Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет17/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз-emirsaba.org

Ангина

Ангина барлық организмнің өткір жұқпалы ауруы болып табылады, ол айқын түрде таңдай миндалинасында байқалады. Аурудың қоздырғышы – стрептококк. Ангина балалық және жеткіншектік шақта жиі кездесетін аурулардың қатарына кіреді. Организмге суықтың тиюі және жұмсақ миндалинаның созылмалы қабынуы (созылмалы тонзиллит) ангинаның туындауына себеп болады. Ангина жұтқан кезде тамақтың ауруымен басталады; температура 38-39ºС дейін (балаларда кейде 40º дейін) көтеріледі, бас ауырады, бұлшық ет пен буындар ауырсынады. Аурудың бйқалу сипатына қарай ангинаның үш формасын ажыратады: катаралды, лакунарлы және фолликулалы. Катаралды ангина ең жеңіл форма. Миндалиндер ісінеді, кілегейлі қабат қызарады. Бастапқыда тамақта құрғақ сезім, содан жұтқанда ауырсыну пайда болады. Температура ересек адамдарда сондай көтерілмейді, ал балаларда 40º дейін жоғарлайды. Лакунарлы ангина кезінде аурудың белгілері айқын көрінеді, температура тез жоғарлап, тамақта ауру сезімі пайда болады, кейде бұл сезім құлаққа беріледі. Миндалиндің тереніңде іріңді қақпақ түзіледі. Фолликулалы ангина көбнесе кенеттен температураның 39-40º дейін жоғарлауымен, тамақтын ауруымен басталады. Аяқ-қолдар, арқа мен бас ауырсынады. Қызарып, ісінген миндалинде дөңгелек пішінді сары дақтар пайда болады. Бұл дақтар миндалинның ұсақ бөлшектерінің іріңдеуі (фолликулалар) болып табылады. Мойына - жылы таңғыш немесе жылытылған компресс, тамақты дезинфекциялық ерітінділермен (бор қышқылы – бір стақан суға бір шай қасық, калии марганец қышқылы - әлсіз қызғылт түске дейін) шаю қажет. Ангина ауалы-тамшылы жол арқылы таралады, сондықтан сырқат адамның жеке ыдысы, орамалы, болуы қажет және олар қоршаған адамдардан, әсіресе балалардан оқшауланады. Ангинаны алдын алу үшін организмді жүйелі түрде шынықтыру және жұтқыншақ ауруларын (аденоидтың өсіп кетуі, созылмалы тонзилит) уақытында емдеу қажет. Ангинада кейін әр түрлі асқынулар байқалады. Солардың ішінде ең маңыздысы – жұтқыншақтағы қабыну процесінің есту түтігі арқылы ортаңғы құлаққа өткен ортаңғы құлақтың өткір қабынуы болып табылады. Жалпы асқынуларға ревматизм, эндокардит, бүрек қабынуы жатады. Ангина жеке ауру түрінде ғана емес, ол сонымен қатар кейбір жұқпалы аурулар (скарлатина, дифтерия) белгілерінің бірі және кан ауруларының (лейкоз) байқалу белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ангинаның бірінші белгісі байқала басталысымен дәрігерге көріну қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет