Сөйлеу тілінің бұзылуын топтастыру негізіндегі критерийлер



Дата16.03.2023
өлшемі29,95 Kb.
#74781
Байланысты:
сөйлеу тілінің бұзылыстары



Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті



ЭССЕ
Тақырыбы:Сөйлеу тілінің бұзылуын топтастыру негізіндегі критерийлер

Орындаған:Абдуали М.


Тобы:1201-10
Қабылдаған:Аширбаева А.

Шымкент 2023


Логопедия ғылымында көп уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі - жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл бұзылыстарын топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл бұзылыстарының көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде болуы. Сонымен қатар сөйлеу тіл бұзылыстарының себептеріне деген ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы. Осының бәрі тіл бұзылыстарын ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Сондықтан қазіргі таңда сөйлеу тілінің бұзылыстарын топтастыру мәселесі әлі де өзекті деуге болады.
Бұл классификациялардың көптеген ортақ белгілері болды: клиникалық көзқарас, бұзылыстардың түрлерін белгілі біл сырқаттың түрлерімен байланыстыру (тіл бұзылыстарын белгілі бір аурудың симптомы ретінде қарастыру), ортақ терминдерді қолдану (көптеген терминдер әлі күнге дейін қолдануда). Классификациялардың арасында көптеген сәйкессіздіктер де кездескен. Олардың тіл бұзылыстарын топтастыру кезінде әр қайсысы әр түрлі принциптерге сүйенуі және белгілі бір критерийдің, тіл бұзылыстарын топтастырудың қажеттілігіне бір ынғай көз қарастын болмауы. Балалар логопедиясы педагогикалық ғылым саласының жеке бөлігіне айланды. Соған қатысты ақаудың бірінші-екінші реттік критерийлерінің негізінде балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарын түсіндіруде белгілі шектеу еңгізілді.
Сөйлеу тілі бұзылыстарын топтастыру мәселесін қарастыру барысында ғылымдар екі бағытқа бөлініп кетті: бірінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасын сақтап, бірақ оны жаңа мазмұнмен толықтырса, екінші бағыттағы ғалымдар сөйлеу тілі бұзылыстарының дәстүрлі номенклатурасынан бас тартып, бұзылыстардың жаңадан жіктеуін еңгізді.
Сонымен, қазіргі кездегі логопедияда бір-бірін толықтыратын тіл бұзылыстарын топтастырудың екі түрі бар: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық (Р. Е. Левина бойынша).
Бұл классификацияның құрылу критерийлері рессейлік классификацияға қарағанда басқаша. Бірақ, қандай классификация болмасын, барлығы логопедиялық жұмысты жаңартуға бағытталған. Сонымен, тіл бұзылыстарын талдау, топтастыру мәселесі әліде өзекті мәселе деуге болады.
Клиникалық-педагогикалық топтастыру тіл бұзылыстарының анатомиялық- физиологиялық механизміне және осы бұзылыстардың пайда болу себептеріне негізделген.
Бұл топтастыру тіл бұзылыстарын бір белгілі сырқатпен байланыстырмайды, түзету жолдарын қарастырады. Топтастырудың негізіне психологиялық - лингвистикалық және клиникалық өлшемдері (критерийлері) алынған. С.С. Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалық-педагогикалық топтастыруда тіл бұзылыстарын үш жақтан қарастыруға болады: медициналық аспекті сөйлеу анализаторының қайсысы зақымдалған, қай бөлігінде және күрделігі қандай денгейде екенін қарастырады.
Осыған байланысты тіл бұзылыстары орталық немесе шеткі; фукционалды немесе органикалық бұзылыстар деп бөлінеді.
Психологиялық аспектісөйлеу тілінің коммуникативтік қызметі қаншалықты бұзылғанын; әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалардың тұлғалық ерекшеліктерін; болжауы қандай болатынын қарастырады.
Логопедиялық аспекті – сөйлеу тілінің қай құрылымы зақымдалғанын қарастырады.
Бұл топтастыру бойынша барлық сөйлеу тілі бұзылыстары екі топқа бөлінеді: 1-ші топ - ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы, 2-ші топ - жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.
Қорытынды: клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен логопедияның әрекеттестігіне негізделген. Бұл классификацияда психологиялық – лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. Солардың негізінде негізгі топтар, тіл бұзылыстарының түрлері, формалары ажыратылады. Осы критерийлер тіл бұзылыстар жайында толық көрініс береді.


Психологиялық- педагогикалык топтастыру кейіннен сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі) ескерілген.
Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқа бөлінеді:

  1. қарым-қатынас құралының бұзылуы;

  2. қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.

Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:
- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына әсерін тигізбейді, коммуникативті функциялары сақталады;
- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) - фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықтарының салдарынан әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. Ол балаларда есту және ойлау қабілеті сақталған.
- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика).
Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс және тиімді бағытын анықтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет