Солтүстік және Орталық Африка, Шығыс және Оңтүстік Африка. Африканың аймақтары


Тақырыбы : Солтүстік Америка материгіне жалпы шолу



бет6/13
Дата07.09.2022
өлшемі265 Kb.
#38623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тақырыбы : Солтүстік Америка материгіне жалпы шолу.
1. Материктің географиялық орнына сипаттама
2. Пайдалы қазбалары.
3. Климаты топырағы және өсімдігі
4. Жануарлар дүниесі және халқы, физикалық географиялық аудандастырылуы.
1.Солтүстік Америка материгінің негізгі орографиялық элементтері субмериандық бағытта созылып жатыр. Батыста 9000 км Кордильер тау жүйесі және шығыста Аппалач тау жүйесі созылып жатыр. Солтүстік Америка жер көлемі бойынша 3-ші орындағы материк болып табылады. Жалпы көлемі аралдарымен қосылып есептегенде 24250мың шаршы шақырым. Материктің шеткі нүктелері: солтүстігінде Мерчисон (71°51´с.е.), оңтүстігінде Марьято(7°12´с.е) , батысында Принц Уэльский (168 б.б), шығысында Сент- Чарльз (55°40´б.б).
Солтүстік Америка жағалауын үш мұхит шайып жатыр: Атлант, Солтүстік мұзды, және Тынық мұхит. Материктің шығыс және солтүстік жағалауларын теңіздер ішкерілеп кіпіп күшті бқлшектеп жіберген, ал батыс жағалау аз тілімденген.
Протерозой дәуірінің аяқ кезіңе қарай Қазіргі Солтүстік Америка материгінің орнында жан-жағынан геосинклиналдық белдеумен қоршалған аса үлкен платформа болғанОНфы солтүстігінде Арктикалық. Шығысында. Солтүстік шығысыман оңтүстік шығысында Атлантикалық геосинклиналдық белдеумен көмкерілген. Ежелгі Солтүстік Америкаплатформасы жазық жер бедері басым болып келетін тұрақты платформа болып табылған. Платформаның ең тұрақты бөлігінде – канада қалқаны, оның етегінде Лаврентий қыраты жатыр.Қалқанның оңтүстікке қарай жатқан территория Орталық Жазық деп аталады. Платформаның батыс бөләгәнде Кордильер тауымен шектесіп жатқан Ұлы жазық орналасқан.
2.Платформаның қойнауында пайдалы қазбалардың әдәуір қоры сирек . кездесетін рудаларға бай: мыс, никель және кобальт. Үлкен кқлдер аймағында уран рудаларының қорлары жатыр. Алтын шығатын кен орындары архей дәуірінің граниттері бар жерлдерде Орталық жазық алабында платформаның тұнба шқгәнділерінде тас көмір мен мұнай, қоның көмір кездеседі.
3.Климаты Солтүстік Америка оған жататын аралдарымен қоса солтүстік
ендіктің 83 және 7 градус аралығында жатыр., яғни солтүстіктен оңтүстікке қарай солтүстік жарты шардың экваторлық белдеуден басқа белдеудің барлығын қамтиды. Сонымен бірге материктің мейлінше енді және кқлемді бқлігі субарктикалық белдеулерде, ал ең аз бөлігісубтропиктік белдеуде жатыр. Тропиктік және субэкваторлық белдеулер шегінде Солтүстік Американың жіңішкерген оңтүстік бөлігі, ал арктикалық белдеу солтүстік араладарды қамтиды. Климаттың атмосферадағы айналым ағынының жағдайларымен негізгі көрсеткіштердің бөлінуі бүкіл материк көлемінде жыл мезгілдеріне қарай бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Қыстыгүні материк үстіндегі температураның таралуы мұхиттардың мұхиттардың әсекрінен гөрі күн радиациясына көбірек байланысты болып келеді. Орташа температура қыс айларында –12-18°, жауын-шашын қар түрінде түседі . Жауын –шашынның ең көп түсетін жері Тынық мұхит жағалауының қоңыржай және субтропиктік ендіктері. Жаз айындағы Солтүстік Американың үлкен бөлігі қатты ысиды. Жаз айларының орташа температурасы +18+20°. Жауын – шашын ең аз түсетін Калифорния штатындағы Өлім алқабы. Көп түсетін бөлігі Оңтүстік Панама жағалауы 3000мм дейін.
Ішкі сулары. Солтүстік Америка ағын судың жылдық жалпы көлемі жөнінен тек өана Австралияны, Антарктиданы және Африканы басып озады. Солтүстік Америка өзендерінің көпшілігі Атлант мұхитына, ал шамалы ғана бөлігі Тынық және Солтүстік мұзды мұхит бассейніне кіреді. Солтүстік Америка өзендері энергетикалық бай, көптеген өзендері мен көлдері транспорт қатынасы үшін маңызы зор. Солтүстік Америка өзендерінің көпшілігіжаңбыр суыменн қоректенеді. Өзендер қыста қатады, жазда толып арнасынан асып кетеді. Көлдер негізінен материктің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінде тұщы су қоры өте мол.
Солтүстік Америка аса маңызды ірі су жүйесі - Миссисипи. Оның ұзындығы өзінің ең ірі саласы Миссуриді қоса алғанда 6420км. Миссисипидің су жинау алабының көлемі 3228мың шаршы шақырым. Миссисипи үндістер тілінен аударғанда су атасы деген сөзді білдіреді. Миссисипидің ағын режиміде өте күрделі. Шаруашылықта маңызы өте зор,20мың км –ге жуық учаскесі кеме қатынасы қолайлы.
Солтүстік Американың маңызды су жүйесі – Ұлы көлдер мен Әулие лаврентий өзені. Ол бірі кқлдер жүйесінен тұрады ( Жоғарғы, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио). Мен көптеген шағын көлдерді қамтиды. Олардың жалпы аумағы 246050 шаршы шақырым. Көлдің суы Атлант мұхитына Әулие Лаврентий өзені арқылы өзі аттас шығанаққа барып құяды. Өзен ұзындығы 3130км.
Топырағы және өсімдігі. Солтүстік Американың басым көпшілігі болып табылатынсолтүстік бөлігі Голарктикалық әлем шеңберіне, ал одан аздау оңтүстік бөлігі Мексиканы және Америка Құрама Штаттарының қиыр оңтүстігін қамтитын бөлігі Неотропикалық әлем шеңберіне жатады. Голарктикалық патшалық бірнеше аймақтарға бөлінеді: Циркумбореалдық, Атлантика –Солтүстік Америка, Сеңгін таулар және мадре. Неотропикалық патшалық аймақ Кариб теңізі аймағына бөлінеді. Солтүстік Америкада топырақ түрлерінің 29 түрі кездеседі. Табиғи зонаның 26 түрі кездеседі.
4. Жануарлар дүниесі. Солтүстік Американың үлкен бөлігінің зоогеографиялық жағдайы Евразия жақын және Голарктикалық зоогеографиялық аймақ шеңберіне енеді. Голарктикалық зоогеографиялық аймақжер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты 4 кіші аймаққа бөлінеді. Арктикалық, Циркумбореалдық,3 батыс Америка және Шығыс Америка. Қазіргі түрлері Солтүстік Америкағада, Евразияға да тән тарап кеткен. Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында плиоцен кезеңінен бері қарай пайда болған құрлық арқылы байланыс екі материктің жануарлар дүниесінің неотропикалық бөлігіне жатады.
Халқы. Солтүстік Америка халқы өзінің шығу тегі жағынан, антропологиялық ерекшеліктері мен саны жағынан бір біріне ұқсамайтын бірнеше топты біріктіреді: негізінен алғанда байырға халқы үндістер мен эскимостар, европалық басқыешылар ұрпағы, одан кейінгілері Европа елдерінен келгендері, Азиядан келгендер мен негрлер.
Физикалық географиялық аудандар: Артикалық аралдар, шығыс Америка, Кордильер. Орталық Америка, Орталық Жазық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет