2 тәжірибе: аллюминийден жасалған ыдысты тазарту
Қажетті құралдар: алюминийден жасалған ыдыс, лимон, су, шүберек.
Алюминийден жасалған ыдыстың ішін лимонның жартысымен сүртіп, 10 минутқа қалтырып кеттім. Кейін сумен шайып, шүберекпен сүрттім. Лимон ыдысты тазартты.
Тұжырым: Ыдыс тазартқыштардың орнына лимон шырының қолдануға болады.
3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру
Қажетті құралдар: лимон, сым, мыс тиыны, шеге, вольтметр
Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиынды мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.
Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады.