Сөйлеу тілі кемістіктерін топтастыру



бет3/4
Дата10.12.2023
өлшемі22,82 Kb.
#136507
1   2   3   4
Байланысты:
5034827401857 13 лекция

Брадилалия ( «bradys» -баяу, «lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады.
Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия) ішкі де сыртқы да сөйлеу тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді, күрделі жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте жасынан осы бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың әрі қарай дамуына және сөйлеу тілінің қалыптасуына жағымсыз жағдай тудырмайды.
Тұтықпасөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады.
б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия).
Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық , жоқ болса - функционалды деп аталады.
Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ауытқушылықтарының салдарынан дауыс әуезділігі (тембрі) және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуымен сипатталады. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.
Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады.
Дизартрия сал ауыруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия бала дамуының кез-келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі (семантикалық) өндеуінің бұзылуы/ алалия және афазия кіреді.
Алалиябаланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).
Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтіретін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекциялар, бас мидың ісіктері.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография
Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дисграфия –жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады» (А.Н. Корнев).
«Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын орфографиялық морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен пайдаланудың тұрақты және ерекше бұзылуы» (Р.И. Лалаева)
Негізгі қиыншылықтар – балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы (дислексия (алексия), дисграфия (аграфия) және дизорфография.
Қорытынды: клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен логопедияның әрекеттестігіне негізделген. Бұл классификацияда психологиялық – лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. Солардың негізінде негізгі топтар, тіл кемістіктерінің түрлері, формалары ажыратылады. Осы критерийлер тіл кемістіктер жайында толық көрініс береді.
Қазір ғылымның қарқынды дамуына байланысты сөйлеу тілі, психикалық, физиологиялық механизмдері туралы білімнің нығаюына және логопедиядағы жаңа зерттеулерге байланысты сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыруда өзгерістер еңгізілді.
Қазіргі таңда логопедиялық мекемелерді құру негізі ретінде және түзету жұмысының фронтальды әдістерін қолдану үшін сөйлеу тілі бұзылыстарының психологиялық-педагогикалық классификациясы пайдаланылады. Оны Р. Е. Левина құрастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет