Сөйлеу тілінің дамуы


Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңі-нің



бет3/6
Дата12.09.2022
өлшемі22,67 Kb.
#38870
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ СТЖ 1-2

4 Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңі-нің алғашқы сатысында балалардың көпшілігінде дыбыс айтуының физиологиялық ақаулықтары сақталынады. Оның ішінде ысқырық, ызын, р және л дыбыстарын айту кемшіліктері көбірек кездеседі. 3-7 жас арасында баланың өз дыбыс айтуын есту бойынша бақылау дағдысы, дыбыс айтуын мүмкіндігінше түзету қабілеті дами түседі. Басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл кезеңде сөздік қорының қарқынды өсуі жалғасады. Баланың белсенді сөздік қоры 4-6 жасында 3000-4000 сөз көлеміне жетеді. Сөз мағыналары нақты анықтала береді және күрделенеді. Бірақ кейде сөздерді дұрыс қолданбау жағдайлары да кездеседі, ол көбіне балалардың өз бетінше сөздерді өзгертуінде көрінеді, баланың сөз шығармалығы байқалады.
Сонымен қатар, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы дамиды. Бұл кезеңде балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін бала сөйлеуінің мазмұны недәуір күрделенеді және көлемі де үлкейеді. Мұнын өзі сөйлемдердің құрылысын өзгертеді. А.Н.Гвоздев айтуынша, 3 жастағы баланың барлық негізгі грамматикалық категориялары калыптасады. 4 жастағы балалар сөйлеуде қарапайым және күрделі сөйлемдерді қолданады. Ең жиі қолданатындары - тұраулы қарапайым сөйлемдер. 5 жастағы бала салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді еркін пайдалана алады.
Осы жастағы балалардың сөйлеуі қысқа әңгімеге ұқсайды. Олар 40-50 сөйлемнен тұратын мәтінді мазмұндай алады, яғни олар монологтық сөйлеуді меңгере бастайды.
Сөйлеу тілі дамуының осы кезеңінде баланың фонематикалық қабылдауы әжептеуір дами түседі: алдымен бала дауысты мен дауыссыздарды ажыратады, одан кейін - жұмсақ және жуан дауыссыздарды, ал одан кейін - үнді, ызын және ысқырық дауыссыздарды. Әдетте, 5 жастағы бала барлық дыбыстарды ажыратады, яғни оның фонематикалық есту қабылдауы толық қалыптасады. Осы жастағы баланың барлық дыбыстарды дұрыс айтуы да қалыптасып бітеді.
5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі. Бұл кезеңінің басты ерекшелігі - баланың сөйлеу тілін саналы түрде меңгеруі. Балалар дыбысты талдауға үйренеді, сөйлеудің грамматикалық ережелерін меңгереді. Сөйлеудің жаңа түрі - жазбаша сөйлеу басты рөл атқарады. Бұл кезеңде сөйлеу тілі бағытты түрде жетіледі: балалар сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы қолданады.
Әрине, сөйлеу тілі дамуының айтылып кеткен кезеңдерінің шектері нақты және тұрақты болмайды, әр кезең келесі кезеңі-мен бір қалыпты жалғасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет