Мысалы:А – болса:
Балалар: Ай, алма,алмұрт, асқабақ, т.б.
13.«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»
Ойынның мақсаты: «ж», «з» дыбыстарын айтып жіберу.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға «ж», «з» дыбысынан басталатын сөздерді табуға сұрайды.
14.«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»
Ойынның мақсаты: ұқсас дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға ұқсас дыбыстарды айтады және сол ұқсас дыбыстарды балалар сөздерден табуы керек. Ойын сонында балалар сөздер ұқсас дыбыс шығара алады деген қорытындыға келеді.
15.«Міне, осылай дыбыстарды атайды»
Ойынның мақсаты: дыбыстарды дұрыс әрі нақты айтуға үйрету
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға кез келген дыбыстарды айтады. Ойынға қатысқан балалар сол дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуы керек.
16.«Дыбысталатын сағат»
Ойынның мақсаты: дыбысталатын сағаттарды тілмен дұрыс көрсете білуге үйрету.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға дыбысталатын сағаттың дыбысын естіртеді, балалар оны қайталайды.
17.«Жаңғырық»
Ойынның мақсаты: Жаңғырықты ауызбен айтуға үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші екі затты соғып жаңғырықты балаларға естіртеді, соны ауыздарымен жасап қайталайды.