Мұрынжұтқыншақты фиброма дәнекер ұлпасынан және бірнеше қан тамырларынан тұратын ісік болып табылады. Ондай ісік 8-13 жастан басталып, тек ұл балаларда дамиды. Мұрынжұтқыншақ фибромасы тез өсумен сипатталады. Бастапқы белгілерінің бірі – мұрынның бір жағының бітелуі; бірнеше айдан кейін мұрын арқылы тыныс алу мүмкін емес, және кейде құлақ аурулары ( есту түтігінің катары, ортаңғы құлақтың қабынуы) туындайды. Ісік одан сайын өссе, көздің бақшаюы, мұрын, жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың деформациясы байқалады. Тек хирургиялық жолмен емделеді.