І- бөлім Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.
Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.
Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамынбайытып отырған. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор. Демек, тілдің негізгі қоры талай ғасырды басыныа кешіргендіктен, олар байырғы көне сөздер деп аталады.
Тілдегі сөздердің бәрі қосылып, тілдің сөздік құрамы дегенді жасайды. Тілдің сөздік құрамы үнемі дамуда, өзгерісте болады. Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты, әрі талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сөздік құрамы біркелкі болуы мүмкін емес.
Сөздік құрамда байырғы төл сөзднрге, шеттен кірген сөздер болуы заңды. Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар, оны қайсы біреулері күнделікті өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулері бұрынғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келеді.
Тіл тілдің өзара бір- бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете аладаы.
Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.
Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.
Білігілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.
Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.
Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.
Қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыиу, сөздік қорын молайту сияқты мәелелер бір- бірімен жүргізіеледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайту, тілдерін дамыту.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды.
С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.
Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов, Х.Арғынов, С.Рахметова Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасын игрітледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірмен байланыстырып сөйлем құрасыьруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әпекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды.
Сөздік қорды байытудың мазмұны мен жүйесі тармақшасында сөздік қорды байытудың ьла тілін дамытудағы маңызы, алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастыралтаын имекділіктер мен дағдылар қарастырылды.
Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білм берумен бірге оқушыны тілдік қарым- қатынасқа дарялау міндеті қойылады. Ол баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту; сөз , сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың ойында ұлттық танымды қалыптастыру.
Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.
Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады.
Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.
Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал- әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.
Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді. Бала әректтер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде ьайланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам писихкасы іс- әрекет үсьтінде дамып қалыптасады. Ал адам әреткетінің әрқайсысы) ойын, оқу, еңбек, және нұсқаулар) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.
Бұл теориялық пікірлер тіл дамту мәселесінде ерекше орны алмақ. Сөйлеу әрекетінің жүйелі мазмұнды болуы ақыл- ойы еңбегінің нәтижесімен бірге логкалық ой амалдары туралы( жинақтау, талдау, нақтылау, бстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қортындылау) дағдысына байланысты. Ал оны одан әрі дамыту, түрлі ойлау тәсілдеріне сүйене отырып жасайды. Демек, логикалық ойлау анализдеу мен синтездеуден, салыструдан дерексіздендіру мен ой қорытудан тұрады.
Сөйлеу әрекетінің дұрыс жүргізіліуі оқушыда психолгиялық категорилардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз- түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жианақтаудың жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз- ой арқылы түрлізаттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.
Тұжырымдай айтқанда, адамға қорашан ортадағы шындықты дұрыс тануға көмектесетін, әртүлі құбылыстардың бір- бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілірін анықтайтын ұғымдар логиклық ойау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.
Қазақ тілін игеру мұғалімнің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл- ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, құбылыстардың өзара байланыстары дамыиуға байлансыты жұмыстарда балалардың жас ерекшелктерін мен жеке ерекшіліктері, олрдың зейін, ес, ойлау, қабалдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.
Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р. Лурия осы психологтар баситауыш метеп оқушыларының ерекшеліктеріне байланысты зейіннің тұрақтылығының әлсіздігін ескертеді. Осыған байланысты мұғалім оқушы зейінін сабақ материалдарның ауытқуымен тәрбиелеуі керек. Бұл тіл үйренуді жеңілденетін мәселеге жатады. Психолог пен педагог ғалымдарының пікірінше оқушының сөйлеу тілін дамытту, оны жазбаша тілін,ғ сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқыту да оқушылардың жас еркешеліктерін ескеріге негіздейді.
Баланың сөздік қорын қалыптастыру туралы Л.С.Выготский, А.Н. Люблинская баланың психолгиялық үрдістерін дамытуға, олардың түрлі іс- әрекеттерін жетілдіруге сөздің әсері туралды А.Р. Лурия; ал сөздің дбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнініде Н.В.ИхвачкинА.В.Гвоздев граматикалық ерекшеліктердің бала тілінде қалыптастыру үрдістері жөніндегі Ф.А. Сохин, И.Н.Попова сөздік қорды меңгеру заңдылықтары туралы Н.А. Рыбникова, К.И.Чуковский еңбектерінің алатын ролі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |