Сөйлеу тілінің дамуы



бет1/6
Дата12.09.2022
өлшемі22,67 Kb.
#38870
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ СТЖ 1-2


  1. СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ



Сөйлеу тілінің дамуы
1. Сөйлеу тілі дамуы адамның жалпы дамуының көрсеткіші ретінде. Сөйлеудің психолингвистикалық негіздері.
2. Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері.
3. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезеңі.
4. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңі.
5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі.



    1. Сөйлеу тілінің дамуы - адамның жалпы дамуының көрсеткіші.

Сөйлеудің психолингвистикалық негіздері

Сөйлеу тілінің дамуын, сөйлеу тілінің бұзылуын және оны түзетуді зерттеуден бұрын, «сөйлеу тілі» және «тіл», «ана тілі» деген ұғымдарды нақты түсіну қажет. Тіл - ұғымдық мазмұнын және типтік дыбыстануын сәйкестіретін, объективті түрде қолданылатын, әлеуметтік бекітілген таңбалар жүйесі және сол таңбаларды пайдалану ережелердің жүйесі.


Ал сөйлеу тілі - тілді қолданудың психофизиологиялық үрдісі. Тіл - қарым-қатынас құралы, сөйлеу тілі - қарым-қатынас үрдісі. Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері - дыбыстар, сөздер және грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтық және монологтық деген екі тұлғасы кіреді. Диалогтық сөйлеу тілі екі немесе бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде кезектесіп сөйлеуден құ-ралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологтық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің байланыстыра баяндауы. Монологтық сөйлеу тілінің ерекшелігі - дәлелдеп сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безен-діру. Кемістігі бар тілде диалогтыққа қарағанда монологтық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Сөйлеу тілі екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары - бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар құрғанда пайда болады, ойлану арқылы қалыптасады. Сыртқы сөйлеу тіліне көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін естіртіп, сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі сөйлеу тілі арқылы ойдың сөзге айналуы барысы және сөз сөйлеуге дайындығы морфологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше жайды көрсетеді. Бірінші жай - фонетикалық есту қабілетінің дамуы және ана тілі фонемаларын сөйлеуде қолдану. Екінші жай - сөздік қорын және синтаксистік нормала-рын меңгеру. Үшінші жай - сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру. Адамның сөйлеу қызметі оның психикалық дамуында маңызды рөл атқарады.
Сөйлеу қарым-қатынасының толыққанды болуы адамның әлеуметтік қатынастарының іске асуының алғы шарты болып, оның бала кезінен қоршаған дүние туралы түсі-ніктерін кеңейте түседі. Баланың сөйлеу тілін меңгеру оның жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бағыттайды, ұжым ішінде өзін дұрыс ұстауын және қатысуын жоспарлауға көмектеседі.
Ал сөйлеу тілі дамуының айқын ауытқуы бала үшін нағыз жағымсыз салдарын туғызады, олардын ішінде:
- баланың психикасы кешігіп дамиды;
- таным іс-әрекетінің жоғары деңгейлерінің қалыптасуы тежеледі;
- ерік-эмоциялық жағының бұзылуы пайда болады, ол тұлғалық ерекше қасиеттерінің қалыптасуына алып келеді (тұйық мінез, эмоциялық тұрақсыздық, сенімсіздік және т.б.);
- оқу мен жазуды меңгеруінде қиыншылықтарға тап болады, жалпы оқу үлгерімі төмендейді.
Сөйлеу тілі адамның туа біткен қабілеті емес, ол онтогенез барысында адамның дене және ойлау қабілеттерімен қатар дамиды, адамның жалпы дамуының көрсеткіші болып табылады. Баланың ана тілін меңгеруі белгілі заңдылықтарына бағынады және барлық балаларға тән ерекшеліктерімен сипатталады. Сөйлеу тілінің бұзылуын дұрыс түсіну үшін, қалыпты сөйлеу тілінің бір ізділік даму жолын нақты белгілеп, осы процестің заңдылықтарын және табысты болу шарттарын білу керек. Сонымен қатар, сөйлеу тілі дамуының әр кезеңін, әр «сапалық қарғуын» нақты түсіну қажет, өйткені бұл сөйлеу тілі дамуының ауытқуларын дер кезінде айқындауына және тіл кемістіктерін диагностикасын дұрыс өткізуіне мүмкіндік береді. Ал сөйлеу тілінің бұзылуын түзету үшін, түзету-тәрбиелеу жұмысының жоспары мен мазмұнын сауатты құрастыру үшін да міндетті түрде сөйлеу тілінің онтогенез барысында дамуын, даму заңдарын толық білу қажет.
Әдебиетте сөйлеу тілінің қалыпты дамуының кезеңдерін ғылыми түрде көп қарастырғандар: А.Н.Гвоздев, Г.Л.Розенгард-Пупко, Д.Б.Эльконин, А.А.Леонтьев, Н.Х.Швачкина, В.И.Бельтюков және т.б. Осы авторлардың монографияларында балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуы ең алғашқы балалық кезінен бастап толық сипатталған.
Олар сөйлеу тілі даму кезеңдерін түрлі тұрғыдан қарастырып, белгілейді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөз таптарын, сөйлем құрылысын, олардың грамматикалық формаларын біртіндеп меңгеруін зерттеді, осыған байланысты ол сөйлеу тілі даму кезеңдерін көбіне лексикалық-грамматикалық категорияларының дамуына байланысты ұсынды. Г.Л.Розенгард-Пупко сөйлеу тілінің қалыптасуында екі кезеңін белгіледі: 2 жасқа дейін - дайындық кезеңі және 2 жастан кейін - сөйлеу тілінің өз бетінше дамуы.
А.А.Леонтьевтің зерттеулеріне негізделіп, сөйлеу тілі дамуының негізгі кезеңдерін шартты түрде белгілеуге болады:
1. Бір жасқа дейін
2. Мектеп жасына дейінгінің алды
Алдындағы - 1-ден-3-ке дейін (алғашқы балалық).
3. Мектеп жасына дейінгі - 3-тен-7-ге дейін.
4. Мектеп жасындағы - 7-ден - 17-ге дейін.
Осы кезеңдерге қысқаша сипаттама берейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет