Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы «Белгілі Е. Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі»


Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен өзара тығыз байланыс



бет8/8
Дата01.05.2023
өлшемі0,63 Mb.
#88681
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
нормативтік-құқықтық құжаттары

1. Сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен өзара тығыз байланыс.
2. Директордың тәрбие ісі және құқықтық ісі жөніндегі орынбасарларымен тығыз байланыс.
3. ИДН қызметкерлерімен байланыс.
4. Қорғаншы және қамқорлық органдарымен байланысы:
Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебiн алуды жүргiзедi және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негiзге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды, сондай-ақ оларды асырау тәрбиелеу және бiлiм беру жағдайларына одан әрi бақылау жасауды жүзеге асырады. 
Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөнiндегi заңды және жеке тұлғалардың қызметiне жол берiлмейдi.
«Неке және отбасы» Заңының 100-бабының 1-тармағында аталған балалар туралы мәлiметтер бар мекемелердiң (мектепке дейiнгi ұйымдар, орта бiлiм беретiн ұйымдар, емдеу және басқа да мекемелердiң) лауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға балалардың нақты тұрған жерiн хабарлауға мiндеттi. Қорғаншы және қамқоршы орган осындай мәлiметтер алған күннен бастап үш күн iшiнде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргiзуге және ата-аналарының немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендiгi фактiсi анықталған кезде баланы орналастыру туралы мәселе шешiлгенге дейiн оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердiң басшылары, баланы отбасы тәрбиесiне беру мүмкiн екендiгi белгiлi болған күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде бұл туралы осы мекеменiң тұрған жерi бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. 
Қорғаншы және қамқоршы орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған мәлiметтер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде баланы орналастыруды қамтамасыз етедi (осы Заңның 102-бабы) және баланы отбасына тәрбиелеуге беру мүмкiндiгi болмаған кезде орталықтандырылған есепке алу үшiн және кейiннен баланы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматының отбасына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдем көрсету үшiн осындай бала туралы мәлiметтi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бiлiм беру басқармасының органына жiбередi. 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
«Белгілі Е.Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі» КММ
Рахимова Замзагуль Талапкеровна




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет