыруға арналған тақпақтар:



Сыздық судан сүлiк сүзді.


Сыздықтың сүлкі салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шықты,
Суға түсіп, сумаңдап жүрді.

Зауза қоңыз зыңылдап,
Оқ жыланға кеп қалды.
Атылғанда ол зырылдап,
«3» әрпі боп қалды.



Сылдыр-сылдыр, сылдырмақ,
Сылдыр, сылдыр етеді.
Аяғыммен, , қолдарым,
Өзі билеп кетеді.



Зақым түсiп жүрекке.
Зарықтырды арманы.
Жетпеді әке тілекке,
«Зауреш» әні - қалғаны

Сең селемес,
Сел сең емес,
Мен сен емес
Сен мен емес.

Вини Пух пен Пятачок,
Зоопаркпен қоштасты.
Ормандағы қарны тоқ.
Зебраменен достасты.

Циркте ойнар аюды,
Циркач десем, күлесiң.
«Ц»» әрпінен басталған,
Цемент сөзін білесің.



Зура зурнада ойнады.
Зурнада бiр ғана Зура
Ойнады деме
Зура да, Зере де зурнада ойнады.



4-6 жастағы балаларда ысқырық дыбыстарды («ш, «ж», «3», «ч», «щ») автоматтандыруға арналған тақпақтар

Күмiс қанат шағала.
Ұшып жүрсiң жағада.
Қармағың жоқ, ауың жоқ.
Шабақ алдың бағана.
Мақманайын ағама.
Берсейші ұстап маған да



Щетка деген ғажап-ақ.
Щетканы әжем мақтайды
Щеткамен тіс тазалап,
Щеткамен үй ақтайды.



Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шыңдалған шалғысын шық еткізді

Жоғалған соң Ұлдаш кеп,
Үш-ақ тісті тарағы.
«Щ» әрпіне ұқсас деп,
Бөлме ішiн шарлады.

Жағажай,
Жағажайда-
Қамажай.

Ащы жеген тазша баланы
аузы ашыды.
Тазша бала
тұщы сумен аузын шайды



Жұлдыздар көкте мүлдем көп, Жарқырайды түнде көп.
Қызығамыз, қараймыз.
Кереметке балаймыз

Пошташы, пошташы!
Бiздiң үйге тоқташы!
Барша бала алдырған,
Барма сізде «Балдырған ?

Жабай қарттың ұрпағы,
Дарынды болған тегiнде.
Жамбылдай жыр алыбы
Жүз жасаған елiнде



Чемоданын көтерiп
Чкмпион кетіп барады.
Куәлігін көрсетіп,
Кассадан чек алады.

Көбелекке кәдімгі
Қарасаңыз анықтап
Жаны бар «Ж ұшып жүр.
Жапырақша қалықтап.



Чарли Чаплин талай жанды,
Күлкiciнe батырды.
Чебурашка балаларды,
Бірге ойнауға шақырды.

4-6 жастагы балаларда үндi дыбыстарды


(«Л» ,»Ль», «P», «Рь») автоматтандыруға арналған тақпақтар

Лашын шықса биікке,
Лағын тастай түйіліп,
Лағын ерткен киікке.
Лезде ұмтылар шүйлігіп.

Рюкзағы бар Рымбек ағай, Шынығудан өтеді.
Өрмелесе тауға қарай,
«Р»-ға ұқсап кетеді



Лағын-ау, лағым,
Тентек болма шырағым.
Секеңдеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.!



Қабуға итім аз-ақ қап:
- Р.р. -дедi. - Р-р-р,-деді.
Деп тұрғандай мазақтап,
- Осыны айта білмедің.



Ызың дыбыстарды айтуға арналған ойындар мен жаттығуларды тақырыптық жағынан біріктіруге болады. Мәселен, «Жағажайда суретін қарастырғаннан кейін, ересек адам баладан бірқатар тапсырмаларды орындауын өтінедi: Жағажайда Жанар суға шомылып, жүзiп жүр; жа-жа жағажай, жа -жа - Жанар: жү-жү- жүздi; жүр) «Ш» және «Ж» дыбыстары бар сөздердi анық айтсын. Мұндай жаттығулар балаларға сұрактың екпінін меңгеруге және оларда мақамдық сезiмiн дамытуға көмектеседі.


Сөзді, сөйлемді нақты айтқан кезде, бала дыбысты мүшелеп айта отырып «дыбыс», «сөз» терминдерiн түсiнуге жақындайды.
Дұрыс айту бұл - iстiң бiр жағы. Мектепалды бiлiм беру мекемесіне бармайтын баламен, тіл дамытуға мумкiндiк жасайтын сабақтарды үйде өткізу керек. Бала түсiнiгi үшiн қол жетімді сөздердің мағынасын саналы түрде меңгеруіне көңіл бөліп, олардың мағынасынын реңкін сезімталдықпен қабылдауына, оларды бейнелеп қолдануына назар аудару керек. Мұнда тек зат есiмдi ғана емес, сондай-ақ сөйлемнiң түрлі бөліктері) - етістіктi де, сын есім де, одагайды да қарқындату қажет.
Ата-аналар әр зат, оның қасиетi және оның iс-әрекетінің өз атауы бар екендігін көрсетуi керек. Ол үшін баланы заттарды маңызды белгілері бойынша айыра білуге, «Бұл не?», «Бұл кім?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, сондай-ақ ойыншықтардың, жануарлардың қимыл-қозғалыстарымен байланысты iс-әрекеттер олардың күйiн, адамның ықтимал іс-әрекеттерін «Не істеп жатыр?», «Мұнымен не істеуге болады?») көре білуге, оларды дұрыс атауға, заттардың ерекшеліктерін көруге, сипатты белгілері мен қасиеттерін («Кандай?») бiлуге үйрету керек. Мұндай білім алу сабақтары «Бұл не?» «Айтшы, қандай?», «Кім не істей алады?» ойындары арқылы жүргізіледі.
Осындай тапсырмалардың мысалдары
1. Сұрақтарға жауап бер:
Кiм ұшады (ұшады, жүзеді, жугiредi?)
Не ыстықболады (жасыл, қатты, жылдам)?
Көбелек не iстейді (жылан, ат, бақа)?
Алма қандай болады (балмұздақ, гүл, тәрелке, қарындаш)?

  • Сөздердiң мағынасын түсіндір және оның қандай заттар тобына тиесілі екенін ата, оның неден жасалғанын және не үшін керек екендігін айт.

Кітап деген не? , мотоцикл деген не?, қауырсын деген не? , көйлек деген не?
3. Әрбiр ұсынылған сөзге қарама-қарсы сөздi таңда

Суық- Қуанышты - Жылдам-


Ашулы- Жұмсақ - Кең-
Үлкен- Биік- Қатты-



  1. Сөйлемдi аяқта: (тапсырманың мақсаты баланы етістіктерді дұрыс пайдалануға үйрету). Сөйлемдердiң аяқталмағандығын ересек адам екпінмен көрсетеді.

  • Оля тұрды және. (жуынуға барды, тiсiн тазалалы, дене шынықтыру жасады)

  • Коля турды және... (серуенге кетті, футбол ойнады, далаға шықты). Көжек қорқып кетiп, ... (бутаның астына тығылды, қалтырады, әрі қарай қаша жөнелді).

  • Ира ренжiдi де, ... (жылап жiбердi, балалармен сөйлеспей қойды).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет