Сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру



бет3/3
Дата15.06.2023
өлшемі25,48 Kb.
#101735
1   2   3
Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті — балалардың бағытталған және ортақ іс- әрекетін ұйымдастыру. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз, байқамай қажетті білімдерді алады. Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.
5 жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады.
Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.
Қимылды ойындар. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді. Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логопедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс. Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.
Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады. Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.
Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін. Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.
Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі. Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.
Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық — рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау, оқыту, тәрбиелеу, түзету жұмыстарын жүргізу.
Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала әлі былдырлап жүрсе, онда ол логопедтің қарауына қаралғаны жөн..
Мектепке дейінгі мекемеде логопед,тәрбиеші,ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады.Мектепке дейінгі мекемеде логопедтік жұмыс бірнеше бағытты қамтиды.Бұл балалардың тіл бұзылыстарын алдын алу,қайталанған тіл бұзылыстарын болдырмау,Ата-аналардың көпшілігі баланың тілі дұрыс шығып, шықпағанына жете мән бермейді.Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып,соны қызық көретіндер де жетерлік.Олар мұны еркелік деп түсінеді.Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса,мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой,мектепке барғанша,әйтеуір сөйлер деп бейжай қарайды.Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес.1жасар бала кем дегенде 10 сөз айту керек,2 жаста сөздік қоры 300-ге жуықтайды.Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады.Сондықтан да кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен,онымен көбірек сөйлесуі керек.Онда да баланың былдырлауына еріп соның тілімен емес,түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.Баламен бір тілде ғана,яғни ана тілінде сөйлеу керек.Бірде қазақша,бірде орысша сөйлеген бала еркін сөйлеу қабілетінен айырылады.Әрі тілі мүкістенеді.Соның кесірінен дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды.Мұндай сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері де баланың дыбысты дұрыс айтуын кіші топ кезінен басқарып отыру қажет.Сабақ кезінде де ,балалармен серуен кезінде де балалардың сөйлеуіне назар аударып, анық, дұрыс сөйлеуін қадағалау керек.Сөйлеу тіл бұзылыстарын алдын-алу үшін мына бағыттарда жұмыс жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет