Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысын тексеру



бет4/5
Дата29.03.2023
өлшемі29,02 Kb.
#77196
1   2   3   4   5
Оқуын тексеру
Оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған сөйлемдерді пайдаланады, егер бала нашар оқитын болса, онда әріптерді оқып талдаудан бастайды.
Осы мақсатпен ысқырық және ызың, ұяң және катаң әріптерді атауды ұсынады, ал егер сөйлеу тілінің ақаулығына байланысты айта алмаса, онда ол әріптерді сөздің құрамынан немесе қолмен жазылған және таңбалы нұсқасын көрсетеді. Бала берілген әріптерді бірден танитын, танымайтынын анықтаудың манызы бар.
Бұдан кейін буындарды оқуды тексереді. Құрамында қатар тұрған дауыссыз және дұрыс айтылатын да, дұрыс айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін алдымен жәй сөйлемдерді, сосын дыбыстық және морфологиялық құрамы бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Оқытуға пайдалануға жарайтын сөздер: Марат, Рахат, Жанат, көрпе, тері, сағат, шана, тақия, қалпақ, қарлығаш, перде, дана, сабын, шапан. Бала оқыған сөздерін түсінетін, түсінбейтіндігін міндетті түрде тексеру керек. Бұны анықтау үшін оқыған сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына еңгізуді, сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды.
Түсінігін тексеру үшін бейнелі суреттердің және дыбыстың құрамы бойынша ұқсас сөздердің арнайы жиынтығын ұсынуға болады. Әрбір зат және әрбір сөз жеке-жеке анықтамаларда (карточкада) бөлек көрсетілген. Балаға анықтамада таңбаланған кез келген бір сөзді оқытады да, сол сөзбен аталатын затты басқа заттар бейнеленген суреттердің арасынан тауып алуды ұсынады. Мысалға берілетін сөздер мен соларға лайықты бейнелі суреттер: мысық, тышқан, қоян, түлкі, шалғы, бала, сағат, қасық, кітап, күрек. Одан кейін баланың білім деңгейіне сәйкес, мазмұны және көлемі оның түсінігіне оңай, әрі қолайлы, бірақ сыныпта қолданылмайтын жүйелі сөздерді және арнайы іріктеліп алынған қысқа мәтіндерді оқуын тексереді. Бала оқығанын қалай түсінгені сұраққа жауап немесе мазмұнын айтқызу арқылы міндетті түрде тексереді. Бұл әсіресе ауызекі сөйлеу тілін тексергенде сөздік қорының кедей екенін және сөйлем құрауының бұзылғанын анықтаған кезде маңызды.
Оқуын тексерген кезде баланың буынға бөліп немесе бүтін сөзді және жеке әріптерді іріктеп, олардан буын және сөз құрап оқитын ерекшеліктерін көрсету қажет. Оқу барысында бала аталған жеке әріптерді алмастыра ма, оның бұл алмастыруы сөйлеу тілінің бұзылуына сәйкес келе ме, басқа қателерінің ерекшеліктері қандай, оқуының шапшандығы және түсіну дәрежесі қандай деген сияқты қателерінің ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Оқуын тексеру барысында байқалғанның бәрі жазып алынады. Олар оқуының кемістіктерінің шығуына, сөйлеу тілінің фонематикалық бұзылуы мен жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының қайсысының себепші болатынын және оны жоюда ең тиімді тәсілді табуды, оқуындағы қиыншылықтан құтылудың әдісін аныктауға жәрдем береді.


Дислексияны ерте анықтау (А.Н. Корнев бойынша)
Бұл әдістеме 6-8 жастағы балаларды дислексиядан сақтандыру мақсатымен жалпылама тексеру барысында қолданылады. Арнайы құралдарды қажет етпейді. Тексеру уақыты 5-8 минут.
1 тапсырма. Ретімен айту.
Нұсқау: жыл мезгілін (апта, күндерін) ретімен айтып бер.


2 тапсырма. «Ырғақтар»
Нұсқау: Қазір мен тарсылдатамын, содан кейін сен дәл солай қайтала (қарындашпен немесе таяқшамен үстелді әр түрлі ырғақпен соғады).
Қарапайым ырғақтар – ІІ І ІІ ІІ І ІІ І ІІІ
Күрделі ырғақтар – ІІІ І І І ІІ ІІІ ІІІ


3 тапсырма. «Жұдырық - қолдың қыры - алақан»
Нұсқау: менің істегеніме қарап қайтала. Үш қимыл (жұдырық-қолдың қыры- алақан) үш рет қайталанады. Бала үш рет қайталау керек.


4 тапсырма. «Сандарды қайталау»
Нұсқау: Қазір мен бірнеше сандарды айтамын, ал сен сол ретімен қайтала. Тексеруші біркелкі дауыспен, интонацияны бұзбай үш сан айтады. Егер бала дұрыс айтса, онда 4 сан, сосын 5 сан айтқызылады.

Нұсқау: мен сандарды айтам, сен соңғы саннан бастап кері қайтала. Мысал келтіріп түсіндіру қажет. Мысалы, мен 1-2 деймін, сен 2-1 деп қайталауың керек. Алдымен 2, сосын 3, т.б. сандар беріледі.


Сан реттері.
Тура санау:
3-8-6, 6-1-2
3-4-1-7 6-1-5-8-6
8-4-2-3-9 5-2-1-8-6

Кері санау


2-5, 6-3
5-7-4, 2-5-9
7-2-9-6, 8-4-9-3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет