Таңдай миндалинінің гипертрофиясы Балаларда таңдай миндалині ұлғаяды (гипертрофияға ұшырайды), кейде жұтқыншақтың кіре берісін жауып, бір-бірімен жанасқанға дейін үлкейеді. Осы кезде жұту және дем алу қиынға соғады, түнде бала қорылдап, жиі оянады, кейде түнде миндалина гипертрофиясы аденоидпен бір уақытта байқалуы мүмкін. Егер таңдай миндалинінің гипертрофиясы дем алу, жұту және сөйлеу қызметтерін бұзуға дейін жетсе, онда хирургиялық емдеуге жүгінеді. Егер миндалиннің ұлғаюы созылмалы тонзиллит құбылысымен жүрмесе, онда миндалинді толық алып тастау қажеттілігі жоқ. Осындай жағдайларда миндалиннің бір бөлігі алып тасталады. Мұндай операция амбулаторлы түрде жасалады.