Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру



бет5/5
Дата29.03.2023
өлшемі29,02 Kb.
#77196
1   2   3   4   5
5 тапсырма. «Оң-солды бағдарлау»
а) қарапайым бағдарлау:
Нұсқау: Сол қолыңды көтер (міндетті түрде сол қолдан бастайды). Оң көзіңді көрсет, сол аяғыңды. Егер бұл тапсырманы дұрыс орындаса, онда келесі тапсырмаға көшуге болады, орындамаса-тоқтатылады.
ә) Хэдтің сөйлеу сынағы.
Нұсқау: сол қолыңмен оң құлағыңды ұста, оң қолыңмен оң құлағыңды, оң қолыңмен сол құлағыңды, оң қолыңмен сол көзіңді көрсет.


6 тапсырма. Сериялы сурет бойынша әңгіме құрау.
Нұсқау: суретте не бейнеленгенін айтып бер (егер айта алмаса немесе тек кейбір кейіпкерлер, заттарды ғана атаған жағдайда суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды).
Зерттеу нәтижесінде алынған деректерді талдау барысында дислексияға бейімдігі анықталады.
Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру

Сөйлеу тілінің шапшандығы мен жаттықтығын тексерген кез­де оның тұтықпаға байланысты ерекшелігі байқалады. Логопед тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу /клоникалық/ дейтін немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу /тоникалық/ дейтін түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аударады. Тұтықпаның кейде дірілдеуі басым, кейде құрысуы басым болып келетін дірілдеп-құрысу, құрысып-дірілдеу сияқты араласқан түрлері болуы мүмкін.


Одан басқа, сөйлеу тілінің кібіртектенуінің жиілігін және шапшандығын, бірқалыптылығын, жылдамдығын, баяулығын анықтайды.
Тұтықпа біркелкі больш көрінбейді, ол өздігінен сөйлеу тіліндегі дағдысынан өте тез көрінеді. Тұтықпаны тексеруді нақ осыдан бастайды. Логопед әр түрлі сұрактарымен баланы белсенді сөйлеуге тартады. Осыдан кейін баланың өздгінен сөйлеу тілінің ерекшелігі туралы логопедтің жалпы түсінігі қалыптасып болған соң, енді сұракка жауап және окығанын айтып беру арқылы оқуындағы тұтығуды анықтау керек. Өлеңді жатқа айтқызуға да болады. Бұл, осы, былай айтканда, деген сияқты және тағы басқа сөйлеу тілін бүлдіретін керексіз сөздерді қайталауымен қосылып, басының, қолының, аяғының да ретсіз ілесе қимылдауларына назар аударады.
Сөйлеу тілін тексеру барысында белгілі болған ауытқулар тіркеледі және айтылуындағы кемістіктерді, жазылуындағы қателерді, сөйлеу тілінің оқуын немесе сөйлем құрамының бұзылуының үлгісін сипаттайтын мысалдар келтіріледі. Анықталған ауытқулар талданады, салыстырылады және қорытынды түрінде жазып тіркеледі.
Қорытынды - бұл баланың тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқулардың құрамы, демек қажетті педагогикалық шараларды белгілеуді болжамдауға мүмкіндік беретін тексерудің мәліметтерінің қыскаша талдануы.
Бұдан былай қарай логопедиялық анықтамаға әр оқушының істеген жұмысының нәтижесі жүйелі түрде іріктеліп отырылады. Күні бұрын белгіленген жеке дамыту-түзету жұмыс бағдарламасы дәлелденіп және толықтырылып отырылады, ал кейде оқу барысында анықталған, сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қорытындысы өзгереді.
Кейбір жағдайларда алғашқы тексеруден алынған мәліметтер мүлдем жеткіліксіз болып шығуы мүмкін. Баланы тексеру барысында мәліметтер, оның түзету жұмысы кезіндегі анықталған деректермен толықтырылады.
Сонымен, тексерулердің мақсаттары мен міндеттері баланың сөйлеу тілінің бұзылуын айқындау, оның сөйлеу тілінің толық дамымауының дәрежесі мен деңгейін анықтау, қайсысы бірінші реттік, қайсысы екінші реттік болатынын айыру, сөйлеу тілі бұзылуларының араларындағы өзара байланыстылығы мен біріне-бірі себепші болуы және тексерудің анықталған нәтижесіне байланысты жоспарлау, ақаулыққа ықпал жасайтын ең тиімді және үнемді жолды таңдау болып табылады. Бұндай тексеру үлкен ұқыптылықты және уақытты талап етеді. Баланы тексеру барысында сөйлеу тілінің дамуындағы анық­талған барлық ауытқуларды жазып тіркейтін сөйлеу тілі анықтамасы жасалынады.
Сөйлеу тілі анықтамасы балалардың жас ерекшеліктері мен сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып толтырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет